• Мое избранное
Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284-II Заңы

Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006  жылғы № 209 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық жағдай – кеменің апатқа ұшырауына әкеп соққан және оның теңізде жүзу қасиеттерінен ішінара немесе толық айырылуына (жоғалтуына) алып келген, кеменің басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарын, жағалау құрылысжайын зақымдауына, кеменің сүйретіп жүзу объектісін жоғалтуына немесе зақымдауына, адамның қаза болуына немесе денсаулығына зиян келуіне, кемеден адамның жоғалуына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келуіне алып келген, кемемен болған оқиға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 249-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) авариялық жарна – жалпы авария жағдайында шығыстардың орнын толтыру үшiн жалпы авариялық шығыстардағы тасымалдаушының үлесiн төлеудi қамтамасыз ету ретiнде алушы оған жүкті берген кезде енгiзуге мiндеттi болатын ақша сомасы;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 249-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) алушы - жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүк алуға уәкiлеттi тұлға;
3) арнаулы персонал - экипаж мүшесi болып табылмайтын, кеменiң мақсатына байланысты бортта үнемi болатын адам (теңiздiң тiрi ресурстарын аулаумен және өңдеумен айналысатын, ғылыми, инженер-техник қызметкерлер, зертхана қызметкерлерi, жұмысшылар және басқалар);
4) бербоут-чартер - жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кеменi немесе бiрнеше кеменi жалдаушының иеленуiне және пайдалануына кемемен жалданушы келiсiлген ақы (жалдау ақысын) алып, белгiлi бiр мерзiмге беруге мiндеттенетiн жалға кеме беру (алу) шартының түрі;;
4-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2010  жылғы № 369-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
5) дағдылы маршрут - теңiз практикасында жалпы қабылданған кеме жүретiн маршрут;
6) демерредж - контрсталиялық уақыт үшiн төленетiн ақы;
7) диспач - кеменi жалдаушыға кемеге жүк тиеудi сталиялық уақыт бiткенге дейiн аяқтағаны үшiн төленетiн сыйақы;
8) диспаша - жалпы авария бойынша залалдар мен шығыстарды есептеуді және оларды жалпы теңiз кәсiпорнына қатысушы тараптар арасында бөлуді қамтитын, диспашер жасайтын құжат;
8-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2010  жылғы № 369-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
9) диспашерлер - теңiз құқығы саласында бiлiмi мен тәжiрибесi, бар, диспашаны анықтау жөнiнде есеп жасайтын тұлғалар;
10) есеп айырысу бiрлiгi - қарызға алудың арнайы құқығының Халықаралық валюта қоры белгiлейтiн бiрлiгi;
11) жалдау ақысы - жүктi тасымалдағаны үшiн алынатын ақы, сондай-ақ бербоут-чартер мен тайм-чартер шарттары бойынша берiлетiн сыйақы;
12) жалпы теңiз кәсiпорны - мүлiк (кеме, жалдау ақысы және жүк), жалпы авария бойынша шығындар соның есебiнен өтелуге тиiс;
13) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұратын және билетте немесе оның жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген, не тасымалдаушының келiсiмiмен теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша автокөлiк құралдарын, жануарларды және өзге де жүктi iлесе алып жүрудi жүзеге асыратын тұлға;
14) жолаушылар тасымалдайтын кеме - жолаушылар тасымалдауға арналған және он екiден астам жолаушы тасымалдайтын кеме;
15) жолаушылық куәлiк - жолаушылардың кемеге алуға жол берiлетiн ең көп саны туралы мәлiметтер бар кеме құжаты;
16) жөнелтушi - теңiз тасымалы шартына сәйкес жүк жөнелткен және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға;
17) жүзбелi бұрғылау қондырғысы - теңiз түбiндегi жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзбелi құрылыс);
18) жүк таситын кеме – жолаушы кемесі болып табылмайтын, жүктерді тасымалдауға арналған кеме;
18-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2010  жылғы № 369-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
19) инцидент - нәтижесiнде зиян келтiрген немесе сондай зиян келтiрудiң елеулi және тiкелей қаупi төнген оқиға немесе шығу жағдайы белгiлi дәрежеде ұқсас бiрқатар оқиғалар;
20) каботаж - Қазақстан Республикасының теңiз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы тиеу портынан (пунктiнен) түсiру портына (пунктiне) дейiн тасымалдау мен сүйретiп жүзу;
21) каюталық багаж - жолаушының белгiленген мөлшер мен көлем шегiнде өзiмен бiрге алып жүретiн, жинақы буып-түйiлген және каютаға немесе жалпы орындардағы сөрелерге еркiн орналастырылатын заттары;
21-1) кәсіби диплом – кеме экипажы мүшесіне берілген және оның біліктілігін растайтын диплом;
1-бап 21-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.01.2015 жылғы № 276-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2015 жылы № 8(28486) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
22) кеме - сауда мақсатында теңiзде жүзуге пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздiгiнен жүретiн немесе өздiгiнен жүрмейтiн жүзбелi құрылыс;
23) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараныз)
23-тармақша алынып тасталды ҚР 28.12.2010  жылғы № 369-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
24) кеме иесі – кеменiң меншiк иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан өз атынан кемені пайдаланатын тұлға;
24-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2010  жылғы № 369-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
25) кеме ипотекасы - мемлекеттiк тiркелуге жататын теңiз кемесiнiң, ішкі суда жүзетiн кеменiң, "өзен-теңiзде" жүзетiн кеменiң, сондай-ақ жасалып жатқан кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы;
25-1) Кеме қатынасының тіркелімі – кемелерді сыныптайтын және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
25-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2010  жылғы № 369-IV Заңына сәйкес
26) кемелердi лоцмандық алып өту - лоцман жүзеге асыратын кемелердi алып өту;
27) кемемен жалданушы - кеменi жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге кеме немесе бiрнеше кеме беретiн тарабы;
28) кеменi жалдаушы - кеменi жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге кеме немесе бiрнеше кеме берiлетiн тарабы;
29) кеменiң меншiк иесi - Кемелер мен оларға құқықты мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға;
29-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2010  жылғы № 369-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
30) кеменiң сыйымдылығы – кеменің текше метрмен не текше футпен есептелетін, оның жүк үй-жайларының көлеміне қарай тасымалдауға жүк мөлшерін қабылдай алатын мүмкіндігі;
30-тармақша өзгертілді ҚР 19.03.2010  жылғы № 258-IV Заңымен (30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
30-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2010  жылғы № 369-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
31) коносамент - тасымалдаушы жөнелтушiге беретiн және жүктiң тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат;
32) контрсталиялық уақыт - кеме сталиялық уақыттан тыс жүк тиелiп тұратын уақыт кезеңi;
33) қауiптi жүк - өзiне тән қасиеттерiне қарай тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өртенуiне немесе зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың мерт болуына, жарақаттануына немесе ауруына, қоршаған ортаға зиян келтiруге себеп болуы мүмкiн жүк;
34) лоцман - кеменi арқанға байлайтын, зәкiрге қоятын және портта кемелердiң орнын ауыстыратын жерге қауiпсiз жеткiзу саласында белгiлi бiр бiлiмi мен дағдылары бар маман;
35) лоцмандық қызмет - лоцманның (лоцмандардың) қызметi;
36) мұнай құйылатын кеме – мұнайды және мұнай өнiмдерiн тасымалдау және сақтау үшін жасалған немесе бейімделген жүк кемесі;
36-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2010  жылғы № 369-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
37) нақты тасымалдаушы - жолаушыны, багаж бен жүктi немесе оның бiр бөлiгiн тасымалдауды нақты жүзеге асыратын тасымалдаушы;
38) өткiзу коносаментi - тасымалдаушы жөнелтушiге беретiн және жүктiң тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат, онда тасымалдың бiр бөлiгiн басқа тасымалдаушының жүзеге асыруға тиiс екендiгi көзделедi;
39) порт айдыны - порттың гидротехникалық және басқа да құрылыстарының теңiз жағындағы ең алыс нүктесi арқылы өтетiн сызықпен шектелген немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес белгiленетiн Қазақстан Республикасының iшкi сулары;
39-1) порт құралдары - халықаралық рейстер жасайтын кемеге қызмет көрсететін теңіз терминалдары, сондай-ақ тоқтап тұру аудандарын, күту орындарын, теңіз портына кіреберістерді қоса алғанда, теңіз портының акваториясы;
1-бап 39-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 59-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
40) портта сүйрету - порт айдынында, соның iшiнде кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi портқа кiргiзу не оны порттан шығару үшiн сүйрету және маневрлердi орындау;
41) сауда мақсатында теңiзде жүзу - жолаушыларды, багаж бен жүктi кемемен тасымалдау жөнiндегi қызмет, сондай-ақ өздерiне жүктелген міндеттерді орындау үшiн пайдаланылатын әскери кемелердi және шекара корабльдерін, катерлерін қоспағанда, кемелердi өзге де коммерциялық және коммерциялық емес (гидрографиялық, ғылыми, гидротехникалық, құтқарушылық және басқа) мақсаттарда пайдалануға байланысты қызмет;
41-тармақша  өзгертілді ҚР 22.10.2004  жылғы № 601 Заңымен (17.01.2002 ж. редакцияны қараңыз)
41-тармақша өзгертілді ҚР 16.11.2020 жылғы № 375-VI Заңымен (13.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.11.2020 жылдан бастап)