• Мое избранное
Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысы

Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.10.2012 жылғы № 1320 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жояды 2017 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 07.04.2017 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес
«Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.01.2015 жылғы № 67 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.04.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы " 1999 жылғы 16 шілдедегі, "Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Экспорттық бақылау туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.09.2008 жылғы № 861 Қаулысымен (12.06.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.10.2008 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 1
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.10.2012 жылғы № 1320 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 17.10.2012 жылғы № 1320 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
  • 1
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.04.2015 жылғы № 287 Қаулысымен (03.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2015 жылы № 95 (28573) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiштердің нысандары;
  • 1
5) лицензия мен лицензияға қосымшаның нысандары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 12 маусымдағы
 N 578 қаулысымен
 бекітілген
  • 5
Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі
Ереже алынып тасталды ҚР Үкіметінің 17.10.2012 жылғы № 1320 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 12 маусымдағы
 N 578 қаулысымен
 бекітілген
  • 2
Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Біліктілік талаптары өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.10.2012 жылғы № 1320 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – талаптар) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес:
Талаптар мыналардың болуын қамтиды:
сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келісімшартының (шартының) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының өтінім берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесі;
егер өтінім беруші ретінде делдал әрекет етсе, экспорттаушы мен өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттардың өтінім берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесі;
Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімнің тек түпкі пайдаланушы елдің мұқтажы және қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға немесе беруге жол бермеу үшін ғана пайдаланылатыны туралы алушы елдің міндеттемелерін қамтитын алушы елдің уәкілетті мемлекеттік органы берген түпкі пайдаланушы сертификатының түпнұсқасы (экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттаған кезде).
  • 1
1) 0 санатына жатқызылған ядролық материалдардың, технологиялардың, құрылғылардың және жабдықтардың экспорты (импорты) кезінде:
ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдің құзыретті мемлекеттік органы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растаманың ресми түпнұсқасы;
  • 1
импорттау кезінде - Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растамасының ресми түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдің құзыретті органдары берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
растамалар ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:
ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіру үшін немесе қандай да бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтыны;
оларды іс жүзінде пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) кепілдігінде тұратындығы;
МАГАТЭ ұсынғаннан төмен болмайтын деңгейлердегі физикалық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетіндігі;
осы талаптардың тек 1-тармағының 1) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіні туралы міндеттемелерді қамтуы тиіс;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
  • 1
2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-санаттарға жатқызылған (ядролық жеткізушілер тобы (ЯЖТ) үшін ғана) жабдықтарды, материалдарды және қосарлы пайдаланудың тиісті технологияларын экспорттаған (импорттаған) кезде:
  • 1
ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы ресми растаманың түпнұсқасы;
импорттау кезінде - Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы ресми растаманың түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдің құзыретті органдары берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
  • 1
растамалар ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:
ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіру үшін немесе қандай да бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтыны;
  • 2
МАГАТЭ кепілдігінде тұрмаған ядролық отын циклі саласындағы қызметте пайдаланылмайтыны;
осы талаптардың тек 1-тармағының 2) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіні туралы міндеттемелерді қамтуы тиіс;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
3) иондаушы сәуле шығару көздерінің және изотоптардың, рентгендік, альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулеленуді (қосалқы бөлшектерді қоспағанда) пайдалануға негізделген аппаратураның импорты кезінде:
тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарында рәсімделген тапсырыс-өтінімнің түпнұсқасы;
тауар шыққан елдің құзыретті органы берген тауардың шығу тегі сертификатының көшірмесі немесе тауарды алғаннан кейін ұсынылғаны туралы кепілдік хаты;
иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (тек медициналық рентген жабдықтарына ғана);
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
4) жарылғыш материалдардың экспорты (импорты) кезінде (аңшылық оқ-дәрісінен басқа):
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сатып алуға (импорт үшін) рұқсаттың (куәліктің) көшірмесін;
аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсаттың көшірмесін;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сақтау үшін қойманы (базистік, шығыс) пайдалануға арналған рұқсаттың көшірмесін;
аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың көшірмесін;
жарылғыш материалдарды автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда, аумақтық жол полиция органы рұқсат берген қауіпті жүктерді тасымалдауға көлік құралына берілген рұқсаттың, тасымалдауға арналған рұқсаттың және қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына арналған лицензияның көшірмелерін;
5) азаматтық пиротехникалық бұйымдардың экспорты (импорты) кезінде:
аумақтық ішкі істер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға (импорттау үшін) берген лицензияның көшірмесі;
аумақтық ішкі істер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға берген рұқсаттың көшірмесі;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтау үшін қойманы (базистік, шығыс) пайдалануға арналған рұқсаттың, куәліктің көшірмесін;
6) 9-санатқа жатқызылған экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты (импорты) кезінде:
экспортталатын өнімге техникалық ұсыныс (авангардтық жоба) немесе техникалық жоба;
Ескертпе:
Импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысы сертификатының түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
2. Тауарлардың экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1) озон қабатын бұзатын заттардың және оларды құрайтын өнімдердің экспорты (импорты) кезінде:
комиссияның шартының (келісімшартының) көшірмесі немесе тапсырмалар (егер тапсырыс беруші ретінде делдал әрекет етсе);
сәйкестікті растау жөніндегі орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген зертхана (орталық) хаттамасы;
сақтандыру полисінің көшірмесі;
рециклирленген озон қабатын бұзатын заттардың экспорты (импорты) жағдайында – көрсетілген фактіні, сондай-ақ оларды одан әрі регенерацияау ниетін растайтын құжат;
2) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің (улы химикаттардың) импорты кезінде:
пестицидтерді (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариалды куәландырған) өндіруге (формуляциялауға) және/немесе сатуға арналған лицензияның көшірмесі;
жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттардың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері мен жер учаскелерін химиялық өңдеуге қажетті пестицидтер санының есептеулері (егер өтінім беруші пестицидтерді сату үшін емес өзінің меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінде қолдану үшін әкелген жағдайда);
пестицидті тіркеуші фирма мен дистрибьютор компанияның арасындағы лицензиялық келісімнің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) немесе тіркеуші фирмадан сатушының ресми дистрибьюторлығы туралы растау хаты (егер өтінім беруші пестицидтерді дистрибьютор-компаниядан әкелетін жағдайда);
3) қауіпті қалдықтардың экспорты (импорты) кезінде:
өндірістік базаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы;
Базель конвенциясына сәйкес аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының келісімі;
егер тапсырыс беруші делдал болып әрекет етсе, экспорттаушы мен өндірушінің немесе импорттаушы мен тауарды тұтынушы арасындағы келісімшарттың (шарттың) көшірмесі;
тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі айтылған қалдықтарды жоюға жауапты экспорттаушы мен тұлғаның арасындағы келісімшарттың көшірмесі;
Базель конвенциясының талаптарына сәйкес қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 данада);
Базель конвенциясының талаптарына сәйкес қалдықтарды тасымалдау туралы құжат;
әкелінетін қалдықтарды қолдану үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктер туралы ақпарат;
Базель конвенциясына сәйкес қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдауды сақтандыруды растайтын құжаттың көшірмесі;
қалдықтарды қолдану бойынша қызмет түрін іске асыру үшін лицензияның көшірмесі;
4) минералогия, палеонтология бойынша коллекциялық материалдардың, қазып алынатын жануарлардың сүйектерінің экспорты (импорты) кезінде өтінім беруші тауарды өндіру және иеленудің заңдылығын куәландыратын қосымша құжаттар ұсынады.
5) жануарлар немесе өсімдік текті тауарлардың экспорты кезінде өтінім беруші тауарды дайындау, жинау, өндіру немесе аулау заңдылығын куәландыратын қосымша құжаттар ұсынады.
балық және басқа да су жануарларының экспорты кезінде – аулану орны жөнінде анықтама, әкетілетін өнімді алғандығын растайтын құжаттар (сатып алу - сату шарты, түбіртек, жүкқұжат, төлем тапсырмасы).
6) Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлерге жататын жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің, олардың бөліктері және (немесе) дериваттарының экспорты кезінде өтінім беруші жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, өндіру немесе аулау заңдылығын куәландыратын қосымша құжаттар ұсынады.
балық және басқа да су жануарларының экспорты кезінде – аулану орны жөнінде анықтама, әкетілетін өнімді алғандығын растайтын құжаттар (сатып алу - сату шарты, түбіртек, жүкқұжат, төлем тапсырмасы).
7) минералды шикізаттың экспорты кезінде өтінім беруші тауарды өндіру және иемденудің заңдылығын куәландыратын қосымша құжаттар ұсынады.
8) улы заттардың, пестицидтердің (улы химикаттардың) экспорты (импорты) кезінде:
химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты;
сақтандыру полисінің көшірмесі;
сақтауға арналған қойманың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы;
сақтау қоймаларының жаңаларын салу немесе оларды қайта жаңарту кезінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы;
егер өтінім беруші ретінде делдал әрекет еткен жағдайда, қалдықтарды, оның ішінде пайдаланылған өнім ыдыстарын кәдеге жаратуға, сақтауға және көмуге кәсіпорынмен жасалған шарт ұсынылады және тауарды кейіннен тұтынушыларға сату үшін келісімшарттарда (шарттарда) пайдаланылған өнімнің ыдысын міндетті түрде қайтаруды көздеу қажет;
келісімшарттарда (шарттарда) өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарының, химиялық (уытты) заттар мен өнеркәсіп қалдықтарының импорты кезінде ақаулы тауарларды экспорттаушыға қайтару тәртібін көздеу қажет;
9) азаматтық мәндегі радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың, оның ішінде орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін тауарлардың импорты кезінде:
әкелінетін радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар (бұдан әрі – РЭҚ және ЖЖҚ) туралы деректер – атауы, типі, моделі, өндіруші мемлекет, техникалық сипаттамалары (радиожиіліктің белдіктері, жиілік торының қадамы, таратқыш қуаттылығы, радиодабыл модуляциясының типі немесе түрі);
РЭҚ құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдардың болуы (болмауы) туралы ақпарат;
әрбір РЭҚ және ЖЖҚ түрлері үшін Кеден одағына қатысушы мемлекеттер белгілеген үлгідегі сертификат берген органның мөр таңбасымен расталған сәйкестік сертификатының көшірмесі (сәйкестікті растау), егер мұндай құжаттың болуы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамаларында қарастырылған болса.
10) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерін, қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезінде:
экспортталатын (импортталатын) тауардың ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесі немесе аумақтық бөлімшелері берген жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу мәніне техникалық зерттеу жөніндегі қорытынды;
11) шифровалды (криптографиялық) құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезінде:
ұлттық қауіпсіздік органының уәкілетті бөлімшесі немесе аумақтық бөлімшелерімен берілген экспортталатын (импортталатын) тауарды ақпаратты криптографиялық қорғауға жатқызу мәніне арналған техникалық зерттеу жөніндегі қорытынды;
12) мәдени құндылықтардың, ұлттық мұрағат қорларының құжаттары мен мұрағат құжаттарының түпнұсқаларының экспорты (импорты) кезінде:
әкелінетін мәдени құндылықтардың (мұрағат құжаттарының) тізімі (тізімдемесі) екі данада;
әрбір әкетілетін мәдени құндылықтардың барынша сипатты кескінді 10х15 см өлшеміндегі екі фотосуретін немесе әкетілетін мұрағат құжатының екі көшірмесі, ал қажет болған жағдайда – мәдени құндылықтың (мұрағат құжатының) өзін;
мәдени құндылыққа (мұрағат құжатына) меншік құқығын растайтын құжат;
13) адамның мүшелері және (немесе) тіндері, қаны және оның компоненттерінің экспорты (импорты) кезінде өтінім беруші адамның мүшелері және (немесе) тіндері, қаны және оның компоненттерін әкелу немесе әкету мүмкіндіктері туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдарының рұқсатын қосымша ұсынады.
14) азаматтық және қызметтік қару мен патрондардың экспорты (импорты) кезінде:
ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға (импорттау үшін) лицензияның көшірмелері;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау (егер қару Мемлекеттік кадастрға енгізілген жағдайда) бойынша жұмыстарды атқару үшін белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға берген сәйкестік сертификатының көшірмесі;
қару мен пайдаланылатын патрондардың атауы мен моделінің белгісі (патрондардың үлгісі) туралы ақпаратты, негізгі техникалық көрсеткіштерін, қаруды дайындаушы елдің және фирманың атауы, оның түрлі-түсті фотосуреті (егер қару кадастрға енгізілмеген жағдайда);
алушы заңды тұлғаға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы қару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге (экспортқа берілетін лицензияға арналған өтініш келісілген кезде) берген рұқсаттардың (лицензиялардың) көшірмелері;
15) отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпарат экспорты кезінде өтінім беруші жер қойнауы жөніндегі ақпаратты алу заңдылығын куәландыратын құжаттар ұсынады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
N 578 қаулысымен
бекітілген
  • 3
Экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.10.2012 жылғы № 1320 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тізбе өзгертілді ҚР Үкiметiнiң 03.06.2014 жылғы № 607 Қаулысымен (17.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тізбе күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.04.2015 жылғы № 287 Қаулысымен (03.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2015 жылы № 95 (28573) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 12 маусымдағы
 № 578 қаулысымен
 бекітілген
Осы Қаулы қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 17.10.2012 жылғы № 1320 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру туралы өтініш
 
1. Өтініш № 2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне|
3. Лицензияның типі
|ЭКСПОРТ
4. Келісім-шарт
____ жылғы № ___
5. Өтініш беруші| 6. Сатып алушы
7. Тағайындалған елі| 8. Сатып алушының елі|
9. Келісімшарт валютасы| 10. Құны 11. Статистикалық құны
12. Шығарылған елі| 13. Саны 14. Өлшем бірлігі
15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы
16. Қосымша ақпарат
17. Лицензия беру үшін негіздеме 18. Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы
Т.А.Ә
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі Күні
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беру туралы өтініш
 
1. Өтініш № 2. Қолдану кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне|
3. Лицензияның типі
|ИМПОРТ
4. Келісімшарт
____ жылғы № ___
5. Өтініш беруші 6. Сатушы
7. Жіберу елі 8. Сатушының елі
9. Келісім-шарт валютасы 10. Құны 11. Статистикалық құны
12. Шығарылған елі 13. Саны 14. Өлшем бірлігі
15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы
16. Қосымша ақпарат
17. Лицензия беру үшін негіздеме 18. Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі Күні
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішке қосымша
 
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы
жылғы № лицензияға қосымша
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Барлығы парақ парақ № 18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні
(нысан)
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына лицензия беру туралы өтініш
 
1. ЛИЦЕНЗИЯ №
2. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны) 7. Сатып алушы, оның мекенжайы
4. Әзірлеуші, оның мекенжайы 8. Сатып алушының елі
5. Тағайындалған елі 9. Қолданылу мерзімі
6. Кеден органы 10. Мәміле сипаттамасы
11. Төлем валютасы
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы 13. Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды 15. Өлшем бірлігі КО СЭҚ ТН бойынша (негізгі немесе қосалқы) 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында:
14. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды 16. Саны
18. Лицензия сұрау үшін негіз 20. Келісілді
19. Өтініш берушіден
Т.А.Ә.
лауазымы
қолы, МО күні
21. ҚР мемлекеттік органы -
лицензиар Өтініш қарауға қабылданды 201__ ж. «___» __________
22. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы
23. Лицензияның ерекше шарттары
(нысан)
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импортына лицензия беру туралы өтініш
 
1. ЛИЦЕНЗИЯ №
2. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны) 7. Сатушы, оның мекенжайы
4. Тұтынушы, оның мекен-жайы 8. Сатушының елі
5. Шыққан елі 9. Қолданылу мерзімі
6. Кеден органы 10. Мәміле сипаттамасы
11. Төлем валютасы
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы 13. Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды 15. Өлшем бірлігі КО СЭҚ ТН бойынша (негізгі немесе қосалқы) 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында:
14. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды 16. Саны
18. Лицензия сұрау үшін негіз 20. Келісілді
19. Өтініш берушіден
Т.А.Ә.
лауазымы
қолы, МО күні
21. ҚР мемлекеттік органы -
лицензиар Өтініш қарауға қабылданды 201__ ж. «___» __________
22. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы
23. Лицензияның ерекше шарттары
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 12 маусымдағы
 № 578 қаулысымен
 бекітілген
Осы Қаулы қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 17.10.2012 жылғы № 1320 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
(нысан)
  • 1
Тауардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия
 
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы
1. лицензия № 2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне|
3. Лицензияның типі
|ЭКСПОРТ
4. Келісімшарт
____ жылғы № ___
5. Өтініш беруші| 6. Сатып алушы
7. Тағайындалған елі| 8. Сатып алушының елі|
9. Келісімшарт валютасы| 10. Құны 11. Статистикалық құны
12. Шығарылған елі| 13. Саны 14. Өлшем бірлігі
15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы
16. Қосымша ақпарат
17. Лицензия беру үшін негіздеме 18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия
 
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы
1. лицензия № 2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне|
3. Лицензияның типі
|ИМПОРТ
4. Келісімшарт
____ жылғы № ___
5. Өтініш беруші| 6. Сатушы
7. Жөнелту елі| 8. Сатушының елі|
9. Келісім-шарт валютасы| 10. Құны 11. Статистикалық құны
12. Шығарылған елі| 13. Саны 14. Өлшем бірлігі
15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы
16. Қосымша ақпарат
17. Лицензия беру үшін негіздеме 18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензияға қосымша
 
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы
жылғы № лицензияға қосымша
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Р/с
Тауардың сипаттамасы саны өлшем бірлігі
құны
Барлығы парақ № парақ 18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні
(нысан)
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына лицензия
 
1. ЛИЦЕНЗИЯ №
2. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны) 7. Сатып алушы, оның мекенжайы
4. Әзірлеуші, оның мекенжайы 8. Сатып алушының елі
5. Баратын елі 9. Қолданылу мерзімі
Ұзарту
6. Кеден органы 10. Мәміле сипаты
11. Төлем валютасы
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы 13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды 15. Өлшем бірлігі ҚР СЭҚ ТН бойынша (негізгі/қосалқы) 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында:
14. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды 16. Саны
18. Лицензия сұрау үшін негіз 20. Келісілді
19. Өтініш берушіден
Т.А.Ә.
лауазымы
қолы, МО күні
21. ҚР мемлекеттік органы -
лицензиар Өтініш қарауға қабылданды 200__ ж. «___» __________
22. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы
23. Лицензияның ерекше шарттары
(нысан)
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импортына лицензия
 
1. ЛИЦЕНЗИЯ №
2. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны) 7. Сатушы, оның мекенжайы
4. Тұтынушы, оның мекен-жайы 8. Сатушының елі
5. Шыққан елі 9. Қолданылу мерзімі
Ұзарту
6. Кеден органы 10. Мәміле сипаты
11. Төлем валютасы
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы 13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды 15. Өлшем бірлігі ҚР СЭҚ ТН бойынша (негізгі/қосалқы) 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында:
14. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды 16. Саны
18. Лицензия сұрау үшін негіз 20. Келісілді
19. Өтініш берушіден
Т.А.Ә.
лауазымы
қолы, МО күні
21. ҚР мемлекеттік органы -
лицензиар Өтініш қарауға қабылданды 201__ ж. «___» __________
22. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы
23. Лицензияның ерекше шарттары
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 12 маусымдағы
 N 578 қаулысына
 қосымша
  • 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің ТІЗІМІ
1. "Қазақстан Республикасында этил спирті мен алкогольді өнімдер импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат).
2. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 39 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 3, 14-құжат).
4. "Республикаға ізгілік көмек желісі бойынша импортталған дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтың импортын лицензиялау мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 желтоқсандағы N 1283 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 428-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы N 1347 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 49, 456-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы N 1351 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 49, 458-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қаңтардағы N 31 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 9-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 ақпандағы N 175 қаулысы.
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 186 қаулысы.
10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 қыркүйектегі N 1380 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 46, 424-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1425 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 47, 434-құжат).
12. "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасына әкелінетін экспорттық бақылауға жататын өнімді пайдалану жөніндегі міндеттемелерді ресімдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1919 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 55-56, 546-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы N 675 қаулысы.
14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы N 787 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 24, 274-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1133 қаулысы.
16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1151 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 31, 390-құжат).
17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1526 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 42, 489-құжат).
18. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1591 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 43, 515-құжат).
19. "Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 556-құжат).
20. "Қайталама түсті және қара металдар рыногын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қарашадағы N 1713 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 565-құжат).
21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 ақпандағы N 255-11қ және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 желтоқсандағы N 1870 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 55, 608-құжат).
22. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы N 1913 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 55, 615-құжат).
23. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат).
24. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 наурыздағы N 372 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 11, 122-құжат).
25. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 451 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 13, 156-құжат).
26. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 сәуірдегі N 539 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 14, 188-құжат).
27. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қазандағы N 1289 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 34, 448-құжат).
28. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 2000 жылғы 5 маусымдағы N 841 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қаңтардағы N 13 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 1, 4-құжат).
29. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 1997 жылғы 26 қарашадағы N 1659 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 389 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 95-құжат).
30. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 666 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 18, 200-құжат).
31. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 830 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 256-құжат).
32. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы N 924 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 27, 305-құжат).
33. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнім өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетін тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 72 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 2, 32-құжат).
34. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қыркүйектегі N 893 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 36, 361-құжат).
35. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 929 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 37, 377-құжат).
36. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы N 170 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 7, 97-құжат).
37. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 маусымдағы N 660 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 24, 312-құжат).
38. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 маусымдағы N 663 қаулысы 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 24, 315-құжат).
39. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 маусымдағы N 688 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 325-құжат).
40. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы N 860 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 30, 403-құжат).
41. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 149 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 9, 80-құжат).
42. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 316 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 15, 178-құжат).
43. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 20 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 3, 19-құжат).