Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1525 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiнде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастры (бұдан әрi – кадастр) мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – кадастр жүргізетін кәсіпорын) жүзеге асырады.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге технологиялық байланысты қызметке:
1) жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгілеу;
2) жер пайдалануды қалыптастыру жөніндегі жобаларды, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын жасау, мемлекет меншігіндегі жер қатарынан жер учаскелерін беру кезінде жергілікті жерде олардың шекараларын белгілеу;
3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылықішілік жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жатады.
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
11-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1. Мемлекеттiк меншiктегi жерлерден берiлетiн жер учаскелерiне жер-кадастр iстерiн кадастрды жүргiзетiн мемлекеттiк кәсiпорындар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң шешiмдерi, Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiткен жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жүргiзедi.»;
12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары көрсетiлген құжаттарды тексерудi жүзеге асырады және осы құжаттарды жер учаскелерiн жергiлiктi жерде зерттеу үшiн кадастрды жүргiзетiн кәсiпорындарға жiбередi. Олардың шекаралары, алаңдары және мақсатты тағайындалуы өзгергенi белгiлi болған жағдайда, бұл өзгерiстер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмiнiң, олардың Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес қайта бекiтуiне немесе мүдделi тараптардың арасында жасалатын шартта көрсетуге жатады.»;
13-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Бөлудің нәтижесінде пайда болған жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген құзыретіне сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекіткен жер учаскесін бөлу туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар негізінде жаңа жер-кадастр ісі жүргізіледі, ал бөлінетін жер учаскесіне бұрын жүргізілген жер-кадастр ісі кадастрды жүргізетін кәсіпорынның мұрағатында сақталады.
Бөлудің нәтижесінде қалыптасқан жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарын кадастрды жүргізетін кәсіпорын дайындайды, оларды өтініш берушіге облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі тиісті уәкілетті органы береді.»;
13-1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы жер учаскесін кадастрлық есепке қойғаны туралы (жаңа құқық иесі туралы мәліметтермен бірге) кадастрды жүргізетін кәсіпорын екі апта мерзімде жер учаскесі орналасқан жердегі республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органына хабарлайды.»;
23-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жерлердің сапасын есепке алу жерді экономикалық бағалауды және жер мониторингін жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бонитеттік бағалауды жүргізуді қамтиды.»;
24-тармақта:
1) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы ұсынылған есептердi қарайды әрi бекiтедi және оларды болған өзгерiстердi жер-кадастр кiтабына және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне енгiзу үшiн кадастр жүргiзетiн кәсiпорындарға жiбередi.»;
2) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кадастрды жүргiзетiн кәсiпорындар 5 жылда бiр рет аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша жерлердiң сапалық жай-күйі туралы есептер жасайды.»;
25-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасыны анықтауды қамтиды.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке және заңды тұлғалар жер учаскесiне кадастрлық нөмiр беру үшiн кадастрды жүргiзетiн кәсiпорынға өтiнiш жасайды, ал жер учаскесіне сәйкестендіретін ескi үлгiдегi құжатты жаңаға ауыстыру үшiн жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына жүгiнедi.
Өтiнiшке жер учаскесiне қолда бар сәйкестендіру құжатының түпнұсқасы қоса берiледi.»;
32-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Жер учаскесiн сәйкестендiру жөнiндегi жұмыстардың нәтижелерi бойынша кадастр жүргізетін кәсiпорын жер учаскесiне кадастрлық нөмiр бередi, ескi үлгiдегi құжатқа тиiстi белгi жасайды және оны өтiнiш берушiге бередi. Жер учаскесiне кадастрлық нөмiрдi бергенi туралы ақпарат жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер қатынастары жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға ұсынылады.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Есептi кварталдардың және/немесе аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың iшiндегi есептi кварталдардың кодтары мен жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн кадастрды жүргiзетiн кәсiпорындар береді.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Кадастрды жүргiзетiн кәсiпорын жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлгені және бұл учаскенiң кадастрлық есепке қойылғаны туралы өтiнiш берушi мен тiркеушi органға хабарлайды. Өтiнiш берушiге жер учаскесiнiң жаңа кадастрлық нөмiрi бар және жер-кадастр картасындағы (схемадағы) өзгерiстер қамтылған жер-кадастр картасының (схеманың) тиiстi бөлiгiнiң расталған көшiрмесi беріледi.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Жер-кадастр карталарын (схемаларын) жүргiзудi және кейiннен жаңартуды кадастрды жүргiзетiн кәсiпорындар жүзеге асырады.»;
45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45-1. Жер учаскелерiне арналған жер-кадастр iстері, жер-кадастр кiтаптары, бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмi кадастрды жүргiзетiн кәсiпорынның мұрағатында тұрақты түрде сақталуға тиiс.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов