Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 08-1-1-1/42-1 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 наурызда № 8372 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 9 қарашадан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 19.03.2014 жылғы № 08-1-1-1/87 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған:
1) 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
2) 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды рәсімдеуі» мемлекеттік қызмет регламенті;
3) 3-қосымшаға сәйкес «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызмет регламенті;
4) 4-қосымшаға сәйкес «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті;
5) 5-қосымшаға сәйкес «Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар ресімдеуге құжаттарды қабылдау және олардың паспорттарына қажетті белгілер қою» мемлекеттік қызмет регламенті;
6) 6-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
7) 7-қосымшаға сәйкес «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
8) 8-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» мемлекеттік қызмет регламенті;
9) 9-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Консулдық қызмет департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Е. Ыдырысов
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 08-1-1-1/42-1 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. «Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ұсынады.
3. Регламентте келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызмет ұсынылатын, Қазақстан Республикасының қызметтік паспортын алуға құқығы бар тұлға;
2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттік қызметті ұсыну үдерісіне қатысушы Министрліктің жауапты тұлғалары.
4. Мемлекеттік қызметтің ұсынылатын нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметi туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңына;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтiк паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекiту туралы» 2011 жылғы 7 қыркүйектегi № 150 Жарлығына;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
6. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттың (бұдан әрі – паспорт) беру немесе паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттiк қызметтiң нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік көрсетеді.
8. Мемлекеттiк қызмет аптаның төрт жұмыс күнінде (сәрсенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) ұсынылады. Құжаттарды қабылдау сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, ал құжаттарды беру уақыты 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет ұсыну тәртібі мен қажетті құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық мәселелер» бөлімінде және Министрліктің ақпараттық стенділерінде орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызметті ұсынудың мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
11. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартудың негізі Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
12. Мемлекеттік қызметті ұсыну үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:
1) өтініштер мен құжаттарды қабылдау;
2) ұсынылған материалдарды Стандартқа сәйкестігін тексеру, талон беру;
3) Министрліктің құрылымдық бөлімшенің лауазымды басқарушы тұлғамен (бұдан әрі – Басқарушы тұлға) құжаттарды қарастыру;
4) паспортты беруге арналған құжаттарды немесе паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау;
5) мемлекеттік қызметті алушыға паспортты жасауға және беруге арналған құжаттарға немесе паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;
6) паспортты жасау, мемлекеттік қызметті алушыға паспортты беру немесе паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты қолма-қол беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-қимылдардың (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
13. Мемлекеттік қызметті алушыға барлық қажетті құжаттарды алғанын растайтын, Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тапсырылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеңілдіктер көзделмеген.
15. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жоқ.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі ҚФБ қатысады:
1) Министрліктің қызметкері – өтініштер мен құжаттарды қабылдауды, ұсынылған материалдарды Стандартқа сәйкестігін тексеруді, талон беруді, паспортты жасауды және паспортты беруге арналған құжаттарды дайындауды, мемлекеттік қызметті алушыға паспортты беру немесе паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты қолма-қол беруді жүзеге асырады;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |