• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 және 2007 жылғы 2 наурыздағы N 164 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы N 995 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 
1-тармақтың 4), 7), 10), 13) тармақшалары және 2-тармақ алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 164  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 7, 82-құжат): 
4-тармақтың 1) тармақшасы және 5-тармақ алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы: 
1) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацын және 2) тармақшаны; 
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 23 және 24-тармағында көрсетілген жауапты хатшының өкілеттіктерін; 
3) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 13-тармағы 4) тармақшасының бесінші абзацын, 148), 149) тармақшаларын, 14-тармағының 70), 72), 75), 134), 213), 214), 215) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 28 қазандағы
 N 995 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2005 жылғы 6 сәуірдегі
 N 310 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - реттелетін салалардағы басшылықты, атап айтқанда агроөнеркәсіптік кешен, ауыл және балық шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің өсімін молайтуды қорғау және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласындағы және ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық нарығын реттеу, мақта саласы, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнімдер мен этил спиртінен басқа) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру бөлігінде өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (ірісінен басқа), агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы мәселелерін, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы (бұдан әрі - реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары комитеті, Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, Балық шаруашылығы комитеті, Ауылдық аумақтар істері комитеті, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітеді.
7. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36.
8. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
12. Министрліктің реттелетін саладағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 
1) мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру; 
2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауары өндірісін құрудың негіздерін жасау, Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; 
3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету; 
4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; 
5) өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; 
6) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
13. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) мемлекеттің реттелетін салалардағы аграрлық және өңірлік саясатын қалыптастырады және үйлестіреді, стратегиялық жоспарлар, мемлекеттік, салалық және ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлейді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер ұйымдастырады; 
2) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзірлейді, халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіреді, инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға ықпал етеді, халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және реттелетін салалар мәселелері бойынша халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады; 
3) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілер әзірлейді және бекітеді; 
4) мынадай мәселелер бойынша техникалық регламенттер әзірлейді: 
тұқым шаруашылығы; 
пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласында; 
астық және оның тіршілік циклының үдерістері; 
ветеринариялық қадағалауға жатқызылған тамақ өнімінің қауіпсіздігі; 
5) мынадай саладағы мемлекеттік инспекторлар туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді: