• Мое избранное

Отправить по почте

Электр энергетикасы туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II Заңы

Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.12.2024 ж., 01.01.2025 ж., 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 18.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңымен (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 11.04.2006 жылғы № 136 Заңымен (31.01.2006  ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (05.07.2006  ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 27.07.2007 жылғы №  316  Заңымен (29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 01.03.2011 жылғы № 414-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 04.07.2012 жылғы № 25-V  Заңымен (22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық бронь - адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға олардың қауіпсіз жай-күйін, сондай-ақ кезекші және күзет жарығы, күзет және өрт дабылдары, өрт сөндіру сорғылары, сутөкпелер, негізгі технологиялық жабдықты салқындату, байланыс және авариялық желдеткіш жүйелері ток қабылдағыштарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін технологиялық процесі толық тоқтатылған тұтынушы объектілерінің электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 89-VI Заңына сәйкес (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) авариялық бұзылыс - электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;
2-1) «Авария» режимі – Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің немесе оның жекелеген бөліктерінің орнықты жұмысын сақтау үшін жүйелік оператор енгізетін шара;
2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.11.2015 жылғы № 394-V Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2015 жылы № 220 (28698) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.11.2015 жылғы № 394-V Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2015 жылы № 220 (28698) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-3) бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
1-бап 2-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.11.2015 жылғы № 394-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2015 жылы № 220 (28698) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды,
2-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-4) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
1-бап 2-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 89-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (09.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-5) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы – реттеуші электр қуаты бар генерациялайтын қондырғы;
1-бап 2-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-6) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттық) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке олардың жеке тарифтерін айқындауға бағытталған процесс;
1-бап 2-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-7) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттыққа қатысушы) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуден өткен және қатысушы мәртебесін алған заңды тұлға;
1-бап 2-7-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-8) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы) – уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке және онымен үлестес тұлғаларға тиесілі заңды тұлға;
1-бап 2-8-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-9) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалған тариф;
1-бап 2-9-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-10) генерация-тұтынудың жоспарлы сальдосы – электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік графигінде жүйелік оператор бекіткен, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру мен тұтыну (операциялық тәуліктердің бір сағаты үшін) мәндерінің кВт. сағаттағы айырмасы;
1-бап 2-10-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-11) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 2-11-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-11-тармақша алынып тасталды ҚР 19.04.2023 № 223-VII Заңына сәйкес (06.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-12) генерация-тұтынудың нақты сальдосы – электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру мен тұтынудың (операциялық тәуліктердің бір сағаты үшін) нақты мәндерінің кВт. сағаттағы айырмасы;
1-бап 2-12-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.04.2023 № 223-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-13) гибридті топ – электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жиынтық үлесі кемінде жиырма бес пайыз болатын, бір энергия торабында орналасқан және уәкілетті орган бекіткен тәртіппен гибридті топтар тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тобы;
1-бап 2-13-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.04.2023 № 223-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-14) гибридті топ әкімшісі – гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын осы гибридті топ ішінде тұтынушыларға және (немесе) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында кейіннен өткізу (сату) мақсатында алуды (сатып алуды) жүзеге асыратын, гибридті топқа кіретін, сондай-ақ гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар үшін теңгерім провайдері болып табылатын заңды тұлға;
1-бап 2-14-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-15) гибридті топ тұтынушысы – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын және гибридті топтардың тізбесіне енгізілген тұтынушы;
1-бап 2-15-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-16) диспетчерлік технологиялық басқару – диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қолдануды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы хабарларын қабылдауға және өндеуге арналған процесс;
1-бап 2-16-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-17) жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – жобаны іске асыру үшін тартылған тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар сомасын қайтаруды және инвестицияланған капиталға рентабельділік нормасын қамтитын, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстеуге немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруін ескеріп жыл сайынғы индекстеуге жататын, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уәкілетті орган өткізген тендердің қорытындылары бойынша айқындалған тариф;
1-бап 2-17-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 04.07.2012 жылғы № 25-V Заңына сәйкес (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР 04.07.2012 жылғы № 25-V Заңына сәйкес (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) жасыл тариф – уәкілетті орган бекіткен жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы белгілейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатуына арналған тариф;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2) жасыл энергияны тұтынушы – электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан осы Заңға сәйкес айқындалатын жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) жүйелік авария - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөліктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектілері жұмысы режимдерінің авариялық бұзылысы;
6) жүйелік қызметтер көрсету – осы Заңға сәйкес жүйелік оператор көрсететін қызметтер;
6-тармақша өзгертілді ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңымен (09.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1) жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығы – жүйелік оператор мен электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері арасындағы жүйелік және қосалқы қызметтер көрсетуге байланысты өзара қатынастар жүйесі;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.04.2023 № 223-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-1-тармақша алынып тасталды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 89-VI Заңына сәйкес (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-тармақша алынып тасталды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 89-VI Заңына сәйкес (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-тармақша алынып тасталды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) инвестициялық бағдарлама - жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама;
12) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақша алынып тасталды ҚР 04.07.2012 жылғы № 25-V Заңымен (01.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2020 жылдан бастап)
13) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2016 жылғы № 34-VI Заңына сәйкес (21.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
13-тармақша алынып тасталды ҚР 04.07.2012 жылғы № 25-V Заңымен (01.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2020 жылдан бастап)
14) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14-тармақша алынып тасталды ҚР 04.07.2012 жылғы № 25-V Заңымен (01.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2020 жылдан бастап)
15) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
15-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңымен (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-1-тармақша алынып тасталды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-2) көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушы – электрмен жабдықтау немесе тұтыну, сондай-ақ нормативтік-техникалық ысыраптарды жабу мақсатында электр энергиясын сатып алатын заңды тұлға;
1-бап 15-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.11.2015 жылғы № 394-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2015 жылы № 220 (28698) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (09.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-3) күзгі-қысқы кезең – басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;
1-бап 15-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы;
17) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр қуатының резерві - шартта көзделген талаптарға сәйкес қажет етілетін құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге әзірлік дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;
18) қосалқы көрсетілетін қызметтер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен электр қуатының қажетті мөлшерлері мен реттеуші резервтері құрылымын қамтамасыз ету, активті және реактивті қуатты реттеу үшін, энергия жүйесін тогы жоқ жағдайдан шығару бойынша сатып алатын қызметтер көрсету;
18-тармақша өзгертілді ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңымен (09.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18-1) мемлекеттік техникалық инспектор – уәкілетті органның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнама талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;
18-2) нарық кеңесі – электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
1-бап 18-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.11.2015 жылғы № 394-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2015 жылы № 220 (28698) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды