1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесі бекітілсін.
Отправить по почте
Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 маусым N 942
Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жекешелендіру объектілерін сату жөнінде жабық тендерлер өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 қаңтардағы N 126 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 6, 35-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі N
3050 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 тамыздағы N 1001 қаулысының 2-тармағының үшінші абзацы. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті екі айлық мерзімде бұрынырақта қабылданған ведомстволық шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы N 942 қаулысымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесi
Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi және жекешелендiру объектiлерiн сатудың тәртiбiн реттейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Сатушы" - Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық меншiк пен коммуналдық меншiкке иелiк етуге, пайдалануға және билiк етуге уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар;
2) "Ұйымдастырушы" - жекешелендiру объектiлерiн дайындауды және сатуды ұйымдастырушы заңды немесе жеке тұлға; Сатушы Ұйымдастырушы бола алады.
3) "Жекешелендiру объектiсi" - мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын мен мекеме; тұйықталған технологиялық циклдi бұзбай, одан бөлiнген өндiрiстiк бөлiмшелер мен құрылымдық бiрлiктер; заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы акциялар мен үлестер;
4) "Қатысушы" - аукционға немесе тендерге қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген заңды немесе жеке тұлға;
5) "Сауда-саттықтар" - жекешелендiру объектiлерiн сату нысаны;
6) "Аукцион" - қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттықтың түрi;
7) "Аукционшы" - аукцион жүргізушi және тиiстi аукциондық сауда-саттық жүргізу техникасын меңгерген жеке тұлға;
8) "Сауда-саттықтардың ағылшын әдiсi" - сауда-саттықтардың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен арттырылатын әдiсi;
9) "Сауда-саттықтардың голланд әдiсі" - сауда-саттықтардың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн әдiсi;
10) "Тендер" - сауда-саттықтардың қатысушылар өздерінің ұсыныстарын Сатушының қалауы бойынша жазбаша жабық конвертте немесе жария мәлiмдейтiн түрi;
11) "Жабық тендер" - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған қатысушылардың шектеулi шеңберi қатысатын тендер;
12) "Коммерциялық тендер" - жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған Қатысушы жеңiмпаз болып танылатын, тендердiң шарттарын орындауға келiскен Қатысушылардың арасындағы сауда-саттықтар;
13) "Инвестициялық тендер" - комиссияның қорытындысы бойынша тендердiң шарттарына сәйкес ең жақсы инвестициялық бағдарлама ұсынған Қатысушы жеңiмпаз болып танылатын сауда-саттықтар;
14) "Есептiк баға" - жекешелендiру объектiсiнiң бағасын реттейтiн, қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес айқындалған жекешелендiру объектiсiнің бағасы;
15) "Алғашқы баға" - Сатушы бекiткен есептiк баға не консалтингтiк ұйымдардың немесе тәуелсiз аудиттiң қорытындысы негiзiнде алынған баға;
16) "Ең төменгі баға" - жекешелендiру объектiсiн одан төменге сатуға болмайтын баға;
17) "Бастапқы баға" - жекешелендiрудiң әрбiр объектiсi бойынша сауда-саттықтар басталатын баға;
18) "Сату бағасы" - жекешелендiру объектiсiнiң сауда-саттықтардың нәтижесiнде белгiленген түпкiлiктi бағасы;
19) "Жеңiмпаз" - аукционда жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған сауда-саттыққа қатысушы немесе тендерлiк комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шартты ұсынған сауда-саттыққа Қатысушы;
20) "Сатып алушы" - Сатушымен сауда-саттық шартын жасасқан Жеңiмпаз.
2. Объектiнi жекешелендiру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе мемлекеттiк мүлiкке иелiк етуге, пайдалануға және билiк етуге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган қабылдайды.
3. Эмиссиялары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген акцияларды сатуға рұқсат етiлмейдi.
4. Жабық акционерлiк қоғамдардағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен серiктестiктердегi мемлекеттiк үлестердi сату Қазақстан Республикасының заңнамасы қоятын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Жабық акционерлiк қоғамдардағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен серiктестiктердегі мемлекеттiк үлестер ашық сауда-саттықта сатылған жағдайда, оларды сату осы Ережемен реттеледi.
5. Мемлекеттiк мүлiктiң теңгерiмiн ұстаушы, жекешелендiру объектiсi бойынша ол сатылғанға дейiн, жекешелендiру объектiсiнiң сақталуы мен мәлiметтердің дұрыстығы үшiн жауапты болады.
Акционерлiк қоғамдардағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн немесе серiктестiктiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiк үлестi сату кезiнде мүлкiнiң сақталуы мен мәлiметтердiң шынайылығы үшiн акционерлiк қоғамның немесе серiктестiктiң басшылығы жауапты болады.
6. Жеке тұрған ғимаратта және қосып салынған үй-жайларда орналасқан жекешелендiру объектiлерi (жылжымайтын мүлiк) бойынша сауда-саттықта объект тұтас, яғни ғимарат, үй-жай және жекешелендiру объектiсiнiң барлық мемлекеттiк мүлкi ол үшiн бөлiнген жер учаскесiмен бiрге сатылады.
Қосып салынған үй-жайларда орналасқан жекешелендiру объектiлерi (жылжымайтын мүлiк) бойынша жекешелендiру объектiсi орналасқан жер учаскесiнiң бiр бөлiгiн сату үшiн бөлу, учаске жер заңнамасына сәйкес бөлiнетiндер разрядына жататын жағдайда ғана жүргізіледi.
Бұл орайда жер учаскесiнiң құнын Сатып алушы жеке төлейдi.
Жекешелендiру объектiсi бөлiнбейтiн жер учаскесiне орналасқан жағдайда, сату шартында жер учаскесiн ортақ пайдаланудың тәртiбi ескерiледi.
7. Сатушы жекешелендiру объектiсiн сатуды осы Ережеде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгіленген тәртiппен жүзеге асырады. 8. Сатушының ерекше функциялары: 1) жекелеген сауда-саттықтар бойынша объектiлердi бөлу, сондай-ақ оларды жүргізудiң мерзiмдерiн белгiлеу; 2) жекешелендiру объектiлерiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағасын белгiлеу және бекiту; 3) кепілдiк жарналарды қабылдау; 4) Ұйымдастырушылармен сауда-саттықтарды ұйымдастырудың және өткiзудiң шарттарын жасасу; 5) аукциондарды ұйымдастырудың және өткiзудiң барысын бақылауды ұйымдастыру; 6) Сауда-саттықтардың жеңiмпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуын бақылау;
7) Қатысушымен, Сатып алушымен және Ұйымдастырушымен сауда-саттық жүргізу рәсімдерiмен байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру болып табылады.
9. Сауда-саттықтарға қатысуға жеке тұлғаларға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға және шетелдiк заңды тұлғаларға рұқсат етiледi.
10. Мыналар:
1) жарғылық капиталында мемлекеттің үлесi 20 пайыздан астамды құрайтын заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне немесе құрылтайшылық құжаттарына сәйкес қызметтің жүзеге асырылуы объектiлердi сауда-саттықтарда сатудың шарты болып табылатын түрлерiмен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар;
3) Аукционды ұйымдастырушы;
4) Сатып алу-сату шартын жасасу және орындау жөнiндегi тиiстi міндеттемелерін орындамаған бұрынғы сауда-саттықтардың жеңiмпаздары сауда-саттықтардың қатысушысы бола алмайды.
11. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сату кезiнде Сатып алушы - акционерлiк қоғам, егер соңғысы Сатып алушының акцияларына ие болса, акционерлiк қоғам акцияларының 25 пайызынан артықты сатып ала алмайды.
2. Комиссия
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |