Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері үшін мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 348 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері үшін мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Әскери институты" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекеменің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 348 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысымен (17.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.06.2015 жылы № 120 (28598) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
12-тармақта 2) тармақшаның елу бесінші абзацындағы ", әскери училищелерде" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Әскери институты.".
3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
2-бөлімде:
2-бағандағы "Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдері, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер: олардың ішінде Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесінің курсанттары" деген жолдағы "Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесінің" деген сөздер "Ішкі әскерлердің Әскери институтының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-бағандағы "Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі әскерлердің Әскери институты".
4. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 591 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 30, 305-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
"Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесі (Петропавл қаласы)" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі әскерлердің Әскери институты".
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |