Toggle Dropdown
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 68 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 ақпанда № 8346 тіркелді
Toggle Dropdown
« Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі және « Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы » 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН :
Toggle Dropdown
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылдың 11 шілдесінде № 104 (1307) жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықосы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр Б. Имашев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 68 бұйрығына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2007 жылғы 12 сәуірдегі
№ 112 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының (бұдан әрі - тіркеуші органдар) Қазақстан Республикасы аумағында құрылатын, қайта ұйымдастырылатын, қайта тіркелетін, таратылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару жөніндегі қызметін нақтылайды.
Toggle Dropdown
2. Заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттiк (есептік) тiркеу:
Toggle Dropdown
мемлекеттік (есептік) тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi;
Toggle Dropdown
бизнес-сәйкестендіру нөмiрiн (бұдан әрі - БСН) бере отырып, мемлекеттiк (есептік) тiркеу туралы анықтама беруді;
Toggle Dropdown
заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне (бұдан әрі - Ұлттық тізілім) енгiзудi қамтиды.
Toggle Dropdown
Тіркеу кезінде заңды тұлғаның құрылуының, филиал мен өкілдікті ашудың мақсатқа сай екендігі туралы мәселе назарға алынбайды, оның өндірістік-шаруашылық қызметін бақылауға алу және оған араласу мақсат етіп қойылмайды.
Toggle Dropdown
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
Toggle Dropdown
заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркеу, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердi құру, есептік қайта тіркеу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу және қызметiн тоқтату фактiсiн куәландыру;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және есептік тіркеуден шығарылған филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;
Toggle Dropdown
Ұлттық тiзiлiмді жүргізу;
Toggle Dropdown
заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу мақсатында жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Toggle Dropdown
Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, сонымен қатар, саяси партияларды, шетел және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу және таратуды тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару тиісті облыста облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Комитетте тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті облыстардағы аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Тіркеуші орган құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтері бар Ұлттық тізілімді қалыптастырады.
Toggle Dropdown
Ұлттық тізілімді жүргізу заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді есепке алу және өзекті ету арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
Toggle Dropdown
6. Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғаларын, сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу үшін тіркеуші органға:
Toggle Dropdown
1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысанда өтініші, сондай-ақ өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін осы Нұсқаулыққа 2 , 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандағы өтініштер;
Toggle Dropdown
2) осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес құрылтай және басқа да құжаттар тізбесі ұсынылады;
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке қол қойылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында қарастырылған тәртіпте тіркеуші органға ұсынылады.
Toggle Dropdown
Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:
Toggle Dropdown
1) құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды көшірмесі немесе басқа заңды құжаты, нотариалдық куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге;
Toggle Dropdown
2) құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжаты мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген, өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар мен өкілдіктерін) Қазақстан Республикасынан тыс жерде ашатын заңды тұлғалар үшін тіркеуші органға 6-қосымшағасәйкес Ұлттық тізілімнен үзіндісі ұсынылады.
Toggle Dropdown
8. Акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттары, сондай-ақ, өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісін (шағын кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тіркеу туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде тігілген және нөмірленген түрде үш данада ұсынылады және нотариалды куәландырылады.
Toggle Dropdown
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары қазақ және орыс тілдерінде тігілген және нөмірленген түрде үш данада ұсынылады.
Toggle Dropdown
9. Акционерлік қоғамдардың жарғыларын, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің ережелерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың жарғылары, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің ережелері мемлекеттік тіркеуге ұсынылмайды.
Toggle Dropdown
10. Қызмет мәні қаржылық қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте, қосымша Ұлттық Банкінің рұқсаты талап етіледі.
Toggle Dropdown
Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Бір мезгілде тіркеуші органға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.
Toggle Dropdown
11. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тіркеуші органға Интернет желісі арқылы берілген электрондық құжат түрінде берілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш «электрондық үкіметтің» (www.egov.kz) веб-порталында толтырылады және ұсынылады, электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.
Toggle Dropdown
Тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Саяси партияларды құру үшін саяси партияларды құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес хабарлама ұсынады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңының 6-бабына сәйкес нысандағы саяси партияларды құру ниеті туралы тіркеуші органға:
Toggle Dropdown
1) саяси партияны құру бойынша бастамашы топтың тізімі және осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, электрондық және қағаз жеткізгіштеріндегі ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтер;