• Мое избранное
Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 62 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8420 тіркелді

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес
Редакция 27.05.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 35) тармақшасына, «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 62 қаулысымен
бекітілген
Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын (бұдан әрі – қаржы орталығының қатысушысы) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін белгілейді.
2. Қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жүзеге асырады. Алматы қаласының аумағында қаржы орталығы қатысушысының атқарушы органының болуы мемлекеттік тіркеудің міндетті талабы болып табылады.
Қаржы орталығының қатысушылары «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылады.
3. Қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеуді Ұлттық Банк:
1) қаржы орталығының қатысушыларын құру, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату фактісін растау;
2) құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметін тоқтатқан қаржы орталығының қатысушыларын есепке алу;
3) Қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу;
4) қаржы орталығының қатысушылары туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты (қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) іске асыру мақсатында жүзеге асырады.
Қаржы орталығының қатысушылары туралы мәліметтерді Ұлттық Банк жіберген хабарламалар негізінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне (бұдан әрі – БСН ұлттық тізілімі) әділет органдары енгізеді.
4. Ұлттық Банктің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заң) 12-бабына сәйкес белгіленетін нысан бойынша беретін анықтамасы қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжат болып табылады.
Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама оны берілген күні, тіркеген органы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні, қаржы орталығы қатысушысының атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтерден тұрады.
Қаржы орталығы қатысушысының құқықтық қабілеттілігі Ұлттық Банк берген брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (бұдан әрі – лицензия) алынған сәттен бастап туындайды және лицензияның қолданылуы тоқтатылған немесе жарамсыз деп танылған сәттен бастап тоқтатылады.
5. Ұлттық Банк құрылған, қайта ұйымдастырылған, қайта тіркелген және қызметін тоқтатқан қаржы орталығының қатысушылары туралы мәліметтерден тұратын Тізілімді жүргізеді.
6. Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу кезінде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен тіркеу алымы алынады.
2. Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу тәртібi
7. Ұлттық Банктің қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеуі мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттардың 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі, «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы, «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қағидаларға сәйкес келуін тексеруді, қаржы орталығының қатысушысына бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беруді, БСН ұлттық тізіліміне және Тізілімге қаржы орталығының қатысушысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтиды.
8. Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін Ұлттық Банкке Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініші беріледі және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын құжаттардың тізбесінде көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
Қаржы орталығының шетелдің қатысу бар қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін көзделген құжаттармен қатар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе:
1) сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді-көшірме немесе шетелдік заңды тұлға құрылтайшының шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат қазақ және орыс тілдеріндегі, нотариат куәландырған аудармасымен бірге;
2) төлқұжаттың көшірмесі немесе шетелдік құрылтайшының жеке басын куәландыратын басқа құжат қазақ және орыс тілдеріндегі, нотариат куәландырған аудармасымен бірге қосымша ұсынылады.
Қаржы орталығының акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі қатысушысын және онымен үлестес тұлғаны мемлекеттік тіркеген жағдайда монополияға қарсы органның жазбаша келісімі ұсынылады.
8-1. Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу Интернет желісі арқылы электрондық құжат түрінде берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.
Қағидалар 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 жылғы № 95 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Заңды тұлғаны – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш «электрондық үкіметтің» (www.egov.kz) веб-порталында немесе www.elicense.kz порталы арқылы толтырылып ұсынылады және электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.
9. Қаржы орталығының қайта ұйымдастыру арқылы құрылған қатысушысын мемлекеттік тіркеуді Ұлттық Банк Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіпте жүргізеді.
Қаржы орталығының бiрiктiру, бөлiнiп шығу, қайта құру нәтижесінде өз қызметін тоқтатқан қатысушысы БСН ұлттық тізілімінен шығарылады (БСН ұлттық тізілімінен шығару оған қаржы орталығы қатысушысының қызметін тоқтату туралы мәліметтер енгізу арқылы жүргізіледі), бұл туралы қаржы орталығының жаңадан құрылған қатысушысын мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі.
Қаржы орталығының қосылу кезінде өз қызметін тоқтатқан қатысушысы БСН ұлттық тізілімінен шығарылады (БСН ұлттық тізілімінен шығару оған қаржы орталығы қатысушысының қызметін тоқтату туралы мәліметтер енгізу арқылы жүргізіледі), бұл туралы БСН ұлттық тізілімінен шығару туралы бұйрықта немесе қаржы орталығының қайта ұйымдастырылған қатысушысы қосылған қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік қайта тіркеу, тіркеу кезінде көрсетіледі.
10. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тиісті түрде тіркелгеннен кейін Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшесі:
1) ұсынылған құжаттардың толық болуын, оларды жасаудың (ресімдеудің) дұрыстығын және Қағидалардың 7-тармағында аталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келуін тексереді;
2) қаржы орталығының қатысушысы туралы мәліметтерді БСН ұлттық тізіліміне енгізуге арналған хабарлама дайындап, әділет органына жібереді;
3) қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықты Ұлттық Банктің басшылығына қол қою үшін ұсынады;
4) қаржы орталығы қатысушысының басшысына не сенімхат бойынша өкіліне мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы және құрылтай құжаттарының тиісінше ресімделген түпнұсқаларын береді;
5) қаржы орталығы қатысушысының ісін ресімдейді, оған өтініш, ұсынылған құжаттар, тиісті бұйрықтың көшірмелері, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, істегі құжаттардың тізімдемесі тігіледі;
6) қаржы орталығының тіркелген қатысушысы туралы мәліметтерді Тізілімге енгізеді.
3. Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік қайта тіркеу тәртібі
11. Қаржы орталығының қатысушысы:
1) жарғылық капиталдың мөлшері азайған;
2) атауы өзгерген;
3) шаруашылық серіктестіктердегі (шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда) қатысушылардың құрамы өзгерген жағдайларда мемлекеттік қайта тіркеледі.
12. Қаржы орталығының қатысушысы қаржы орталығы қатысушысының уәкілетті органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бір ай мерзімде Ұлттық Банкке Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы – заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтінішті береді және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын құжаттардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса береді.
Құрылтай құжаттарына көрсетілген негіздер бойынша, қаржы орталығының қатысушысын қайта тіркемей енгізілген өзгерістер жарамсыз болып табылады.