Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 600 Қаулысы
Редакция 15.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 17 маусымдағы
№ 600 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
38) тармақшада «мемлекеттік статистиканы басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісім бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«67) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;»;
100) тармақшаның үшінші абзацындағы «статистикалық деректерді» деген сөздер «статистикалық ақпаратты» деген сөздермен ауыстырылсын;
111) тармақшада «статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша» деген сөздер алынып тасталсын.
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың отыз алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді;».
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 554-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеде:
13-тармақтың 56) тармақшасында «статистика органдарымен» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)