• Мое избранное

Отправить по почте

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423-II Заңы

Редакция 01.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 20.02.2006  жылғы № 128  Заңымен (08.07.2005 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 30.12.2009 жылғы № 234-IV Заңымен (07.05.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 15.07.2010  жылғы № 338-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-V Заңымен (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 27.04.2015 жылғы № 311-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.04.2015 жылы № 79 (28557) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) агент-банк – Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
2) жәбірленуші – көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адам;
3) зиянды өтеу резерві – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақысын және тиісті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын қоса алғанда, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының бастапқы біржолғы жарналары, қосымша жарналары және олардың бастапқы біржолғы жарналары, қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны не уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы есебінен, сондай-ақ резерв қаражатын инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылатын және резерв қаражатын инвестициялаудан алынған теріс инвестициялық кіріске азайтылған және резервті инвестициялауға байланысты шығыстарға азайтылған резерв. Зиянды өтеу резерві осы Заңда көзделген жағдайларда тек қана жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) оны жерлеу шығыстарын өтеу үшін пайдаланылады;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) инвестициялық комитет – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтеріне, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының алқалы органы;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) консультативтік комитет – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының мүдделерін білдіретін алқалы консультативтік-кеңесші орган;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) кредитор – осы Заңға сәйкес кепілдікті төлем алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не жәбірленушіге (сақтандыру төлемін алуға құқығы бар тұлғаға)келтірілген зиянды сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде өтеген және тиісінше, өзіне сақтандыру төлемін алу құқығы өткен өзге тұлға;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) қосымша жарна – осы Заңға сәйкес зиянды өтеу резервін қалыптастыру үшін сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін ақша сомасы;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1) қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы – уәкілетті орган өзіне қатысты сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы – өзіне қатысты соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген қатысушы-сақтандыру ұйымы;
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) міндетті жарналар – қатысушы-сақтандыру ұйымы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша төлейтін ақша сомасы;
10) өтініш беруші – сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша лицензия алуға және (немесе) қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы, есептік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлем – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) және (немесе) сақтандырылушының пайдасына төлейтін ақша сомасы;
12) сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері – Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері;
13) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша кепілдік төлем – «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайларына орай Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен төлейтін ақша сомасы;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі – сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыруының міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді, сондай-ақ таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыруының аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді алуға байланысты сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, осы Заңда көзделген ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылар болып табылатын сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері – осы Заңда көзделген жағдайларда, өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушіге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдарға төленетін ақша сомасы;
16-1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін және зиянды өтеу резервін қоспағанда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының активтері;
1-бап 16-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті капиталы – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры активтерінің мөлшері мен оның міндеттемелерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің мөлшері арасындағы айырмаға тең шама;
1-бап 16-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақысын және тиісті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын қоса алғанда, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті жарналары, олардың міндетті жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны не уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалынан Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша есебінен, сондай-ақ резерв қаражатын инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылатын және резерв қаражатын инвестициялаудан алынған теріс инвестициялық кіріске азайтылған және резервті инвестициялауға байланысты шығыстарға азайтылған резерв. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда ғана пайдаланылады;
17-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) сақтандыру шарты – сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтанушы сақтандыру ұйымымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасасқан шарт;
18-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19) таратылатын сақтандыру ұйымы – уәкілетті орган өзіне қатысты лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған қатысушы – сақтандыру ұйымы;
20) төтенше жарналар – осы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы;
21) үлгілік қатысу шарты (бұдан әрі – қатысу шарты) – осы Заңда белгіленген тәртіппен және талаптармен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен қатысушы-сақтандыру ұйымының арасында жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты;
22) шартты міндеттемелер – қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төтенше жарналарды төлеу үшін қалыптастыратын, қор алдындағы міндеттемелері.
2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар
2-бап өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясынанегізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Осы Заңның сақтандыру ұйымдарына белгіленетін талаптары, сондай-ақ осы Заңның кепілдік төлемдерді жүзеге асырудың негіздері мен тәртібін реттейтін ережелері «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандырудың кепілдік берілген түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады
2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау
2-тараудың тақырыбы өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау
3-бап өзгертілді ҚР 30.12.2009 жылғы № 234-IV Заңымен (07.05.2007 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-VЗаңымен (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
3-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары
3-1-бап өзгертілді ҚР 30.12.2009 жылғы № 234-IV Заңымен (07.05.2007 ж. редакцияны қараңыз)
3-1-бап өзгертілді ҚР 27.04.2012 жылғы №  15-V Заңымен (15.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)
3-1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-VЗаңымен (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3-1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
3-1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 168-VІ Заңына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Уәкілетті орган Қордың, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын, Қордың, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің Қордың қаржылық жағдайын нашарлатқан құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Қорға, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы.
2. Уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында осы Заңның 4-1-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттету түрінде қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) Қордың тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды Қордың басшы қызметкерiнiң лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімдi мынадай негiздердiң бiрi бойынша керi қайтарып ала отырып бiр мезгiлде қолданады:
1) Қордың меншікті активтерiн, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау тәртібі мен мөлшерiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан көп рет) бұзу;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) кепілдік төлемдерін, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеу, сондай-ақ жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу;
3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзуының өзіне белгiлi болған фактілері туралы уәкiлеттi органды бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан көп рет) хабардар етпеу;
4) өз функцияларын жүзеге асыру процесінде алынған қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметi туралы мәлiметтердi үшiншi тұлғаларға (уәкiлеттi органды қоспағанда) жария ету немесе беру;
5) Қордың аудиторлық есепте көрсетiлген кемшіліктерді Қор аудиторлық есептi алған күннен бастап үш ай iшiнде жоймауы;
6) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде қоятын талаптарын орындамау.
3-2-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-2-бап толықтырылды ҚР 30.12.2009 жылғы № 234-IV Заңымен (07.05.2007 ж. редакцияны қараңыз)
3-2-бап өзгертілді ҚР 15.07.2010 жылғы № 338-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
3-2-бап өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
3-2-бап алынып тасталды ҚР 02.07.2018 жылғы № 168-VІ Заңына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті
4-бап өзгертілді ҚР 30.12.2009 жылғы № 234-IV Заңымен (07.05.2007 ж. редакцияны қараңыз)
4-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Уәкілетті орган: