"Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1718 Қаулысы
Редакция 23.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Допингке қарсы ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.
2. Мекемеге қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) айқындалсын.
3. Агенттік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің жарғысын бекітуді және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
17-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов