Мемлекет басшысының зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаcын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
Зейнетақы активтерінің есебінен иемденуге рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту және жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормаларды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 70 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8414 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 128 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекет басшысының зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаcын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйым):
1) әрбір жеке жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Қор) инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерін мынадай қаржы құралдарына:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына;
қор биржасының ресми тізіміне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі – № 77 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санаты бойынша енгізілген, жай акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ұлттық холдингке, ұлттық басқарушы холдингке не ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар шығарған акцияларға, сондай-ақ базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарға;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздарға;
акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ұлттық холдингке, ұлттық басқарушы холдингке не ұлттық компанияға тиесілі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар ұйымдар шығарған борыштық бағалы қағаздарға;
Эмитентте және (немесе) қаржы құралында халықаралық шкала бойынша бірнеше рейтингілік баға болған кезде есепке уәкілетті орган мойындайтын рейтингілік агенттіктердің бірінің халықаралық шкала бойынша ең жоғарғы рейтингілік бағасы алынады;
акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым шығарған борыштық бағалы қағаздарға;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебеге ие бағалы қағаздарына;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарға;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар екінші деңгейдегі банктер шығарған борыштық бағалы қағаздарға;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар екінші деңгейдегі банктер шығарған борыштық бағалы қағаздарға, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде отыз алты айдан аспайтын мерзімге салынған салымдарға;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар мына халықаралық қаржы ұйымдары:
Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Еуропа қайта құру және даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Азия даму банкі;
Африка даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Ислам даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі;
Еуразия даму банкі шығарған борыштық бағалы қағаздарға;
халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында сатып алынатын бағалы қағаздарға:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің мынадай:
DAX (Deutscher Aktienindex)
CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index)
NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index)
TOPIX (Tokyo Price Index)
HSI (Hang Seng Index)
ENXT 100 (Euronext 100)
DJIA (Dow Jones Industrial Average)
S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index)
FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index)
MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)
MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index)
RTSI (Russian Trade System Index)
NASDAQ-100 есептік көрсеткіштердің (индекстердің) құрамына кіретін акцияларына;
базалық активі осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының жиырма үшінші абзацында аталған акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарға;
халықаралық ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда сатып алынатын тазартылған алтынға орналастырады;
2) зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған мынадай қаржы құралдарын:
егер мәміле бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарсы әріптес болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын;
қор биржасының ресми тізіміне № 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санаты бойынша енгізілген, жай акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ұлттық холдингке, ұлттық басқарушы холдингке не ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар шығарған акцияларды, сондай-ақ базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздарды;
акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ұлттық холдингке, ұлттық басқарушы холдингке не ұлттық компанияға тиесілі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар ұйымдар шығарған борыштық бағалы қағаздарды;
акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым шығарған борыштық бағалы қағаздарды;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебеге ие бағалы қағаздарды;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарды;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар екінші деңгейдегі банктер шығарған борыштық бағалы қағаздарды;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар мына халықаралық қаржы ұйымдары:
Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Еуропа қайта құру және даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Азия даму банкі;
Африка даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Ислам даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі;
Еуразия даму банкі шығарған борыштық бағалы қағаздарды;
халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында сатып алынатын бағалы қағаздарды:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің мынадай:
DAX (Deutscher Aktienindex)
CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index)
NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index)
TOPIX (Tokyo Price Index)
HSI (Hang Seng Index)
ENXT 100 (Euronext 100)
DJIA (Dow Jones Industrial Average)
S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index)
FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index)
MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)
MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index)
RTSI (Russian Trade System Index)
NASDAQ-100 есептік көрсеткіштердің (индекстердің) құрамына кіретін акцияларын;
базалық активі осы қаулының 1-тармағы 2) тармақшасының жиырма екінші абзацында аталған акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды;
халықаралық ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда сатып алынатын тазартылған алтынды сату жөніндегі мәмілелерді жүзеге асырады деп айқындалсын.
2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды олар бастапқы орналастырылған кезде сатып алу жөніндегі мәмілелерді қоспағанда, зейнетақы және меншікті активтердің қатысуымен қор биржасында жүргізілген мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалады.
Зейнетақы және меншікті активтер есебінен жүргізілетін «кері репо» мәмілелері күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге жасалады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары зейнетақы және меншікті активтердің қатысуымен Ұйым (Қор) жүргізетін «кері репо» операцияларының мәні болып табылады.
3. Алушыларға зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету мақсатында Ұйым Қордың консервативтік инвестициялық портфелінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын осы Қордың қалыпты инвестициялық портфелінің активтерін құрайтын ақшаның есебінен осындай иемдену күні Қордың консервативтік инвестициялық портфелінде қалыптасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының ағымдағы құны бойынша ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында иемденуді жүзеге асырады.
4. Жинақтағанда кастодиан-банктегі инвестициялық шоттардағы; кастодиан-банктің халықаралық (шетелдік) кастодиан-банктердегі корреспонденттік шоттарындағы; кастодиан-банктің халықаралық (шетелдік) ұйымдардағы – халықаралық (шетелдік) депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің қатысушыларындағы шоттарындағы ақшаны қоса алғанда, зейнетақы активтерін инвестициялауға арналған ақша қалдығының ең көп мөлшерінің лимиті және оларды инвестициялау мерзімдері белгіленбейді.
5. Ұйым:
бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылуына жататын мәмілелерді қоспағанда, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген қаржы құралдарын сатып алу кезінде Қор биржасының бағалы қағаздарын бағалау әдістемесінде (бұдан әрі – Әдістеме) белгіленген нарықтық бағадан аспайтын баға бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша апта сайын, сату кезінде Әдістемеде белгіленген нарықтық бағадан төмен емес баға бойынша;
осы қаулының 1-тармағында көрсетілген, халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында айналысқа түсетін қаржы құралдарын ең жақсы (ең жоғары немесе ең төмен) баға бойынша не Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдамалық жүйелерінің деректері бойынша сатып алуға немесе сатуға баға белгілеудің орташа мәні бойынша;
«Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның Бағалы қағаздардың индекстері мен бағасы жөніндегі комитеті белгілеген жеті жүз елу теңгеден сегіз жүз елу теңгеге дейінгі баға дәлізі шеңберіндегі «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының (ҰСН KZ1C29950017) акциялары бойынша сатып алу-сату мәмілелерін жасайды.
6. Ұйым осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және оныншы абзацтарында, 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген қаржы құралдарын «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның Бағалы қағаздардың индекстері мен бағасы жөніндегі комитеті белгілеген баға дәлізі шеңберінде Ұйым анықтаған бағалар бойынша сатып алу-сату мәмілелерін жасайды.
7. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін немесе кейін сатып алынған, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген борыштық бағалы қағаздарды «өтеуге дейін ұсталатын қаржы құралдары» санатына жатқызу қаржы құралдарының жиынтық ағымдағы құнының пайыздарымен шектелмейді.
8. Номиналдық кіріс коэффициентінің ең аз мәні:
консервативтік инвестициялық портфель үшін тиісті кезеңдегі номиналдық кірістің түзетілген орташа алынған коэффициенті мәнінің жетпіс пайызын;
қалыпты инвестициялық портфель үшін тиісті кезеңдегі номиналдық кірістің түзетілген орташа алынған коэффициенті мәнінің елу пайызын құрайды.
9. Осы тармақта көрсетілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының мынадай қаулылары осы қаулыға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады:
1) «Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 109 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3603 тіркелген);
2) «Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген);
3) «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген);
4) «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген);
5) «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген).
10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және:
10-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 жылғы № 290 Қаулысымен (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2013 жылғы 25 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын 5-тармақтың төртінші абзацын;
2013 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын 1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 2-тармақтың бірінші бөлігін, 3, 4 және 7-тармақтарын;
2013 жылғы 25 ақпаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын 1-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтарын, 2) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы және отыз жетінші абзацтарын;
2013 жылғы 11 наурыздан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын 1-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын, 2) тармақшасының оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын;
осы қаулы күшіне енгеннен кейін қолданысқа енгізілетін 5-тармақтың екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, 2013 жылғы 24 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады;
және 2014 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
Осы қаулының 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацы 2013 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады және 2013 жылғы 18 ақпанға дейін қолданылады.
Осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацы 2013 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады және 2013 жылғы 11 наурызға дейін қолданылады.
Осы қаулының 6-тармағы 2013 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады және осы қаулы күшіне енгенге дейін қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |