• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 07.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 314 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті;
3) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері;
4) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттік мекеме болып қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қоспағанда, осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып анықталсын.
4. Заңнамада белгіленген тәртіппен "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" және "Қазтелерадио" акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне берілсін.
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 11 наурыздағы
 № 314 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің қайта аталатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.
3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.
4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.
5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.
6. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.
7. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.
8. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қарағанды облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қарағанды облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.
9. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.
10. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.
11. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.
12. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.
13. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.
14. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 11 наурыздағы
 № 314 қаулысына
 2-қосымша
Қайта аталатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорнына.
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің Павлодар республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Павлодар республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорнына.
6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің Орал республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Орал республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорнына.
7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің Атырау республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Атырау республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорнына.
8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің Іле республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Іле республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорнына.
9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің Балқаш республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Балқаш республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорнына.
10. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің Семей республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Семей республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорнына.
11. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің "Кеме қатынасы тіркелімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Кеме қатынасының тіркелімі" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 11 наурыздағы
 № қаулысына
 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі