• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы және " Экспорттық бақылау туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау  ережесі;
2) лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік  талаптары;
3) экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың  тізбесі  бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір  шешімдерінің  күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 12 маусымдағы
 N 578 қаулысымен
 бекітілген
Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі
 1. Осы Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы және " Экспорттық бақылау туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты жөніндегі, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде қызметті лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті жүзеге асырады. 
Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті жүзеге асырады.
3. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.
4. Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына арналған лицензия және жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде берілетін лицензия (бұдан әрі - лицензия) иеліктен алынбайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
1) ішкі нарықта оларды сату (өткізу) немесе пайдалану лицензия негізінде жүзеге асырылатын тауарлар экспортының мәні болып табылған;
2) осы тауарды шығару және өткізу Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік монополияға жатқызылған жағдайларда орын алуы мүмкін. 
Тауарлар лицензияда көрсетілген мемлекеттерге ғана әкетілуі мүмкін.
6. Жекелеген тауарлардың импортын лицензиялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің қауіпсіздігі, азаматтардың өмірі немесе денсаулығы, қоршаған орта қисыны бойынша және отандық тауар өндірушілерді және сандық шектеулерді қолданбастан Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қорғау мақсатында жүзеге асырады.
7. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде өтінішті мақұлдау барлық жағдайларда беріледі. Бұл ретте импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін импорттаушы мүшенің заңды талаптарын орындайтын кез келген адам импортпен жұмыс істеуге және лицензия алуға тең құқыққа ие болады. Лицензияны алуға өтініш тауарларды кедендік тазартуға дейін кез келген жұмыс күні берілуі мүмкін. Лицензия алуға өтінішті және тиісті және толық нысанда қажетті құжаттарды беру кезінде он жұмыс күні ішінде лицензия беріледі. 
Осы Ереженің 11-тармағының әрекеті жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде қолданылмайды.
8. Импорты автоматты түрде лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу, беруден бас тарту, тоқтату, күшін тоқтата тұру және айыру тәртібі
2) заңды тұлға үшін - өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
10. Лицензия беру үшін лицензиарға берілген барлық құжаттар тізілім бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгісімен өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).
11. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса, өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді. 
Лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде лицензия беруге не лицензияны беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті. 
Егер лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензия бермесе не өтініш берушіге лицензия беруден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарламаса, онда осы Ережеде белгіленген лицензия беруге арналған мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарға олар мәлімдеген қызметтің түрін жүзеге асыру басталғаны туралы жазбаша хабарлайды. 
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге міндетті.
12. Жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензияларды (лицензиялардың телнұсқасын) беру кезінде алынады.
13. Лицензия осы Ережеге  3 және   4-қосымшаларға  сәйкес белгіленген нысандағы бланкілерде ресімделеді.
14. Лицензия әрбір жеке мәміле бойынша жекелеген тауарлардың, экспортын немесе импортын жүзеге асыру үшін күнтізбелік жылдың кезеңіне өтініш берушіге беріледі. 
Лицензия келісім-шартқа енгізілген оның атауларының санына қарамастан, 10 таңбалы кодты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың бір түріне беріледі. 
Жекелеген қызмет түрлерін бас лицензия бойынша жүзеге асыратын тұлғалар үшін қызметтің осы түрінде тұрақты пайдаланылатын жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына арналған лицензия қолданылу мерзіміне (келісім-шарт санына қарамастан жыл сайынғы экспорт (импорт) көлеміне) шек қойылмай беріледі.
15. Өтініш берушінің дәлелді өтініші бойынша бір жолғы лицензияның қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. 
Лицензияның қолданылу мерзімін ұзартуды лицензиардың қолымен және мөрімен лицензияға тиісті қосымша жазбаны енгізу жолымен лицензиар жүзеге асырады.
16. Бір жолғы лицензиялар жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына оларда көрсетілген мерзімге берілген рұқсат болып табылады және тауарды кедендік ресімдеу үшін негіз болады. 
Лицензиар кеден органдарының назарына лицензияны куәландыратын уәкілетті тұлғалардың қолдары мен мөр бедерлерінің үлгілерін жеткізеді.