Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 Қаулысы
Редакция 22.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 820 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң тәртiбiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1813 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 57, 512-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң тәртібінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кондоминиум қатысушыларының жер учаскесiне деген ортақ меншiк құқығы (ортақ жер пайдалану құқығы) жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы заңнамада көзделген тәртiппен тiркелуге тиiс.».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы ережеде:
13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлеріне кепілдіктерді, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру;».
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат):
көрсетілген қаулының 2 қосымшасында:
1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;».
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
12. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 816 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 382-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ».
13. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
14. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
15. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
16. «Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 227 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 122-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Ғимараттарды (имараттарды) пайдалануға берген сәттен бастап оларды пайдаланудан шығарғанға дейінгі кезеңде осы өнімнің нарықта айналымда болуына жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнама талаптарына сәйкес ресімделген техникалық паспорты болған жағдайда ғана жол беріледі.».
17. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
18. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
19. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
20. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
21. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
22. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
23. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
2-бөлімнің 6.1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес Әділет министрлігі 25-ке жуық мемлекеттік қызмет көрсетеді (халықты құжаттандыру және тіркеу, азаматтық хал актілерін, заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікті тіркеу және зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында).».
24. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)