• Мое избранное
Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 511 Қаулысы

Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2008 жылғы № 262 Қаулысымен (06.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)
«Жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.12.2014 жылғы № 158 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған: 
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2008 № 262 Қаулысымен. (06.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы 851 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 35, 351-құжат);
2) "Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 990 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 404-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 маусымдағы
N 511 қаулысымен
бекітілген
Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін Акт на право частной собственности на земельный участок
Акт өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.04.2013 жылғы № 359 Қаулысымен (01.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Акт күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 маусымдағы
N 511 қаулысымен
бекітілген
Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін Акт на право постоянного землепользования
Акт өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.04.2013 жылғы № 359 Қаулысымен (01.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Акт күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 маусымдағы
N 511 қаулысымен
бекітілген
Уақытша (ұзақ мерзімге, қысқа мерзімге) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін Акт на право временного возмездного (долгосрочного, краткосрочного) землепользования (аренды)
Акт өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.04.2013 жылғы № 359 Қаулысымен (01.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Акт күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 маусымдағы
N 511 қаулысымен
бекітілген
Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін Акт на право временного безвозмездного землепользования
Актіге өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.02.2010 № 96, 01.11.2011 № 1264 Қаулыларымен. (24.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Акт өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.04.2013 жылғы № 359 Қаулысымен (01.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Акт күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2006 жылғы 6 маусымдағы
 N 511 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi N 910 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 36, 369-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесiнде: 
мәтiндегi "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган (бұдан әрi - облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi орган)", "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган", "облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi орган", "жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық органның" деген сөздер тиiсiнше "жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - облыстық жер қатынастары жөнiндегi орган)", "облыстық жер қатынастары жөнiндегi орган", "облыстық жер қатынастары жөнiндегi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган", "жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен" деген сөздер тиiсiнше "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы", "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақта "белгiлеудi" деген сөз "белгiлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. "Жердi сақтап қою ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 қыркүйектегi N 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 407-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жердi сақтап қою ережесiнде:
5-тармақтағы "атқарушы органдар," деген сөздерден кейiн "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың екiншi абзацында "аумақтық жер ресурстарын басқару" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық жер ресурстарын басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы "аумақтық жер ресурстарын басқару жөнiндегi орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысымен (16.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 1
6. "Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жердi пайдалану ережесi мен режимiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 1269 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 47, 525-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жердi пайдалану ережесi мен режимiнде: 
мәтiндегi "жер ресурстарын басқару" деген сөздер "жер қатынастары" деген сөздермен ауыстырылсын.