• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 Қаулысы       
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 18 маусымдағы
 № 613 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
«көшірмелері» деген сөз «көшірмесі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«және статистикалық карточканың» деген сөздер алынып тасталсын;
«4) аңшылық шаруашылығы ұйымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;».
3. «Қазақстан Республикасының теңіз көлігінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қазандағы № 1033 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 431-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз көлігінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесінде:
20-тармақтың 2) тармақшасында «, статистикалық карточканың» деген сөздер алынып тасталсын.
4. «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 243-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алу және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеу ережесінде:
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 22.12.2010 № 1396 Қаулысымен (09.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
6. «Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 630-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын мемлекеттік тіркеу ережесінде:
5-тармақтың 3) тармақшасында «заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариалды расталған көшірмесін,» деген сөздер алынып тасталсын.
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 09.11.2010 № 1177 Қаулысымен. (11.10.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
8. «Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 143-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесінде:
16-тармақтың екінші бөлігінде «, статистикалық карточкасының» деген сөздер алынып тасталсын.