• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2015 г

Отправить по почте

7

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 30.07.2015 жылғы № 638 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 34-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 25 қазандағы
 № 1358 қаулысымен
 бекітілген
2
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.06.2013 жылғы № 582 Қаулысымен (25.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 786 Қаулысымен (06.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.12.2013 жылғы № 1336 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)  21.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік тапсырманы орындаушы ретінде айқындаған денсаулық сақтау ұйымдарынан; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтары шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне және бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес көрсетілетін медициналық қызметтерден; уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес, отандық медициналық ұйымдар шартында шетелде емделуге үміткер Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға көрсетілген медициналық қызметтерден басқа Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсету жөніндегі тиісті лицензиясы бар қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыру және оның шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды.
1) азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу – медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарының МСАК көрсету және азаматтардың ТМККК шеңберінде оны алу құқықтарын іске асыру жөніндегі міндеттемелерін тіркеу;
2) әлеуетті қызметтер беруші – ТМККК көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісі;
3) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі не облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – ДБ);
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектісі – бюджет қаражаты есебінен салынған, алғаш рет пайдалануға берілген, оны басқару аталған объектіде тиісті қызметті жүзеге асыруға лицензия берілген ұйымға тапсырылған объект;
6) қосалқы мердігер – ТМККК көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындау үшін қызметтер беруші қосалқы мердігерлік шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
7) қызметтер беруші – ТМККК көрсетуге шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
8) қызметтер берушіні таңдау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – осы Қағидаларға сәйкес тапсырыс беруші құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
9) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті немесе тиісті облыстың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары;
10) тарификатор – уәкілетті орган бекіткен құны көрсетілген медициналық қызметтердің бірыңғай тізбесі;
11) ТМККК консультациялық-диагностикалық көмегін көрсетуге арналған ниет білдіру туралы шарт (бұдан әрі – ниет білдіру шарты) – әлеуетті қызметтер беруші мен электрондық тізілімге қосылған КДК әлеуетті қосалқы мердігер арасында жасалған шарт;
12) ТМККК консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін әлеуетті қосалқы мердігер (бұдан әрі – КДК әлеуетті қосалқы мердігері) – ТМККК көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындауға үміткер денсаулық сақтау субъектісі;
13) ТМККК консультациялық-диагностикалық көмегінің әлеуетті қосалқы мердігерлерінің электрондық тізілімі (бұдан әрі – электрондық тізілім) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін КДК әлеуетті қосалқы мердігерлерінің дерек қоры;
14) ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау (бұдан әрі – қызметтер берушіні таңдау) – осы Қағидалардың талаптарына қызметтер берушінің сәйкестігін айқындауға және ТМККК көрсетуге шарт жасасу арқылы ТМККК орналастыруға бағытталған өзара байланысты дәйекті іс-шаралар кешенінен тұратын рәсім;
15) ТМККК көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) – осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс беруші мен қызметтер берушінің арасында жасалған ТМККК көрсетуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;
16) ТМККК орналастыру – комиссияның осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті қызметтер берушілерге ТМККК көлемін айқындауы.
3. Тапсырыс беруші әкімші бекіткен міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының негізінде қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.
психикалық, инфекциялық, онкологиялық аурулармен және туберкулезбен, алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын;
оңалту орталықтарындағы, санаторийлердегі науқастарға медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, стационарлық көмек пен стационарды алмастыратын көмек;
республикалық маңызы бар медициналық ұйымдардағы амбулаториялық-емханалық көмектің нысандарында көрсетілетін медициналық көмектің білікті; мамандандырылған; жоғары мамандандырылған; медициналық-әлеуметтік түрлері бойынша республикалық бюджет қаражатының есебінен;
республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын ТМККК көрсету жөніндегі қызметтерді қоспағанда, медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5. Қызметтер берушіні таңдау мынадай қағидаттарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың денсаулық сақтау субъектілерін еркін таңдауын іске асыру;
3) ТМККК көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша қаражатын қызметтер берушінің ұтымды жұмсауын қамтамасыз ету;
4) қызметтер берушілерді таңдау рәсіміне қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерге тең мүмкіндіктер беру;
5) қызметтер берушіні таңдау процесінің ашықтығы мен айқындылығы;
6) әлеуетті қызметтер берушілердің арасындағы адал бәсекелестік;
7) денсаулық сақтау саласында аккредиттелген әлеуетті қызметтер берушілерге шарттар жасасуға басым құқық беру;
8) аумақтылық (қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарламада көрсетілген ТМККК көрсету орны бойынша қызметтер берушінің орналасуы) қағидаттарын сақтай отырып, жүзеге асырылады.
6. Әлеуетті қызметтер беруші мынадай талаптарға сай болуы тиіс: