Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Осы редакция 22.12.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 27, 317-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесінде:
23-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы алынып тасталсын;
25-тармақтың екінші бөлігіндегі «, статистикалық кәртішкенің» деген сөздер алынып тасталсын.
2. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
110-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында:
«көшірмелері» деген сөз «көшірмесі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«және статистикалық карточканың» деген сөздер алынып тасталсын;
112-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аңшылық шаруашылығы ұйымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;».
3. «Қазақстан Республикасының теңіз көлігінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қазандағы № 1033 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 431-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз көлігінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесінде:
20-тармақтың 2) тармақшасында «, статистикалық карточканың» деген сөздер алынып тасталсын.
4. «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 243-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алу және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеу ережесінде:
13-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын.
5. «Өнеркәсіп саласындағы біліктілік талаптарына лицензиялау субъектілерінің сәйкестігін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру үшін тәуелсіз сарапшыларды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі № 778 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 27, 361-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы біліктілік талаптарына лицензиялау субъектілерінің сәйкестігін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру үшін тәуелсіз сарапшыларды аккредиттеу ережесінде:
8-тармақтың 2) тармақшасында «және статистикалық карточканың» деген сөздер алынып тасталсын.
6. «Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 630-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын мемлекеттік тіркеу ережесінде:
5-тармақтың 3) тармақшасында «заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариалды расталған көшірмесін,» деген сөздер алынып тасталсын.
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 09.11.2010 № 1177 Қаулысымен. (11.10.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
8. «Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 143-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесінде:
16-тармақтың екінші бөлігінде «, статистикалық карточкасының» деген сөздер алынып тасталсын.
9. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:
13-тармақтың 3) тармақшасында «және статистикалық карточкасының» деген сөздер алынып тасталсын.
10. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 11.10.2010 № 1049 Қаулысымен (18.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақта «22,» деген сан алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 22-тармағы алынып тасталсын.
12. «Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 170-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесінде:
Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесіне 1-қосымшаның 3-тармағының бесінші абзацы алынып тасталсын;
Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесіне 4-қосымшаның 3-тармағының төртінші абзацы алынып тасталсын.
13. «Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 180-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесінде:
7 және 10-тармақтардың 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: