• Мое избранное
"Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Ертiс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 355 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ертiс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 23 сәуiрдегi № 540 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 14, 189-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ережеде :
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.»;
көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі           С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 355 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 23 сәуірдегі
№ 540 қаулысына
қосымша
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның құрамы
Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы
- Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
министрі, төраға
Нысанбаев
Ерлан Нұралыұлы
- Қазақстан Республикасының Қоршаған
ортаны қорғау вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Жаксалиев
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы
- Қазақстан Республикасының Индустрия
және жаңа технологиялар вице-министрі,
төрағаның орынбасары
Жәкенов
Мұхтар Сейфоллаұлы
- Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің Су ресурстары
комитеті су ресурстарын пайдалану және
қорғау басқармасының бастығы, хатшы
Смайылов
Жанболат Амангелдіұлы
- Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар вице-министрі
Әбсаттаров
Қайрат Бектайұлы
- Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникация вице-министрі
Әбішев
Ислам Әлмаханұлы
- Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі Су ресурстары
комитетінің төрағасы
Әшімбетов
Нұржан Кемерұлы
- Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Кошелев
Владимир Леонидович
- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
орынбасары
Алпыспаев
Талғат Тұрсынұлы
- «KEGOC» акционерлік қоғамының «Шығыс
өңіраралық электр желілері» филиалының
директоры (келісім бойынша)
Курий
Юлия Анатольевна
- «AES Өскемен гидроэлектрстанциясы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
және «AES Шүлбі гидроэлектрстанциясы»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің атқарушы директоры
(келісім бойынша)
Свамбаев
Рысқан Тиышпекұлы
- Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз
МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бас директоры
(келісім бойынша)
Әженов
Әлімуәлет Абзалұлы
- «Ұлы Ертіс-Великий Иртыш» су
пайдаланушылары қауымдастығының
төрағасы (келісім бойынша)
Белов
Владимир Александрович
- «Екібастұз МАЭС-2 станциясы»
акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Коблов
Сергей Михайлович
- «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің Бұқтырма
гидроэнергетикалық кешенінің директоры
(келісім бойынша)
Сыздықов
Қанат Тұрлыбекұлы
- «Ертіс» су пайдаланушылар және су
тұтынушылар қауымдастығының президенті
(келісім бойынша)
Лавриненко
Юрий Иванович
- «KAZLOGISTIKS» көліктік-логистикалық
қауымдастығы басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)