• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 10.01.2016 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 262 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 10 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысымен (18.03.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1140  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 43, 464-құжат); 
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
15-тармақтың екінші абзацында "құқықты куәландыратын" деген сөздер "сәйкестендіретін" деген сөзбен ауыстырылсын;
25-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: 
"1-1) осы Ереженің 22-тармағында көзделген міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда;";
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысымен (18.03.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.