Toggle Dropdown
Қазақстанның Даму Банкі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 178-II Заңы
Редакция 25.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi
Қазақстанның Даму Банкi (бұдан әрi - Даму Банкi) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам болып табылады. Даму Банкі ұлттық даму институты және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға уәкілеттік берілген банк болып табылады.
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) банкаралық кредит беру – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және бейрезидент банктеріне кредиттер беру;
2) жоба – инвестициялық жоба, экспорттық операция, лизингтік операция;
3) инвестициялық жоба – жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, оның ішінде активтерді, акциялар пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға бағытталатын инвестицияларды көздейтін жоба;
4) кредиттік құрал – Меморандумда айқындалған, Даму Банкінің қарыз алушыны қаржыландыру тәсілдері;
5) қайта құрылымдау – Даму Банкі алдындағы міндеттемелерді бұзған қарыз алушы және (немесе) үшінші тұлғалар іске асыратын инвестициялық жобаның экономикалық көрсеткіштерін қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешені, бұл сыйақыларды, айыппұлдар мен өсімпұлдарды алып тастауды және (немесе) қарыз алушының айналым капиталын қаржыландыруды немесе қайта қаржыландыруды және (немесе) Даму Банкінің талап ету құқықтарын қарыз алушыға беруді және (немесе) қарыз алушының жарғылық капиталына Даму Банкінің кіруін және (немесе) қарыз алушыға субсидияланған қарыз беруді және (немесе) инвестициялық жобаның экономикалық көрсеткіштерін қалпына келтіруге ықпал ететін өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін;
6) қарыз алушы – Даму Банкінен қарыз алған заңды тұлға;
7) мезониндік қаржыландыру – қарыз алушының акцияларына немесе капиталға қатысу үлестеріне айырбастау құқығымен реттелген қарыз беру;
8) Меморандум – осы Заңның 1-бабында көрсетілген ұлттық басқарушы холдинг бекітетін Даму Банкінің кредит саясаты туралы меморандумы;
9) синдикатталған қарыз – Даму Банкі синдикаттың басқа қатысушыларымен бірлесе отырып, бір банктік қарыз шарты негізінде жүзеге асыратын қарыз операциясы, бұл ретте банктік қарыз шарты бойынша синдикат қатысушыларының мүдделерін білдіру, сондай-ақ қарыз бойынша кредиттік әкімшілендіру синдикат қатысушыларының біреуіне тапсырылуы мүмкін;
10) субсидияланған қарыз – қаржыландырылу құны кредиттік құралдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін есептеу үшін Даму Банкі белгілейтін қарыз алу құнынан төмен белгіленетін қарыз. Субсидияланған қарыздар бойынша өлшемдер Меморандумда белгіленеді;
11) экспорттық операциялар – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және шығарылатын өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты.
2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу
1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар қызметін, банк қызметін және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерін реттейтін заңнамасы Даму Банкіне осы Заңмен және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін бөлігінде қолданылады.
3. Даму Банкiнiң инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функциясын орындауының, экспорттық операцияларды жүзеге асыруының, субсидияланған қарыз ұсынуының және қайта құрылымдауды жүзеге асыруының лимиттері, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртібі мен мерзімдері Меморандумда белгiленедi.
3-бап. Даму Банкінің мақсаттары мен мiндеттері
1. Даму Банкі қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
2. Даму Банкінің міндеттері:
1) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредит беруді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы орта мерзімді (бір жылдан бастап және одан көп мерзімге берілетін банктік кепілдіктерді қоспағанда, бес жыл және одан көп мерзімге) және ұзақ мерзімді (он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге) негізде, орналастырудан түсетін қаражатты эмитент Меморандумда айқындалған тәртіппен инвестициялық жобаларды іске асыруға жіберетін облигацияларды Даму Банкінің сатып алуы арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды дайындауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында аралық қаржыландыру;
2) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредит беруді, кредит желілерін, орналастырудан түсетін қаражатты эмитент Меморандумда айқындалған тәртіппен экспорттық операцияларды іске асыруға жіберетін облигацияларды Даму Банкінің сатып алуын қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы экспорттық операцияларды қаржыландыру;
3) мезониндік қаржыландыруды ұсыну, жобалық қаржыландыру, синдикатталған қарыз ұсыну, Даму Банкі қаржыландыратын жобаларды іске асыру шеңберінде қарыз алушылардың ағымдағы қызметін қаржыландыру;
4) басқа да кредит институттары ұсынатын қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ қоса қаржыландыру және банкаралық кредит беру, лизинг беруші ұйымдарға, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кредиттер беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына кредит беруді ынталандыру;
5) жобаларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.
4-бап. Даму Банкiнiң функциялары
Даму Банкiнiң функциялары:
1) Меморандумға сәйкес жобаларды іздестіру, iрiктеу және, қоса қаржыландыруды бірге алғанда, қаржыландыру;
2) қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға шарт негізінде банк сараптамасын жүргізу;
3) Даму Банкінің қызметі шеңберінде қарыз алуды жүзеге асыру;
4) мемлекеттік бағдарламаларды, жобаларды іске асыру шеңберінде халықаралық және ұлттық даму институттарымен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
5) Даму Банкi қарыз алушыларының қаржылық жай-күйінің және Даму Банкі қаржыландыратын жобалардың іске асырылуының мониторингі, оның ішінде қамтамасыз ету мониторингі;
6) Даму Банкі қарыз алушылары міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану;
7) мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қоса алғанда, мемлекеттiк емес қарыздарды алу, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу;
8) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеп тұрған өндірістерді сауықтыруы және қолдауы мақсатында оларға кредит беруге бағытталған бағдарламаларды іске асыру кезінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындау;
9) Даму Банкіне нысаналы қорландыру қаражатын берген жағдайда инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және сауықтыруды екінші деңгейдегі банктердің кейіннен жүзеге асыруы мақсатында екінші деңгейдегі банктерге қарыздар ұсыну;
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және Даму Банкінің жарғысында көзделген өзге де функциялар болып табылады.
5-бап. Даму Банкінің өкілеттіктері
1) Меморандумға сәйкес өзінің кредит саясатын анықтауға;
2) банк сараптамасының және қарыз алушының кредит қабілеттілігін талдаудың нәтижелері бойынша жобаны қайтарымдылық негізде қаржыландырудың орындылығын айқындауға;
3) банк сараптамасын жүзеге асыру үшін сарапшылар мен консультанттар тартуға;
4) Меморандумда белгіленген шекте заем қаражатын, оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заем қаражатын тартуға;
4-1) заем қаражатын қоса алғанда, қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында Меморандумда белгiленген шектерде және тәртiппен бос қаражатты орналастыруға;
5) жобаларды іріктеуді және Меморандумда белгіленген шектеулерді ескере отырып, қоса қаржыландыруды бірге алғанда, оларға кредит беруді жүзеге асыруға;
6) жиынтық көлемі Меморандумда белгіленетін өз кепілдіктерін беруге;
7) отандық және шетелдік банктердің және басқа да қаржы институттарының қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға;
8) ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғалардың оларды қаржыландыру жөніндегі агенті болуға;
9) қайта құрылымдауды жүзеге асыруға;
10) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруға қатысуға және (немесе) банк-агенттің және (немесе) кепілді басқарушының функцияларын орындауға құқылы.
6-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Даму Банкімен өзара қарым-қатынасы
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде банктерді, банк конгломераттарын және резервтік талаптарды пруденциялық реттеу, басшы қызметкерлердің келісуі, активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Даму Банкінің Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, қарыз алуды және қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында еншілес ұйымды құруға немесе оны иемденуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың, оның ішінде бейрезиденттердің капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру (кері қайтарып алу) тәртібіне қойылатын талаптарды орындауын бақылауды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының Даму Банкiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.
2-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ ҚЫЗМЕТI
7-бап. Даму Банкiнiң операциялары
Даму Банкі өз функциялары мен міндеттерін орындау үшін лицензиясыз ұлттық және шетелдік валютамен мынадай банктік және өзге де операцияларды:
1) қарыз операцияларын: резидент немесе бейрезидент заңды тұлғаларға төлем жасалу, мерзімдік және қайтарымдылық шарттарымен (Меморандумға сәйкес ел экономикасын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру шартымен) ақшалай нысанда кредиттер беруді;
2) резидент және резидент емес заңды тұлғаларға және секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде шығарылатын облигациялар бойынша ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілдіктер беруді;
3) резидент және резидент емес заңды тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілгерліктер мен өзге де міндеттемелер беруді;
4) аккредитивті ашу (қою) мен растауды және ол бойынша міндеттемелерді, оның ішінде Даму Банкі еншілес ұйымының тапсырмасы бойынша орындауды;
5) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ағымдағы, корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;
6) Даму Банкі немесе Даму Банкінің еншілес ұйымы қызмет көрсетілетін жобалар немесе мәмілелер шеңберінде жасаған шарттарда көзделген төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, Даму Банкі немесе Даму Банкінің еншілес ұйымы алдындағы міндеттемелерді орындау үшін ақшаны резервке алу мақсатында Даму Банкі қарыз алушыларының немесе Даму Банкінің еншілес ұйымы қарыз алушыларының, лизинг алушыларының және өзге де контрагенттерінің банк шоттарын ашуды және жүргізуді, оның ішінде Даму Банкінің немесе Даму Банкі еншілес ұйымының қарыздарын есепке жатқызу, лизинг нысанасына ақы төлеу, өзге де операциялары үшін, басқа да қарыздар мен қаражаттарды, оған қоса республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
7) ұлттық басқарушы холдинг тобына кіретін заңды тұлғалардың оларды қаржыландыру бойынша агенті болуы кезінде, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеп тұрған өндірістерді сауықтыруы және қолдауы мақсатында оларға кредит беруге бағытталған бағдарламаларды іске асыру кезінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындау кезінде банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
8) резидент және (немесе) бейрезидент заңды тұлғалардың Даму Банкі немесе Даму Банкінің еншілес ұйымы алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдауды, қаражатты есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
9) Даму Банкінің өтімділігін тарту мақсатында депозиттер қабылдауды, заңды тұлғалардың, оның ішінде банктердің банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
10) Даму Банкінің қарыз алушыларын, корреспондент-банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда, резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша олардың осы баптың 5)-9) тармақшаларында көзделген банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруды;
11) аударым операцияларын: резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
12) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдауды;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дилерлік қызметті;
15) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды;
16) өз мүлкін жалға беруді;
17) қолма-қол шетел валютасымен операцияларды қоспағанда, шетел валютасын айырбастау операцияларын;
18) Меморандумға сәйкес келетін мақсаттарда бағалы қағаздар нарығындағы қаржы консультанты мен андеррайтер қызметін;
19) мезониндік қаржыландыру беруді жүзеге асырады.
8-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-бап. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы
1. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар алуы тек қана ақылы, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық негiзде жүзеге асырылады.
2. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алатын заемдарды беру, пайдалану және қайтару тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
3. Бюджеттерден тартылатын заемдарды Даму Банкi Меморандумға сәйкес, сондай-ақ осы Заңның 4-бабының 9) тармақшасында көзделген жағдайда өзi дербес iрiктеу жүргiзетiн жобаларға кредит беру үшiн пайдаланады.
10-бап. Даму Банкінің кәсіпорындарды сауықтыруды жүзеге асыруы
Даму Банкіне нысаналы қорландыру қаражаты берілген жағдайда, инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және сауықтыруды екінші деңгейдегі банктердің кейіннен жүзеге асыруы мақсатында Даму
Банкі контрагент-банктерге арналып белгіленген лимиттер шеңберінде екінші деңгейдегі банктерге
қарыздар береді.
Кәсіпорындарды сауықтыру мақсатында Даму Банкінің контрагент-банктерге арналған лимиттерінен асып кеткен жағдайда, сондай-ақ өзге де жағдайларда Даму Банкі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеп тұрған өндірістерді сауықтыруы және қолдауы мақсатында оларға кредит беруге бағытталған бағдарламаларды іске асыру кезінде сенім білдірілген өкіл (агент) болуға құқылы.
11-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-бап. Даму Банкiнiң қарыздар беруi
1. Даму Банкі қаржыландыруды Меморандумда айқындалған шарттарда, тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
Берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасы қарыз берудің құнын және Даму Банкінің операциялық шығыстарын ескере отырып есептеледі.
Даму Банкі органдарының қаржыландыру туралы шешімдерді қабылдау жөніндегі құзыреті Меморандумда және Даму Банкінің жарғысында айқындалады.
2. Даму Банкі беретін қарыздар, болашақта келіп түсетін мүлік кепілін, оның ішінде күтілетін жүйелі ақшалай түсімдерді, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті, тиісті мүлікке талап ету құқықтарын (мүліктік құқықтарды) қоса алғанда, кепілмен, кепілдікпен, сақтандырумен және Меморандумға сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс басқа да тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.
Даму Банкі жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларға қарыздар беруге, сондай-ақ мезониндік қаржыландыруды және қамтамасыз етпей банкаралық кредит беруді жүзеге асыруға құқылы.
3. Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін және тізбесін акционерлердің жалпы жиналысы бекітетін инвестициялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуының шарттары мен тәртібі Меморандумға сәйкес айқындалады.
Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғаларға, сондай-ақ жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынудың шарттарын айқындау және (немесе) өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында және Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген Даму Банкімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдік шарттарын беруге тыйым салу және көрсетілген тұлғалармен мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі қолданылмайды.
4. Даму Банкінің лизингтік қызметті жүзеге асыруы туралы, жарғылық капиталдарына Даму Банкі қатысатын заңды тұлғаларға кредит беру, олардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер мен кепілгерліктерді беруі туралы шешімдерді Даму Банкінің директорлар кеңесі Меморандумға сәйкес бекітеді.
12-1-бап. Даму Банкінің жобалық қаржыландыруды жүзеге асыруы
Даму Банкі жобалық қаржыландыруды Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға құқылы.
Даму Банкінің жобалық қаржыландыруы арқылы жүзеге асырылатын жобаларға қойылатын талаптар, жобалық қаржыландыру кезінде қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері Меморандумда белгіленеді.
13-бап. Даму Банкiнiң заемдарды тартуы
1. Даму Банкi қарыз алуды заемның қайтарылуын өз активтерiмен қамтамасыз ете отырып немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен жүзеге асырады.
1-1. Даму Банкi шығарған борыштық бағалы қағаздар ол Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес қаржы агентi мәртебесiн алған кезден бастап агенттiк облигациялар болып табылады.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздарды және Даму Банкiнiң басқа да борыштық мiндеттемелерiн орналастыруға, өтеуге және олар бойынша сыйақылар төлеуге байланысты бүкiл қызметтi немесе оның бiр бөлiгiн агенттерге сенiп тапсыруға құқылы.
14-бап. Даму Банкiнiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы
1. Даму Банкi Меморандумға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
1) Даму Банкi бұрын кепiлге ресiмдеген заңды тұлғалардың қатысу үлесiнен немесе акцияларынан оларды одан әрi өткiзу мақсатында өндiрiп алған;
2) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары (қор биржасы, орталық депозитарий) құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқан;
3) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша лизинг беруші ұйымдардың және өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысқан;
4) инвестициялық жобаларды қаржыландыру шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қайта құрылымдауға, сондай-ақ мезониндік қаржыландыру кезінде қарыз алушылардың жарғылық капиталдарына қайта құрылымдауға, қатысқан жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қайта құрылымдауға, қатысады.
2. Жарғылық капиталына Даму Банкі жүз процент қатысатын ұйымдардың басқару органдарында тәуелсіз директорлардың болу қажеттігін Даму Банкі дербес айқындауға құқылы.
14-1-бап. Даму Банкі қатысатын бас қаржылық келісім
Даму Банкі қатысатын бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).
Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.
15-бап. Даму Банкiнiң қызметiн шектеу
1) жеке тұлғаларға, кредиттік серіктестіктерге, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушыларға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына кредиттер, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша банктік кепілдіктер, кепілгерліктер және ақшалай нысанда орындалуы көзделетін өзге де міндеттемелер беруіне; нысанда орындалуы көзделетін өзге де міндеттемелер беруіне;
2) жеке тұлғалардың депозиттерін тартуына және жеке тұлғаларға банк шоттарын ашуына;
3) мерзімдік, төлем жасау, қайтарымдылық қағидаттарын сақтамастан қарыздар беруіне;
4) жеке тұлғаларға есептік-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруына;
5) бұрын тартылған қарыздар бойынша мерзімі өткен (бір жылдан артық) міндеттемелері болған кезде қосымша сыртқы қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады.
3-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ КАПИТАЛЫ
16-бап. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы
1. Даму Банкінің жарғылық капиталы кемінде екі жүз елу миллиард теңгені құрайды.
2. Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының параметрлерін (коэффициенттерін), олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемесін айқындайды.
Қаржылық тұрақтылық параметрлерінің (коэффициенттерінің) нашарлау жағына қарай күтілетін өзгеруі және параметрлердің (коэффициенттердің) кем дегенде біреуі бойынша шекті мәндерге қол жеткізу кезінде Даму Банкінің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес ұлғайтылуы мүмкін.
Жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де жағдайларда ұлғайтылуы да мүмкін.
Несие портфелінің активтерге ең жоғары арақатынасы Меморандумда белгіленеді.
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
17-бап. Даму Банкiнiң провизиялар (резервтер) қалыптастыруы
Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
18-бап. Дивидендтік саясат
Даму Банкінің дивидендтік саясатын акционерлердің жалпы жиналысы айқындайды.
4-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ ЕСЕБI, ЕСЕПТIЛIГI ЖӘНЕ ТӘУЕЛСIЗ АУДИТI
19-бап. Даму Банкiнiң есеп саясаты
1. Даму Банкiнiң есеп саясатын Даму Банкiнiң директорлар кеңесi бекiтедi.
2. Даму Банкі бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
1) ай сайын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға - республикалық бюджет ақшасының шығыстары туралы;
2) ай сайын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттер ақшасының шығыстары туралы;
3) ай сайын мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға - Даму Банкiне республикалық бюджеттен, тиiстi облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген заем қаражаттарының игерiлуi туралы есептілікті табыс етеді.
21-бап. Даму Банкiнiң аудитi
1. Даму Банкi қызметiнiң аудитiн (сыртқы аудитiн) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердiң жалпы жиналысы айқындаған аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3. Даму Банкiнiң жылдық қаржылық есептiлiгi аудит аяқталғаннан кейiн акционерлердiң жалпы жиналысында қаралып, бекiтiледi.
5-тарау. ДАМУ БАНКIН БАСҚАРУ
22-бап. Даму Банкiнiң акционерлерi
Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
23-бап. Даму Банкiнiң органдары
1. Даму Банкiнiң органдары мыналар:
1) жоғары органы - акционерлердiң жалпы жиналысы;
2) басқару органы - директорлар кеңесi;
3) атқарушы органы - басқарма;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес өзге де органдар.
2. Даму Банкi органдарының функциялары, өкiлеттiктерi мен қызмет тәртiбi осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және Даму Банкiнiң жарғысында белгiленедi.
24-бап. Директорлар кеңесi
1. Директорлар кеңесінің төрағасын қоса алғанда, директорлар кеңесінің мүшелері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімінсіз сайланады.
2. Директорлар кеңесін сайлау тәртібі мен оның өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес айқындалады.
1. Басқарма алқалы орган болып табылады және Даму Банкінің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
Басқарма төрағасы мен мүшелері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімінсіз сайланады.
Басқармаға басқарма төрағасы басшылық етеді.
Басқарма Қазақстан Республикасының Заңдарында және Даму Банкінің жарғысында Даму Банкінің басқа органдар мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған қызметтің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
2. Басқарманы сайлау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес айқындалады.
6-тарау. ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР
26-бап. Даму Банкiн мемлекеттiк баж төлеуден босату
Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
27-бап. Даму Банкiнiң жауапкершiлiгі және дауларды шешу тәртiбi
1. Даму Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiпте жауапты болады.
2. Даму Банкiнің, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, мемлекеттiк органдардың,заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
28-бап. Қадағалап ден қою шаралары
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган құзыретіне реттеу кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Даму Банкіне «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
Даму Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды оларда белгіленген мерзімдерде қадағалап ден қою шараларының орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының