Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 19 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 31.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Заңына сәйкес және норма шығармашылығы қызметінің тиімділігін арттыру және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде құқықтық ғылымның рөлін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) таратылсын.
Toggle Dropdown
2. Серіктестік таратылғаннан кейін қалған мүлік беріле отырып, «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
Toggle Dropdown
1
3. Мекеме қызметінің негізгі мақсаты мен түрлері заңдардың жобаларын әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу, заңдардың Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу, мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу болып белгіленсін.
Toggle Dropdown
4. Мекемені ұстау шығыстарын қаржыландыру қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
2) мекеменің құрылымын және штат санын бекітсін;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, серіктестікті тарату жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын және серіктестік таратылғаннан кейін қалған мүлікті мекемеге беруді жүзеге асырсын;
Toggle Dropdown
4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 қаңтардағы
№ 19 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Toggle Dropdown
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
Toggle Dropdown
«Астана қаласы» деген бөлімде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 21-35-жол алып тасталсын.
Toggle Dropdown
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» деген бөлімде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 218-3-жол алып тасталсын.
Toggle Dropdown
3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2. Қазақстан Республикасы Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесі».
Toggle Dropdown
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
Toggle Dropdown
11-бөлімнің 3-бағанындағы «30680» және «26292» деген цифрлар тиісінше «30781» және «26393» деген цифрлармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Заң шығару институты» 101».
Toggle Dropdown
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)