• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 17

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271 Жарлығы

Редакция 25.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1 -бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
  • 1
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын, оның филиалдарын және өкілдігін қоса алғанда жалпы штат саны 2161 бірлік болып бекітілсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 18.04.2011 жылғы № 61 Жарлығымен (01.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.04.2011 жылдан бастап);
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 27.09.2010 жылғы № 1072 Жарлығымен (09.11.2009 ж. редакцияны қараңыз);
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 10.12.2004 жылғы № 1495 Жарлығымен (31.12.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 12.12.2018 жылғы № 803 Жарлығымен (08.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 23.04.2019 жылғы № 31 Жарлығына сәйкес (12.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.11.2019 жылғы № 203 Жарлығына сәйкес (23.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.08.2022 жылғы № 985 Жарлығына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1271 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
  • 17
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2012 жылғы № 458 Жарлығымен (12.08.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 276 Жарлығымен (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 08.08.2017 жылғы № 529 Жарлығымен (26.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2017 жылы № 152 (28531) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 30.01.2014 жылғы № 744 Жарлығымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 06.10.2014 жылғы № 923 Жарлығымен (30.01.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 12.12.2018 жылғы № 803 Жарлығына сәйкес (08.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
  • 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды, статистикалық қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз құзыреті шегінде қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын және өзге де тұлғаларды және Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасы саласындағы мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.11.2019 жылғы № 203 Жарлығына сәйкес (23.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге тікелей бағыну схемасындағы біртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.
3. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Ұлттық Банкі республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі, мөртабандары, сондай-ақ өзінің эмблемасы және белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 18.02.2021 жылғы № 514 Жарлығымен (10.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары (бұдан әрі – филиал) Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен ашылады, оған есеп береді және өз қызметін Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітетін филиалдың құрылымына құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктері Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережеде айқындалатын бөлімдер мен басқа да бөлімшелер кіруі мүмкін.
Филиал өз қызметінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті мен Директорлар кеңесінің қаулыларын, Қазақстан Ұлттық Банкінің бұйрықтарын, өкімдерін, Ережені және Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережені басшылыққа алады.
Филиалды ашу және жабу тәртібі, оның өкілеттіктері, міндеттері мен функциялары Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережеде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Филиалдың қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) оның директоры жүзеге асырады.
Филиалдың директоры өз қызметін филиал туралы ереже және Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімхаты негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де ашылады және Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Ұлттық Банкінің мүдделерін қорғауды және білдіруді жүзеге асырады.
Өкілдіктерді ашу, жабу тәртібі, олардың өкілеттіктері және құқықтық мәртебесі Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері туралы ережелерде айқындалады.
Өкілдіктің қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) өкілдік басшысы жүзеге асырады.
Өкілдік басшысы өз қызметін өкілдік туралы ереже және Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімхаты негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі қызметіне байланысты өзге мәселелер Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмыс регламентінде, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде және Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де құқықтық актілерінде белгіленеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары республикалық заңды тұлғалар болып табылады, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар нысанында құрылады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады және Қазақстан Ұлттық Банкінің бірыңғай орталықтандырылған құрылымына кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзі құратын ұйымдарға қатысты олардың құрылтайшысы және олардың қызметін реттеу және аталған ұйымдардың құқықтық мәртебесін өзгерту туралы шешімдер қабылдау бойынша өкілеттіктерді қоса алғанда, оларға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзі құратын ұйымдардың қызметінің мәнін және мақсаттарын, сондай-ақ олардың түрін (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы) дербес айқындайды, олардың жарғыларын, оларға өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді.
Ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту, жарғылық капиталын ұлғайту не азайту, тарату және иелігінен шығару туралы шешімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі қабылдайды.
Ұйымдарды және олардың органдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату тәртібі, олардың қызметінің мәні мен мақсаттары, құқықтық мәртебесі мен жарғылық құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасында, ұйымдардың жарғыларында, Ережеде және Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде айқындалады.
Ұйымның жарғысын Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының өз мөрі және белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
5. Қазақстан Ұлттық Банкі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.
6. Қазақстан Ұлттық Банкінің, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасауға құқығы бар.
7. Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрықтарымен, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің, Директорлар кеңесінің қаулыларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.02.2021 жылғы № 514 Жарлығына сәйкес (10.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
8. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
9. Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.04.2020 жылғы № 304 Жарлығына сәйкес (11.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 06.10.2022 жылғы № 1037 Жарлығына сәйкес (17.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
11. Ереже Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі мүлкінің түрі – республикалық мемлекеттік мүлік.
  • 1
13. Қазақстан Ұлттық Банкі ақылы негізде банктік операциялар және басқа да қызметтер жүргізуге құқылы. Көрсететін қызметтерінің түрлері мен ақысының мөлшерлерін Қазақстан Ұлттық Банкі дербес айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге қорлар мен ұйымдардың активтерін басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсетілетін банктік және өзге де қызметтер үшін ақы алмайды.
13-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.11.2019 жылғы № 203 Жарлығына сәйкес (23.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Ұлттық Банкінің миссиясы:
Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.
  • 1
15. Міндеттері:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.11.2019 жылғы № 203 Жарлығына сәйкес (23.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)