Bestprofi Logo

Қаулы № 600 от 2010-06-17г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 600 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 600 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесінде:

18-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында «статистикалық» деген сөз алынып тасталсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінде:

22-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында «статистикалық» деген сөз алынып тасталсын.

2. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісім-шартта:

21-тармақтың 1 тармақшасының бірінші абзацында «статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесінде:

24-тармақтың 2) тармақшасында «статистика жөніндегі» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.

4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ережеде:

15-тармақтың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«26) қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;».

5. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 683-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ережеде:

13, 14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Агенттіктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) статистикалык әдіснаманы қалыптастыру;

2) мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;

3) қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру.

14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

3) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастырады;

4) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснаманы бекітеді;

5) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады және жүргізеді;

6) ұлттық санақтардың бағдарламаларын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

7) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекітеді;

8) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

9) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді берген кезде статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен оларды қамтамасыз етеді;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

10) әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты тузу және статистикалық тіркелімдерді өзекті ету үшін ғана пайдаланады;

11) мемлекеттік статистика органдарын статистикалық жіктеуіштерді уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы олармен қамтамасыз етеді;

12) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорды жинақтауды, жүргізуді және оларды өзекті етуді қамтамасыз етеді;

13) мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастырады;

14) статистикалық ақпараттың сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметінің уәкілетті орган бекіткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснамаға сәйкестігіне сараптама жүргізеді және сараптама жүргізуге қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұратады;

15) уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша түсініктер береді;

16) мемлекеттік статистиканы жетілдіру мақсатында консультациялық-кеңесші органдарды құрады, олар туралы ережені уәкілетті органның басшысы бекітеді;

17) тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание