• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 15.05.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы N 1068 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 18 қарашадағы
 N 1068 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысында: 
2-тармақтың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органына" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы ережеде: 
бүкіл мәтін бойынша "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен", "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздер тиісінше "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган", "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның", "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органымен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
5-тармақтың оныншы абзацындағы ", меншік нысандарына қарамастан", "(бұдан әрі - ұйымдар)" деген сөздер алып тасталсын; 
14-тармақтың алтыншы және жиырма екінші абзацтарындағы "өртке қарсы" деген сөздердің алдынан "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын; 
15-тармақтың бірінші абзацындағы "өртке қарсы" деген сөздердің алдынан "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын; 
21-тармақтың екінші абзацындағы "оқыту орталықтарында," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын; 
көрсетілген қаулыға қосымшада: 
5-тармақтың үшінші абзацындағы "Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органмен" деген сөздер "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын. 
2. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы N 803 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 29, 255-құжат): 
тақырыбында және 1-тармақтағы "қаржы полициясы," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын; 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақыларын тағайындау мен оны төлеудің ережесінде: 
тақырыбында, бүкіл мәтін бойынша және көрсетілген Ережеге 1-қосымшада "өртке қарсы қызмет" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын. 
3. "Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 38, 327-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесінде: 
бүкіл мәтін бойынша "өртке қарсы қызмет органы", "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органдарына", "өртке қарсы қызмет органдарында" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2-тармақта және 6-тармақтың үшінші абзацындағы "меншік нысандарына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын; 
15-тармақтағы "Ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын; 
23-тармақтағы ", меншік нысандарына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын. 
4. "Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1271 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 394-құжат): 
1-тармақтың 3) тармақшасындағы "мемлекеттік өртке қарсы қызметпен" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
5-тармақтың 5) тармақшасындағы "ішкі істердің," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын. 
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 10.02.2011 № 125 Қаулысымен (18.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
6. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 399-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде: 
6-тармақтың бесінші абзацындағы, 52-тармақтың екінші абзацындағы және 127-тармақтағы "ішкі істер органдарының," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын. 
7. "Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы N 808 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 274-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесінде: 
4-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын. 
8. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы N 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 29, 376-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде: 
12-тармақтың он жетінші және он тоғызыншы абзацтарындағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органын" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органын" деген сөздермен ауыстырылсын; 
жиырмасыншы абзацтағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органымен" деген сөздермен ауыстырылсын. 
9. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 35, 462-құжат): 
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережесінде: 
6-тармақтың 3) тармақшасындағы "органдарының (қызметтерінің)," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын; 
13-тармақтағы "санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын; 
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісінде: 
"өртке қарсы қадағалау органдары" деген сөздер "мемлекеттік  өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын. 
10. "Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі N 776 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 237-құжат):