• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 1239 қаулысы

Осы редакция 06.04.2005 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931  Жарлығына  және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң құрылымы; 
3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi; 
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтілсін.
2. Мыналар: 
1) 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелерi (бұдан әрі - Мекемелер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын олардың ұйымдық-құқықтық нысанын, функциялары мен өкiлеттiктерiн сақтау шартымен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiкке беру құқығынсыз облыстардың коммуналдық меншігіне; 
2) "Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi" және "Балқаш биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарауына; 
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Қызыл жиде" республикалық мемлекеттiк табиғат қорғау мекемесi" мемлекеттiк мекемесi Алматы облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
3. Мыналар: 
1) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оған Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ақмола ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi" мемлекеттiк мекемесiн қосу жолымен; 
2) "Ақсу Жабағылы" мемлекеттiк табиғи қорығы" мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ақсу Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Мына мемлекеттiк мекемелер: 
1) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Сандықтау ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы"; 
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Талдықорған аудандық аумақтық басқармасы" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ескелдi аудандық аумақтық басқармасы" болып қайта аталсын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) облыс әкiмдерiмен бiрлесiп, 1-қосымшада көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердi қабылдау-беру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын; 
2) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен бiрге "Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi" және "Балқаш биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi" мемлекеттiк мекемелерiн қабылдау-беру және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау облыстық аумақтық басқармаларын қайта ұйымдастыру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, облыстардың әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
7. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2002 жылғы 22 қарашадағы
 N 1239 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы  
  ЕРЕЖЕ 
1. Жалпы ережелер 
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің құзыретi шегiнде орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 
Комитеттің аумақтық органдары - облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармалары бар.
2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесімдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тілде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде және банктерде шоттары болады. 
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. 
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 
473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 31.
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 
Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтар берілген жағдайда, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары 
9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 
1) орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 
2) орман және аңшылық ресурстарын, өсiмдiктер және жануарлар дүниесiнiң өзге де ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласында мемлекеттiк реттеу; 
3) орман ресурстарының және жануарлар дүниесi ресурстарының қорғалуын, өсiмiнiң молайтылуын және пайдаланылуын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйiн және қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру; 
4) өсiмдiктер және жануарлар дүниесiнiң, үлгілік, бiрегей және сирек ландшафттардың биологиялық алуан түрлілiгiн сақтау болып табылады.
10. Комитет өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды: