Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 378 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 28.06.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 30.05.2014 жылғы № 586 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (19.04.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 949-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Технологияларды, техникалық құрылғыларды және материалдарды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға
сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын отандық және импорт өндірісінің өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдарына қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты
осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттары жобаларын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісу» мемлекеттік қызмет стандарты
осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 378 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулысымен бекітілген
«Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс, 7-қабат, № 701-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет), мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталықтар), www.e.gov.kz «электронды үкімет» порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-13-бабы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.emer.kz, «Рұқсат беру рәсімдері» бөлімі, «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімі);
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
3) Комитеттің немесе Орталықтың үй-жайларындағы стендтерде және ақпараттық тақталарда;
4) Порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 немесе 8 (7172) 74-98-22 және 8 (7172) 74-98-20 телефондары арқылы алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі – аттестат) беру не уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, электрондық құжат түріндегі мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алушы аттестатты қағаз жеткізгіште алу үшін Комитетке немесе Орталыққа жүгінген жағдайда, аттестат электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен бекітіледі және оған басшы қол қояды.
6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күнінен бастап – он бес жұмыс күнінен аспайды (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте Комитет мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады);
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - жиырма минут;
3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - жиырма минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Жұмыс кестесі:
1) Комитетте демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушылардың ыңғайлылығы үшін ғимаратқа кіреберісте хат-хабарды қабылдауға арналған жәшік орнатылған. Хаттар күн сайын сағат 18.00-де алынады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) Орталықтарда құжаттарды қабылдау еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап, сенбіні қоса алғанда, күн сайын белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады.
Жылжымалы орталықтар Орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты сағат құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.
Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезегі тәртібімен жүзеге асырылады.
3) Порталда - тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет мыналарда көрсетіледі:
1) Комитеттің ғимаратында. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсаттама бюросында берілетін бір реттік рұқсат қағазы арқылы жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсат қағазы құжаттарды қабылдайтын лауазымды адамның телефонмен берген өтінімі арқылы ресімделеді. Ғимаратта құқықтық тәртіпті сақтау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өрт автоматикасы жүйесі және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіске кіру жолы физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған;
2) мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтардың ғимаратында. Залда анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады. Ғимаратта физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жағдайлар (күту креслолары, стендтер) қарастырылған;
3) Порталда – мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде».
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |