Toggle Dropdown
Әділет органдары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы № 304-ІІ Заңы
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
3-бап. Әдiлет органдарының мiндеттерi
Әдiлет органдарының мiндеттерi:
1) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын үйлестіру, сондай-ақ жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің орнықты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;
1-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттің реттеушілік саясатын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;
2) Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету;
3) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;
3-1) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
3-2) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
4) заң көмегін ұйымдастыру және көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
5) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
7) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру;
9) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асыру;
9-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-3) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
9-4) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
10) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.
4-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң принциптерi
1. Әдiлет органдарының қызметi:
2) қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау;
3) жариялылық, құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасау;
4) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне тәуелсiз болу;
6) әдiлет органдары жүйесiнiң бiртұтастығы принциптерiне негiзделедi.
2-тарау. Әділет органдарының жүйесі және оның қызметін ұйымдастыру
5-бап. Әділет органдары жүйесі
1. Әділет органдарының бірыңғай жүйесін мыналар құрайды:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін;
аумақтық әдiлет органдарын, бөлімдері мен мекемелерiн қамтитын әділет органдары;
2) мекемелер және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар.
6-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қазақстан Республикасы Укіметінiң құрылымына кiретiн, Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Әдiлет министрлiгiн Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі енгізген ұсынумен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді, реттеушілік саясатты іске асыруға жәрдемдеседі.
7-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің өкiлеттiктерi
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi (бұдан әрi - Министр) әдiлет органдарының жұмысына басшылық етудi жүзеге асырады және әдiлет органдарына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволардың, Әділет министрлiгіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнедi;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлiктен өкiлдiк етедi;