1. Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде жабық тендерлер өткiзу туралы қоса берiлiп отырған Уақытша ереже бекiтiлсiн.
Отправить по почте
Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде жабық тендерлер өткiзудiң тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 31 қаңтар N 126.
"Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде жабық тендерлер өткiзу туралы қоса берiлiп отырған Уақытша ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi: 1996 жылдың бiрiншi жарты жылдығында жабық тендерлерде сатылуға жататын жекешелендiру объектiлерiнiң тiзбесiн, бекiту үшiн, 1996 жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде Үкiметке ұсынсын; ҚРҮ-нiң 1996.08.13. N 1001 қаулысын қараңыз. 2-тармағының 3-абзацы күшiн жойды - ҚР Президентiнiң 1996.07.15. N 3059 жарлығымен. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 қаңтардағы N 126 қаулысымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде жабық тендерлер өткiзудiң тәртiбi туралы Уақытша ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi, ол жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде жабық тендерлер өткiзудiң тәртiбiн реттейдi.
2. Ереже тендердi ұйымдастыру мен өткiзудiң жалпы тәртiбiн, қатысушылардың ұсыныстарын қарауды, жекешелендiру объектiсiне меншiк құқығына шешiм қабылдау мен ресiмдеудi айқындайды.
3. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
тендер - жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi жабық тендер, оған саудаласуға қатысуға арнайы шақыру алған тендер комиссиясы айқындаған заңды және жеке тұлғалардың шеңберi қатысады;
сатушы - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi;
комиссия - тендердi ұйымдастыру және өткiзу үшiн сатушы құрған тендер комиссиясы;
қатысушы - тендерге қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген заңды немесе жеке тұлға;
жекешелендiру объектiсi - "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 5-бабында аталған мемлекеттiк мүлiктiң түрлерi;
бастапқы баға - жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалауды реттейтiн, қолданылып жүрген нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес есептелген жекешелендiру объектiсiнiң құны;
тендердiң жеңiмпазы - комиссияның шешiмi бойынша тендердi ұтып алған болып танылған қатысушы;
сатып алушы - жекешелендiру объектiсiне сатушы мен сатып алу-сату шартын жасаған тендердiң жеңiмпазы.
4. Жекешелендiру объектiлерiн тендерде сату туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қауiпсiздiгiне қоршаған табиғи ортаны қорғауға, сыртқы экономикалық жағдайына қатысты ерекше жағдайларда ғана қабылдайды. Тендерлерде сатылуға жататын жекешелендiру объектiлерiнiң тiзбелерiн Үкiметтiң бекiтуiне Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi комитетi ұсынады. 5. Тендердi ұйымдастыру мен өткiзудi сатушы жүзеге асырады. II. Тендер комиссиясы 6. Тендердi даярлау мен өткiзу үшiн Сатушы құрамына: сатушының; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң; Қаржы министрлiгiнiң; Экономика министрлiгiнiң; басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың; жекешелендiрiлетiн объектiнiң өкiлдерi енетiн комиссия құрады. 7. Комиссия кемiнде бес адамнан тұруы тиiс. Комиссия төрағасын сатушы тағайындайды. Комиссия жұмысына сарапшылар мен мамандар тартылуы мүмкiн. 8. Тендер комиссиясы: өз жұмысының регламентiн дербес әзiрлейдi және бекiтедi; жекешелендiрiлетiн объектiнiң бастапқы бағасын бекiтедi; тендердiң шарттары мен жеңiмпазды таңдау өлшемдерiн белгiлейдi; тендерге қатысушылардың құрамын айқындайды; тендердi өткiзедi және тендер жеңiмпазын айқындайды; тендердi өткiзу нәтижелерi туралы хаттаманы ресiмдейдi. 9. Комиссия шешiмi комиссия мүшелерi жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының шешушi дауысқа құқы болады. III. Тендердi ұйымдастыру мен өткiзу 10. Тендер коммерциялық немесе инвестициялық болуы мүмкiн.
11. Коммерциялық тендер - жекешелендiрiлетiн объектiге неғұрлым жоғары баға ұсынған және тендердiң белгiленген шарттарын орындауға келiсiм берген қатысушы жеңiмпаз деп танылатын саудаласу.
12. Инвестициялық тендер - неғұрлым тартымды инвестициялық бағдарлама ұсынған және тендердiң белгiленген шарттарын орындауға келiсiм берген қатысушы жеңiмпаз деп танылатын саудаласу.
13. Жекешелендiру объектiсiнiң бағасы:
инвестициялардың көлемi мен мерзiмдерi;
экологиялық талаптар;
мәмiлелердi жасауға шектеу (қайта сату, кепiлдеме, басқаруға беру және басқалары) және немесе белгiлi бiр уақыт iшiнде жекешелендiру объектiсiне қатысты белгiлi бiр әрекеттерге тыйым салу;
тендер комиссиясы белгiлеген басқа да шарттар тендердiң шарттары болуы мүмкiн.
14. Сатушы жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын белгiлейдi және комиссияның бекiтуiне ұсынады, тендердi өткiзудiң датасы мен орнын тағайындайды, кепiлдiк жарнаның мөлшерiн белгiлейдi және комиссия ұйғарым жасаған адамдарға тендерге қатысуға жазбаша шақырулар жiбередi, кепiлдiк жарғыларын қабылдайды және қатысушылардың ұсыныстары бар өтiнiмдердi тiркеудi және тендердi өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтi жүзеге асырады.
Жекешелендiру объектiсiнiң құнын алдын ала бағалау үшiн Сатушы дербес консалтингтiк фирмаларды тартуға құқылы.
15. Тендерге қатысушыларды тiркеу жазбаша түрде хабарлама жiберiлген күннен бастап жүргiзiлiп, тендер өткiзiлетiн күнге үш күн қалғанда аяқталады.
16. Қатысушы ретiнде тiркелу үшiн мынадай құжаттар берiледi:
тендерге қатысуға өтiнiш;
сатушы белгiлеген мөлшерде кепiлдiк жарнаның енгiзiлгенiн растайтын төлем құжаты;
тендердiң шарттарын орындау және сатып алу-сату шартын жасауға қатысушының ұсынысы мен келiсiмi.
Заңды тұлғалар нотариалды куәландырылған заңды тұлғаның тiркелгенi туралы куәлiк пен жарғының көшiрмесiн, сондай-ақ жарғы қорындағы мемлекеттiң үлесi туралы анықтаманы қосымша бередi.
Акционерлiк қоғамдар олардың акцияларын иеленген акционерлiк қоғамдар туралы (тендерге қатысуға шақыру қағазы алынған сәтте) ақпарат бар акционерлердiң тiзiлiмiнен көшiрменi қосымша бередi.
17. Комиссия қатысушылардың ұсыныстарын тендердiң белгiлеген шарттары мен жеңiмпазды анықтау өлшемi (өлшемдерi) негiзiнде қарайды. Комиссияның шешiмдерi оған комиссия мүшелерi мен төрағасы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссия мүшесiнiң өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша баяндап, оны хаттамаға қосып тiркеуге құқығы бар. 1
8. Тендердiң нәтижелерi қатысушыларға тендер өткiзiлген күннен кейiн келесi күнi жарияланады. 19. Комиссияның хаттамасы - тендер нәтижелерiн растайтын құжат және сатушы мен тендердiң жеңiмпазы арасында шарт жасауға негiз болып табылады. 20. Жеңiмпаз тендердiң нәтижелерi жарияланған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзiмде жекешелендiру объектiсiне сатып алу-сату шартын жасауға құқықты, мерзiм өткен соң бұл құқығынан айырылады. IV. Сатып алушылармен есеп айырысу тәртiбi және меншiк құқығын ресiмдеу
21. Сатушы мен сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу былай жүргiзiледi: шарт бойынша сома кепiлдiк жарнасының төленген сомасы шегерiлiп, сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей сатушының шотына аударылады. 2
2. Түпкiлiктi төлем бес банк күнiнен кешiктiрiлсе, сатушы шартты бiржақты тәртiппен бұзып, сатып алушыдан кепiлдiк жарнамен толтырылмаған бөлiгiнде нақты залалдардың өтелуiн талап етуге құқықты. 23. Жекешелендiру объектiсiне меншiк құқығы сатып алушыға сатып алу-сату шартында және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қарастырылған тәртiппен берiледi. V. Жекешелендiру объектiлерiн сатудан алынған қаржы 24. Жекешелендiру объектiлерiн сатудан алынған қаржы тендерлердi ұйымдастыру мен өткiзу шығыстарына жұмсалғанынан басқасы, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 қаңтардағы N 126 қаулысына қосымша Қосымшаның күшi жойылды - ҚР Президентiнiң 1996.07.15. N 3059 жарлығымен.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |