Bestprofi Logo

Қаулы № 613 от 2010-06-18г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1. «Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 27, 317-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесінде:

23-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы алынып тасталсын;

25-тармақтың екінші бөлігіндегі «, статистикалық кәртішкенің» деген сөздер алынып тасталсын.

2. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:

«көшірмелері» деген сөз «көшірмесі» деген сөзбен ауыстырылсын;

«және статистикалық карточканың» деген сөздер алынып тасталсын;

«4) аңшылық шаруашылығы ұйымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;».

3. «Қазақстан Республикасының теңіз көлігінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қазандағы № 1033 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 431-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз көлігінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесінде:

20-тармақтың 2) тармақшасында «, статистикалық карточканың» деген сөздер алынып тасталсын.

4. «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 243-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алу және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеу ережесінде:

13-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын.

5. «Өнеркәсіп саласындағы біліктілік талаптарына лицензиялау субъектілерінің сәйкестігін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру үшін тәуелсіз сарапшыларды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі № 778 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 27, 361-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы біліктілік талаптарына лицензиялау субъектілерінің сәйкестігін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру үшін тәуелсіз сарапшыларды аккредиттеу ережесінде:

8-тармақтың 2) тармақшасында «және статистикалық карточканың» деген сөздер алынып тасталсын.

6. «Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 630-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын мемлекеттік тіркеу ережесінде:

5-тармақтың 3) тармақшасында «заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариалды расталған көшірмесін,» деген сөздер алынып тасталсын.

7. «Активтерді басқарудың тиімділігіне талдау жүргізу, жекешелендіру объектілерінің құнын және олардың қаржылық жай-күйін бағалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу, инвестициялық міндеттемелерді орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 593 қаулысында («Егемен Қазақстан» 2005 жылғы 21 маусым № 137, Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 306-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Активтерді басқарудың тиімділігіне талдау жүргізу, жекешелендіру объектілерінің құнын және олардың қаржылық жай-күйін бағалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу, инвестициялық міндеттемелерді орындау ережесінде:

26-тармақтың 2) тармақшасының он бесінші абзацы алынып тасталсын.

8. «Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 143-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесінде:

16-тармақтың екінші бөлігінде «, статистикалық карточкасының» деген сөздер алынып тасталсын.

9. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:

13-тармақтың 3) тармақшасында «және статистикалық карточкасының» деген сөздер алынып тасталсын.

10. «Ауыл шаруашылығы санағын өткізудің ережесі мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 1081 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 459-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы санағын өткізудің мерзімдері мен ережесінде:

кіріспесінде «1997 жылғы 7 мамырдағы» деген сөздер «2010 жылғы 19 наурыздағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың 1) тармақшасында «жөніндегі статистикалық операция» деген сөздер «мақсатында жүргізілетін ұлттық санақ» деген сөздермен ауыстырылсын.

11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 22-тармағы алынып тасталсын.

12. «Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 170-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесінде:

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание