• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 28.09.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                              К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 18 шілдедегі
 № 820 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң тәртiбiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1813 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 57, 512-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң тәртібінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кондоминиум қатысушыларының жер учаскесiне деген ортақ меншiк құқығы (ортақ жер пайдалану құқығы) жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы заңнамада көзделген тәртiппен тiркелуге тиiс.».
2. «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiнде:
13-1-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесінің есептік деректеріне жер учаскесіне меншік құқығының немесе жер пайдалану құқығының ауысуы туралы мәліметтерді енгізу оларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негізінде жүргізіледі.».
43-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкілеттi органдар;».
3. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 485-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау ережесінде:
2-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Соманың мөлшерi сол елдi мекендегi тұрғын үйдiң орташа нарықтық құнына сәйкес, жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтарды тіркеудi жүзеге асыратын тиiстi уәкiлеттi орган берген құжаттың негiзiнде белгiленедi.».
4. «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 243-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесінде:
14-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«астық қоймасына (элеватор, астық қабылдау пункті) меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу органының заңнамада белгіленген үлгі бойынша анықтамаларын;».
5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы ережеде:
13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлеріне кепілдіктерді, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру;».
6. «Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1328 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 629-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттарында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жылжымайтын мүлiкпен операциялар жасау жөнiндегi қызметтердi ұсынатын ұйымдар (жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу саласында)».
7. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат):
көрсетілген қаулының 2 қосымшасында:
1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;».
8. «Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 732 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 345-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
4-тармақтың 6) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«этил спирті мен алкоголь өнімін қабылдауды, сақтауды, шығаруды және есепке алуды жүзеге асыру үшін меншік құқығында қойма үй-жайларының және жабдықтарының бар екенін растайтын құжаттардың (ғимараттарды, құрылыстарды, мүлік пен жабдықты сатып алу-сату шартының, жер теліміне жеке меншік құқығына акті) көшірмелері;».
9. «Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 346-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
4-тармақтың 6) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«этил спиртін қабылдауды, сақтауды, босатуды және есепке алуды жүзеге асыру үшін меншік құқығында қойма үй-жайлардың және жабдықтардың бар екенін растайтын құжаттардың (ғимараттарды, құрылыстарды, мүлік пен жабдықты сатып алу-сату шартының, жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актінің) көшірмелері;».
10. «Мемлекеттік органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөнінде өзара іс-қимыл жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 798 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 374-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;