1. Қоса берілiп отырған:
Отправить по почте
Осы редакция 28.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ереже;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды - 02.03.2007. № 164 қаулысымен (26.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi;
7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тізбесi;
9) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
10) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
11) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
12) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
13) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi комитетi туралы ереже және оның құрылымы бекiтiлсін.
2. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің екі орынбасары болуына;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының екі орынбасары болуына;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi төрағасының екi орынбасары болуына;
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитеті төрағасының екi орынбасары болуына;
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ауылдық аумақтар iстерi комитетi төрағасының екі орынбасары болуына рұқсат берілсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.09.2005. № 899, 27.02.2006. № 134 қаулыларымен. (19.08.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) қойылған мiндеттердi тиiмдi шешу үшiн басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын және өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен жүктелген функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттiң аграрлық және өңiрлiк саясатын, стратегиялық жоспарларын, реттелетiн саладағы, атап айтқанда агроөнеркәсiптiк кешен, ауыл, балық және су шаруашылығы, өсiмдiктер мен жануарлар әлемiнiң өсiмiн молайтуды және пайдалануды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласындағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды, ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық рыногын реттеу, өсiмдiк шаруашылығында мiндеттi сақтандыруды мемлекеттiк қолдау, өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнiмдер мен этил спиртiнен басқа) қоса алғанда, тамақ өнiмдерiн, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақта өндiру мен жүндi қайта өңдеу бөлiгiнде өңдеу өнеркәсiбiн, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (iрiсiнен басқа), агроөнеркәсіп кешенiн техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жердi суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы мәселелерiн қалыптастыру;
2) бәсекеге қабілеттi ауыл шаруашылығы тауары өндiрiсiн құрудың негізiн жасау, Қазақстан Республикасының азық-түлiктік қауiпсiздiгі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды - 02.03.2007. № 164 қаулысымен (26.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
4) агроөнеркәсіп кешенiн ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету болып табылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.2006. № 730, 02.03.2007. № 164 қаулыларымен. (20.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Министрлiк өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президенттiң және Yкiметтің кесiмдеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінiң органдары және банктерде шоттары болады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары комитеті, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi, Балық шаруашылығы комитеті, Ауылдық аумақтар iстерi комитетi, Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитеті.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктің, егер оған заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.03.2007. № 164 қаулысымен. (26.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Министрлiк қабылдайтын шешімдер Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
6. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" мемлекеттік мекемесi.
Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.03.2007. № 164 қаулысымен. (26.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберіледi.
2. Министрліктiң функциялары мен құқықтары