• Мое избранное
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 25

Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223-III Заңы

Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 13.05.2020 № 327-VІ Заңына сәйкес (өзгеріс «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
Редакция 15.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң жеке, заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) үшiн сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың негiзiнде сәйкестендiру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мақсаттарын, мiндеттерiн, принциптерi мен құқықтық негiздерiн айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау разряды – жеке сәйкестендіру нөмірін құрайтын цифрлық символдардың реттілігін аяқтайтын, оның қалыптастырылуының дұрыстығын бақылауға арналған цифрлық символ;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi – заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген бизнес-сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;
2-тармақша өзгертілді ҚР 24.12.2012  жылғы № 60-V Заңымен ( 12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (18.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңына сәйкес (23.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі – жеке сәйкестендіру нөмірлері туралы ақпаратты және олар берілген жеке тұлғалар туралы мәліметтерді қалыптастыруға, есепке алуға, сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (18.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) мемлекеттiк уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сәйкестендiру нөмiрлерiн қалыптастыруды және сәйкестендiру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
6) сәйкестендiру нөмiрi - сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде белгiлi бiр тұлғаға қатысты мәлiметтер туралы жазбаны жүргiзуге мүмкiндiк беретiн сандық нышандар кезектiлiгi түрiнде көрсетiлген жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
7) сәйкестендiру нөмiрi бар құжат - тiркеу органы беретiн, сәйкестендiру нөмiрiнiң бар екендiгiн растайтын құжат;
8) сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру - нәтижесiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде жеке және заңды тұлғалар (филиалдар мен өкiлдiктер) туралы мәлiметтердiң негiзiнде уәкiлеттi орган сәйкестендiру нөмiрiн құратын процесс;
9) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi - жеке және бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң тiркеу есептерiн жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйелер;
10) тiркеушi органдар – мәлiметтердi тiркеудi және сәйкестендіру нөмiрi бар құжаттарды берудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасының осы бапта көрсетiлмеген арнайы ұғымдары осы Заңның тиiстi баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
3. Құжаттарда сәйкестендiру нөмiрлерiн көрсеткен кезде:
1) ЖСН - жеке сәйкестендiру нөмiрi үшiн;
2) БСН - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi үшiн ресми қысқарту болып танылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiкқұқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңына сәйкес (22.11.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасаудың, жүргiзудiң және сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың мақсаты мен мiндеттерi
3-бап өзгертілді ҚР 19.03.2010 жылғы №258-IV Заңымен (10.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасында сәйкестендiру нөмiрiн енгiзу негiзiнде белгiлi бiр тұлғаға қатысты мәлiметтердi тiркеудiң бiрыңғай жүйесiне көшу болып табылады.
2. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мiндеттерi:
1) мемлекеттiк органдардың ақпараттық дерекқорларына өзектi сипат беру және ақпараттың қайталануын болғызбау;
2) электрондық ақпараттық ресурстарды басқару мен пайдалану тетiгiн жетiлдiру;
2-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңымен (16.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
3) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынасын олардың жүгiнуi кезiнде рәсiмдердi жеделдету және оңайлату арқылы жетiлдiру болып табылады.
3. Жеке немесе заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) үшiн сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiндегi және мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттық жүйелерiндегi белгiлi бiр жеке немесе заңды тұлғаға (филиал мен өкiлдiкке) қатысты мәлiметтердi сақтау үшiн жүзеге асырылады.
4. Сәйкестендiру нөмiрi:
1) азаматтық хал актiлерiн тiркеу;
2) жеке басты куәландыратын құжаттарды беру;
3) жылжымайтын, жылжымалы мүлiк объектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын заттарға теңестiрiлген өзге де объектiлердi мемлекеттiк тiркеу;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 02.08.2015 жылғы № 342-V Заңына сәйкес 4-тармақша келесідей редакцияда әрекет етеді (ҚР 20.06.2017 жылғы № 76-VІ Заңының өзгерістерімен): Болашақ басылымның мәтінін көрсету
  • 1
4) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді орындау;
4-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2012 жылғы № 61-V Заңымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.11.2015 жылғы № 406-V Заңына сәйкес (ҚР 22.12.2016 жылғы № 29-VI Заңының өзгерісімен) (13.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
5) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарын және бейрезидент-заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарын қоспағанда, банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банктік шоттарды ашу және жүргізу;
5-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2012 жылғы № 61-V Заңымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
5-тармақша өзгертілді ҚР 05.12.2013 жылғы № 152-V Заңымен (21.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (13.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) рұқсат беру сипатындағы құжаттарды беру;
7) тiркеу сипатындағы құжаттарды беру;
8) әскери билеттi, офицердiң жеке куәлiгiн беру;
9) статистикалық тіркелімдерді жүргізу;
9-тармақша өзгертілді ҚР 19.03.2010 жылғы № 258-IV Заңымен (10.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
10) сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру;
11) сайлаушыларды сайлауларда және республикалық референдумдарға қатысу кезiнде тiркеу;
12) орталық мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттық жүйелерiн жүргiзу;
13) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) немесе филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу (қайта тiркеу);
14) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде;
15) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген басқа да жағдайларда қолданылады.
4-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң және сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың принциптерi
Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзу, сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру заңдылық, бiрлiк, мiндеттiлiк, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау, құпиялылық, электрондық ақпараттық ресурстардың тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-бап өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
5-бап алынып тасталды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (15.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
1) өз құзыретi шегiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау, жүргiзу және пайдалану жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;
2) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңына сәйкес (22.11.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 2
2-1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1-тармақша алынып тасталды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңына сәйкес (22.11.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2-тармақша алынып тасталды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңына сәйкес (22.11.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақша өзгертілді ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңына сәйкес (22.11.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттардың әзiрленуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;
5) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңына сәйкес (22.11.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап 6-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
7-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзу
1. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзу тиiстi ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етiледi.
  • 1
2. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, мекемелерінің және өзге де заңды тұлғаларының ақпараттық жүйелері үшін электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңымен (16.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399-VI Заңына сәйкес (13.05.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2021 жылдан бастап)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 22.11.2024 жылғы № 138-VIII Заңына сәйкес (21.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.07.2025 жылғы № 207-VIII Заңына сәйкес (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi:
1) сәйкестендiру нөмiрлерi туралы мәлiметтердi;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңына сәйкес (23.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) тiркеушi және басқа да мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелерден алынатын мәлiметтердi;
3) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң құрамына кiретiн мәлiметтердiң барлық өзгерiстерi туралы ақпаратты қамтиды.
8-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзудi жүзеге асыратын тіркеуші органдардың, мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi
8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ алынып тасталды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңына сәйкес (22.11.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тiркеушi органдар:
1) сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уақтылы ұсынуды;
2) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi ақпараттық жүйелерiнiң деректерiн толықтыру және өзектiлiк жағдайда ұстау үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынуды;
3) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрлерiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынуды жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Мемлекеттiк органдар және өзге де мемлекеттiк мекемелер:
1) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерiнiң деректерiн толықтыру және өзектiлiк жағдайда ұстау үшiн уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күні ішінде ұсынуды;
2) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрлерiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынуды жүзеге асыруға мiндеттi.
4. Сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерінде электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңына сәйкес (16.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
5. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2-тарау. СӘЙКЕСТЕНДIРУ НӨМIРIН ҚАЛЫПТАСТЫРУ,АЛЫП ТАСТАУ НЕМЕСЕ ШАРТТЫ ТҮРДЕ АЛЫП ТАСТАУ
9-бап. Сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру
1. Сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізуді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қамтамасыз етеді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (15.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Жеке сәйкестендiру нөмiрiн қамтитын интегралдық микросхема осы баптың 3-тармағының «2), 3), 4), 4-1), 5), 6), 7) және 9)» тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарға орналастырылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 29.01.2013 жылғы № 74-V Заңымен ( 26.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңымен (23.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
3. Мыналар:
3-тармақ өзгертілді ҚР 29.01.2013 жылғы № 74-V Заңымен ( 26.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) туу туралы куәлік;
1-1) баланың туу туралы медициналық куәлігі;
3-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.05.2024 № 86-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 22.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3-тармақша өзгертілді ҚР 10.12.2008 жылғы № 101-IV Заңымен ( 12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2009 жылдан бастап )
4) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
4-1) қандас куәлігі;
3-тармақ 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
7) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
8) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі;
8-тармақша өзгертілді ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) жол жүру құжаты жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттар болып табылады.
  • 1
4. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттар:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
2) резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;
2-тармақша өзгертілді ҚР 24.12.2012  жылғы № 60-V Заңымен ( 12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3) қызметiн филиал мен өкiлдiк арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн – филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;
3-тармақша өзгертілді ҚР 24.12.2012  жылғы № 60-V Заңымен ( 12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4) мыналар:
4-тармақша өзгертілді ҚР 10.12.2008 жылғы № 101-IV Заңымен ( 12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2009 жылдан бастап )
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.12.2017 жылғы № 122-VІ Заңына сәйкес (30.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының  8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;
Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының  9-тармағына сәйкес қызметін өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар  үшін тіркеу куәлігі болып табылады.
5. Мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеу, рұқсат беру және өзге де сипаттағы құжаттарды берген кезде сәйкестендiру нөмiрiн ескеруге мiндеттi.
5-тармақ өзгертілді ҚР 26.12.2012 жылғы № 61-V Заңымен ( 24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2013 жылдан бастап )
5-тармақ өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңымен 13.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
Банктер, бейрезидент-банктердің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сәйкестендіру нөмірін ескеруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қалыптастыру алгоритміне сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) есептеу алгоритміне сәйкес жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.
5-тармақтың екінші бөлігі өзгертілді ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру:
6-тармақ өзгертілді ҚР 29.01.2013 жылғы № 74-V Заңымен (26.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңымен (16.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн бірінші рет:
1-тармақшаның бірінші абзацы өзгертілді ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша өзгертілді ҚР 21.05.2024 № 86-VIII Заңымен (16.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
баланың туу туралы медициналық куәлігін;
туу туралы куәлiктi;
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін беру кезiнде;
2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін бірінші рет:
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша өзгертілді ҚР 21.05.2024 № 86-VIII Заңымен (16.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
баланың туу туралы медициналық куәлігін;
тіркеу куәлігін;
Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру кезінде;
2-1) этникалық қазақтар үшін қандас мәртебесін беру кезінде жүзеге асырылады.
6-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1-тармақша өзгертілді ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша өзгертілді ҚР 10.12.2008 жылғы № 101-IV Заңымен ( 12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2009 жылдан бастап)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бала асырап алу, сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының есептеу алгоритміне сәйкес келмеу жағдайларынан басқа, осы тармақта көрсетiлген құжаттарды қайтадан және одан кейiн беру кезінде жаңа жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру жүргізілмейді.
6-тармақтың екінші бөлігі өзгертілді ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру олар Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде және тіркеу органдарына тек жеке өзі жүгінген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басын сәйкестендіру мақсатында жүзеге асырылады.
7. Өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу жеке сәйкестендiру нөмiрi бойынша жүргiзiледi.
Өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде жаңа жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмейдi.
1) бiрлескен дара кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер үшiн бiрлескен дара кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде бiр мезгiлде;
2) резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн оларды тiркеу кезiнде бiр мезгiлде;
3) Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкiлеттiктер арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн оларды есептiк тiркеу кезiнде бiр мезгiлде;
4) мыналар:
4-тармақша өзгертілді ҚР 10.12.2008 жылғы № 101-IV Заңымен ( 12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2009 жылдан бастап )
4-тармақша өзгертілді ҚР 07.11.2014 жылғы № 248-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.12.2017 жылғы № 122-VІ Заңына сәйкес (30.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
4-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңымен 13.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының  8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының  9-тармағына сәйкес қызметін өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын;
филиал, өкілдік ашпай қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын;
Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін;
резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлғаларды мемлекеттік кірістер органында салық төлеушілер ретінде тіркеу кезінде жүзеге асырылады.
9. Сәйкестендiру нөмiрiнiң құрылымына кiретiн мәлiметтер өзгерген жағдайда қайта тiркеу рәсiмi жүргiзiлмейдi.
10. Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкiлдiктердiң) сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыруға арналған өтiнiштерiн тiркеу не қабылдау:
1) нақты болатын жері бойынша:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамының тұрғылықты жерi бойынша;
4) орналасқан жерi бойынша:
заңды тұлғалар (филиалдар мен өкiлдiктер) үшiн, соның iшiнде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн;
5) мүлкі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің)  650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын  бейрезидент-заңды тұлғаның өткізілген акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан көп пайызын құрайтын, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін резиденттің немесе консорциумның тұрған жері бойынша;
5-тармақша өзгертілді ҚР 10.12.2008 жылғы № 101-IV Заңымен ( 12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2009 жылдан бастап )
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.12.2017 жылғы № 122-VІ Заңына сәйкес (30.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
6) салық салу объектiлерiнiң орналасқан және (немесе) тiркелген жерi бойынша:
6-тармақша өзгертілді ҚР 10.12.2008 жылғы № 101-IV Заңымен ( 12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2009 жылдан бастап )
Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілерді сатып алатын және (немесе) оларға иелiк ететiн резидент еместер үшiн;
7) резидент-банктің, бейрезидент-банк филиалының орналасқан жері бойынша:
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (13.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттар ашатын және осы тармақтың 2) – 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жүргізілмейтін бейрезиденттер үшін жүзеге асырылады.
10-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау
10-бап өзгертілді  ҚР 29.01.2013 жылғы № 74-V Заңымен ( 26.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен жеке сәйкестендiру нөмiрi:
1-тармақ өзгертілді ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жеке тұлға қайтыс болғанда алып тасталады.
1-тармақша өзгертілді ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) тармақша алынып тасталыд (ескретуді қараңыз)
6-тармақша алынып тасталды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
2. Жеке сәйкестендiру нөмiрi:
2-тармақ өзгертілді ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңымен (23.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ол туралы мәлiметтер өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен, көлемде және мерзiмде ұсынылатын жеке тұлғаны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн;
2) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан кеткен кезде;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңына сәйкес (23.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеткен кезде;
2-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейін;
3-тармақша өзгертілді ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) соттың жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі күшіне енгеннен кейін;
2-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) жеке тұлға республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда;
2-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ 6-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (13.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша тармақша алынып тасталды ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңына сәйкес (23.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақша тармақша алынып тасталды ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңына сәйкес (23.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ 8-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақша тармақша алынып тасталды ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңына сәйкес (23.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) соттың бала асырап алу туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шартты түрде алып тасталады.
2-тармақ 9-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жеке тұлғаларды қайтадан және кейiннен тiркеу кезінде бұрын қалыптастырылған жеке сәйкестендiру нөмiрi бар құжат берiледi.
2-тармақтың екінші бөлігі өзгертілді ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңынмен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі соттың бала асырап алу туралы не жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің күші жойылғаннан кейін қалпына келтіруге жатады.
2-тармақ екінші бөлікпен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген жағдайда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі соттың бала асырап алу туралы шешімінің күшін жою туралы сот шешімінің күші жойылғаннан кейін қалпына келтіруге жатады.
2-тармақ үшінші бөлікпен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:
1) заңды тұлға (филиал, өкiлдiк) таратылған кезде;
1-1) қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі тоқтатылған кезде;
3-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) бiрлескен дара кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруды тоқтатқан кезде;
3) резидент емес заңды тұлғаның салық салу объектiлерiне және салық салумен байланысты объектiлерге құқығы тоқтатылған кезде;
4) бейрезидент-заңды тұлға резидент-банктегі, бейрезидент-банк филиалындағы ағымдағы шотын жапқан жағдайда;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (13.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан және Қазақстан Республикасынан кетiп қалған жағдайда алып тасталады.
4. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн шартты түрде алып тастау жүргiзiлмейдi.
5. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi негiзiнде жүргiзiледi. Алып тасталған немесе шартты түрде алып тасталған сәйкестендiру нөмiрлерi сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерiнiң базасында сақталуға тиiс.
11-бап. Мәлiметтер құпиясы
  • 1
1. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған, жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа, мәлiметтер:
1-тармақ өзгертілді ҚР 24.12.2012  жылғы № 60-V Заңымен ( 12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатының негiзiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерi деректерiн өзектiлiк жағдайда ұстау мақсатында тiркеушi органдарға ;
2) заңға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;
3) құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық белгiлеу туралы iстердi қарау барысында соттарға;
3-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (05.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
3-1) кредиттік тарих дерекқорын қалыптастыру мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға;
1-тармақ 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 168-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесінің және электрондық ақпараттық ресурстарының деректерін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына;
1-тармақ 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
3-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестердің тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына;
1-тармақ 3-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399-VI Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2021 жылдан бастап)
3-4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін жүргізу мақсатында орталық депозитарийге;
3-тармақ 3-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-5) заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттық сұрау салуды жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберу кезінде адвокаттарға;
1-тармақ 3-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.06.2021 жылғы № 49-VII Заңына сәйкес (өзгерту 21.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-6) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға;
1-тармақ 3-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.11.2021 жылғы № 73- VII Заңына сәйкес (өзгерту 30.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-7) электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық абоненттік пошта жәшіктері бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында Ұлттық пошта операторына;
1-тармақ 3-7-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-8) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және елді мекендер шекараларының шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясына;
1-тармақ 3-8-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.03.2023 жылғы № 207-VII Заңына сәйкес (өзгерту 16.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-9) нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың дерекқорын қалыптастыру және ақпараттық жүйеде олардың есебін жүргізу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына;
1-тармақ 3-9-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.11.2023 № 40- VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-10) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметі және алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын болғызбауға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында, сондай-ақ клиенттерді қашықтан биометриялық сәйкестендіру қызметтерін көрсету үшін банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығына;
1-тармақ 3-10-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.05.2024 № 86-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 22.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыру мақсатында ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне;
1-тармақ 3-11-тармақшамен толықтырылды ҚР 22.11.2024 жылғы № 138-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де реттерде мәлiметтердi беру жағдайларын қоспағанда, жария етуге жатпайды.
2. Жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпарат Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның келісімімен беріледі.
2-тармақ өзгертілді ҚР 24.12.2012  жылғы № 60-V Заңымен ( 12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (13.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Жеке және заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi қамтитын ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк дерекқорының құжаттарын немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi жоғалтуға, сол сияқты қызметтiк iс-әрекетiне байланысты аталған ақпаратқа қол жеткiзе алатын адамдардың оларды заңсыз өзгертуiне жол берiлмейдi.
12-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
13-бап өзгертілді ҚР 15.07.2010 жылғы №327-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларын, 9-бабы 5-тармағының екiншi бөлiгiн қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
1-тармақ өзгертілді ҚР 15.07.2010 жылғы № 327-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-тармақ өзгертілді ҚР 12.01.2012 жылғы № 538-IV Заңымен (05.07.2011 ж.редакцияны қараңыз)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (15.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Туу туралы куәлiктi қоспағанда, осы Заңның 9-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген құжаттарда қалыптастырылған сәйкестендiру нөмiрi болмаған жағдайда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап олар жарамсыз деп танылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР 15.07.2010 жылғы № 327-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
3-тармақ өзгертілді ҚР 12.01.2012 жылғы № 538-IV Заңымен (05.07.2011 ж.редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2012 жылдан бастап )
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін Кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышының сәйкестендiру коды, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, әлеуметтiк жеке коды пайдаланылады.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР 21.06.2013 жылғы № 106-V Заңымен (29.01.2013 редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 22.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 17
Қазақстан Республикасының Президентi