Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 1002 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 1002 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1182 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 482-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу ережесінде:
«16. Есеп материалдарында дәлсіздіктер байқалған немесе олар толық көлемде берілмеген жағдайларда олар пысықтауға қайтарылады.».
2. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесінде: