• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015 г

Отправить по почте

"Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1659 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 12, 225-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 19 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 3-4, 9-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 20-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 21 желтоқсандағы
 № 1659 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 1641 қаулысымен
 бекітілген
Жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар (бұдан әрі – РЭҚ) мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі – ЖЖҚ) пайдалану, сондай-ақ РЭҚ-ның электромагниттік үйлесімділігін (бұдан әрі – ЭМҮ) есептеуді жүргізудің жалпы тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың талаптары байланыс қызметін көрсететін және (немесе) өндірістік қызметте РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қағидаларда Халықаралық электр байланысы одағының 1988 жылғы 9 желтоқсандағы Радиобайланыс регламентінің (International Telecommunication Union, ITU, Мельбурн) ережелері және Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсыныстары ескерілді.
Осы Қағидалар:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес РЭҚ пен ЖЖҚ-ға;
2) Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі радиожиілікпен қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың РЭҚ пен ЖЖҚ-ға қолданылмайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) абоненттік құрылғы – абонент берген ақпаратты тарату немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
2) РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесі – осы құралдар немесе құрылғылар меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не болмаса өзге заңды негізде (жалға алу, өтеусіз пайдалану) болатын заңды немесе жеке тұлға;
3) жоғары жиілікті құрылғы (ЖЖҚ) – телекоммуникация саласында пайдалануды қоспағанда, электромагниттік энергияны өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа мақсаттарда шоғырландыруға және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
4) өтініш беруші – жеке немесе заңды тұлға РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесінің өкілі, не оның сенім білдірілген тұлғасы;
5) радиожиілік спектрін пайдаланушы – жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;
6) радиожиілік немесе радиожиілік арнасын иелікке беру – тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға беретін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат, ол осы рұқсатта көрсетілген жиіліктер жолағын, радиоэлектронды құралды қолданумен радиожиілікті (радиожиілік арнасын) пайдалануға арналады;
7) жылжымалы радиоэлектрондық құрал – географиялық координаталарға тұрақты байланыстырылмаған радиоэлектрондық құрал;
8) радиожиілік спектрі (РЖС) – 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі ауқымдағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
9) радиоэлектрондық құрал (РЭҚ) – көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан құралатын техникалық құрал;
10) электромагнитті үйлесімділік (ЭМҮ) – техникалық құралдың өзге техникалық құралдарға радиокедергілер жасамау және нақты пайдалану шарттарында өздеріне абайсызда келтірілген радиокедергілер әсер еткен кезде талап етілетін сапамен бір мезгілде қызмет ету қабілеті;
11) жиілікті бірлесіп пайдалану – екі немесе одан да көп пайдаланушылардың жиіліктерді пайдалануы;
12) стационарлық радиоэлектрондық құрал – тұрақты географиялық координаталары бар РЭҚ;
13) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті;
14) радиожиілік ресурсы (РЖР) – белгілі бір аумақта эфирде жұмыс істеуге арналған, Халықаралық электр байланысы одағының талаптарын қанағаттандыратын және:
жиіліктердің диапазоны;
жиіліктердің қолданылатын спектрінің ені;
пайдаланылатын технологиялар, көрсетілген ресурсты пайдалануға рұқсат қолданысының уақыт кезеңі ескерілетін қолданыстағы және әлеуетті ықтимал жиілік тағайындауларының жиынтығы;
15) ұйым – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Рұқсат құжаттарын рәсімдеу кезіндегі лауазымды адамдардың әрекеттеріне және әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көрсетілген тәртіп бойынша шағымдануға болады.
2. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру тәртібі
4. Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алу талап етілетін радиоэлектрондық құралдардың (бұдан әрі – РЭҚ) тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізімде көрсетілген.
Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру тәртібі осы Қағидалардың 3-бөлімімен реттеледі.
5. Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсат немесе Қазақстан Республикасының туы астында жүзетін кемелер үшін радиожиілік спектрін пайдалануға кеме станциясының рұқсатын (бұдан әрі – кеме станциясының рұқсаты) алу үшін өтініш беруші радиожиілік ресурсы (бұдан әрі – РЖР) пайдаланылатын жердегі уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) иелікке беруге өтінім (бұдан әрі – өтінім) қағаз және электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz. интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынуға тиіс. Әр байланыс түрі үшін жеке өтінім беріледі.
Өтінім қағаз және электрондық тасығышта ұсынылған жағдайда, ұйым қызметкерлері өтінімді www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы аумақтық орган қызметкерінің ұсынуы үшін өңдейді. Уәкілетті орган, аумақтық орган мен Ұйым арасындағы кейінгі өзара іс-қимыл www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.
6. Өтінім мынадай құжаттардан тұрады: