Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 және "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы" 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 359 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiнде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жеке және заңды тұлғаларға иелiк ету не пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе пайдалануға берудi алғашқы ресiмдеу кезiнде жер-кадастрлық iстер олардың жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша кадастрды жүргізетін кәсіпорындарға берілетін өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзіледi.
Өтiнiшке жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар, ал олар болмаған кезде – бұл учаскенi берген атқарушы органның шешімiмен учаске шекарасының сызбасы (схемасы) қоса беріледi.
Жеке және заңды тұлғаларға иелiк ету не пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерi бойынша кадастрды жүргізетін кәсіпорындар жер учаскелерін жергiлiктi жерде зерттеуді жүзеге асырады. Олардың шекаралары, алаңдары және мақсатты тағайындауы өзгергенi анықталған жағдайда, бұл өзгерiстер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмiнiң олардың Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес қайта бекiтуiне жатады немесе мүдделi тараптар арасында жасалатын шартта көрсетіледі.»;
13-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бөлу нәтижесінде қалыптасқан жер учаскелеріне кадастрды жүргізетін кәсіпорын жаңа сәйкестендіру құжаттарын дайындайды және береді.»;
мынадай мазмұндағы 13-2-тармақпен толықтырылсын:
«13-2. Жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға бұрын өзiне жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке сатып алған жағдайда жаңа жер-кадастрлық iс жүргізілмейді.
Жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы беретін жер учаскесiн сатып алу-сату туралы жасалған шартының болуы, оның сатып алу бағасы төлемінің жүргізілгені, сондай-ақ жер учаскесiн бөліп-бөліп төлеу тәртібімен сатқан кезде мәмiле жасасуға тыйым салынуы (кепiлге берудi қоспағанда) туралы анықтаманың негізінде кадастрды жүргізетін кәсіпорын жер учаскесіне жаңа сәйкестендіру құжатын дайындайды және береді.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Жеке және заңды тұлғалар жер учаскесiне кадастрлық нөмiрдi беру және жер учаскесіне ескi үлгiдегi сәйкестендіру құжатын жаңасына ауыстыру үшiн жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша кадастрды жүргiзетiн кәсiпорынға өтiнiшпен жүгінеді.
Өтiнiшке жер учаскесiне қолданыстағы сәйкестендіру құжатының түпнұсқасы қоса берiледi.»;
32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтiнiш берушiнiң қалауы бойынша жер учаскесіне құқығы туралы ескі үлгідегі құжатты жаңа сәйкестендіру құжатын ауыстыру жүзеге асырылады.»;
2) «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 209-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актіде:
мына: «М.О. ___________________________________________________
М.П. (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________ басшысы
Руководитель ________________________________________________________
(наименование уполномоченного органа по земельным отношениям)
_____________________________________________________________________
___________________ аты-жөні 200__ ж. «___» ___________________ г.»
(қолы, подпись) Ф.И.О.
деген жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген тұрақты жер пайдалану құқығын
беретін актіде:
мына: «М.О. ___________________________________________________
М.П. (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________ басшысы
Руководитель ________________________________________________________
(наименование уполномоченного органа по земельным отношениям)
_____________________________________________________________________
___________________ аты-жөні 200__ ж. «___» ___________________ г.»
(қолы, подпись) Ф.И.О.
деген жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген уақытша (ұзақ мерзімге, қысқа
мерзімге) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін актіде:
мына: «М.О. ___________________________________________________
М.П. (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________ басшысы
Руководитель ________________________________________________________
(наименование уполномоченного органа по земельным отношениям)
_____________________________________________________________________
___________________ аты-жөні 200__ ж. «___» ___________________ г.»
(қолы, подпись) Ф.И.О.
деген жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген уақытша өтеусіз жер пайдалану
құқығын беретін актіде:
мына: «М.О. ___________________________________________________
М.П. (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________ басшысы
Руководитель ________________________________________________________
(наименование уполномоченного органа по земельным отношениям)
_____________________________________________________________________
___________________ аты-жөні 200__ ж. «___» ___________________ г.»
(қолы, подпись) Ф.И.О.
деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов