Toggle Dropdown
3
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 24.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-тармағына, 66-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
3
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу қағидалары;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы
№ 1192 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 66-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері (бұдан әрі – қызметкер) қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде науқастанған, мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Біржолғы өтемақыны төлеу қызметкерге немесе оны алуға құқығы бар адамдарға мынадай жағдайларда:
Toggle Dropdown
1) қызметкер қызметтiк міндеттерін атқарып жүрген кезiнде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан не қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген кезiнде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгі бiр жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда (қызметкердің асырауындағы адамдар немесе мұрагерлері біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар болып табылады);
Toggle Dropdown
2) қызметкерге қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген кезiнде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан немесе қызметкер қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қызметтен босатылған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген кезде;
Toggle Dropdown
3) қызметкер қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде мүгедектікке әкеп соқтырмайтын ауыр немесе жеңіл мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Біржолғы өтемақыны алу үшін қызметкер немесе оны алуға құқығы бар адамдар мынадай құжаттарды ресімдейді және қызметкер қызмет өткерген жердегі құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қаржы бөлімшесіне (бұдан әрі – қаржы бөлімшесі) ұсынады:
Toggle Dropdown
1) қызметкер қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезiнде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан не қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген кезiнде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда:
Toggle Dropdown
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
Toggle Dropdown
қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі не қайтыс болу туралы хабарлама;
Toggle Dropdown
қаза тапқан (қайтыс болған) адамның қызмет өткерген жерінен қаза табуының (қайтыс болуының) мән-жайлары туралы қорытындының көшірмесі;
Toggle Dropdown
егер төлемге өтініш берген адам қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагері болып табылса, мұраға құқығы туралы куәлік;
Toggle Dropdown
асырауында болғаны туралы анықтама;
Toggle Dropdown
қаза тапқан (қайтыс болған) адамның қаза тапқан (қайтыс болған) күнгі ақшалай үлесі туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы.
Toggle Dropdown
Бұдан басқа, осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген оқиғалар туындаған кезде денсаулығына келтірілген зақымның салдарынан бір жыл өткенге дейін қайтыс болған қызметкердің қаза табу (қайтыс болу) фактісі бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның (бұдан әрі – ӘДК) қорытындысы ұсынылады.
Toggle Dropdown
2) қызметкерге қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде:
Toggle Dropdown
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
Toggle Dropdown
қызметкердің қызмет өткеру орнынан берілген науқастануының, мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының) мән-жайлары туралы қорытындының көшірмесі;
Toggle Dropdown
денсаулыққа зақым келтірілу фактісін растайтын ӘДК берген қорытындының аталған ӘДК-нің мөрімен куәландырылған көшірмесі;
Toggle Dropdown
қызметкердің науқастанған, мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) күнгі ақшалай үлесі туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы;
Toggle Dropdown
мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген оқиғалар туындаған кезде қызметкер ауыр немесе жеңіл мертіккен жағдайда:
Toggle Dropdown
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
Toggle Dropdown
қызметкердің қызмет өткерген жерінен ауыр немесе жеңіл мертігуінің мән-жайлары туралы қорытындының көшірмесі;
Toggle Dropdown
емдеу-профилактикалық мекемесінің не ӘДК-нің мертігудің ауырлығы туралы анықтамасы;
Toggle Dropdown
қызметкердің оқиға болған күнгі ақшалай үлесі туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы.
Toggle Dropdown
4. Іссапарға жіберілген адамдарға Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген лауазымдық айлықақылар, сондай-ақ арнаулы атағы (сыныптық шені) бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген айлықақылар (қосымша ақылар) төленеді:
Toggle Dropdown
Бұл ретте іссапарға жіберілген адамдардың лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызмет өтілін есептеу Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің кадр қызметі ұсынатын анықтама негізінде жүзеге асырылады
Toggle Dropdown
Іссапарға жіберілген адамдарға лауазымдық айлықақылар, сауықтыру жәрдемақылары мен сыйлықақылар төлеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарын ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Іссапарға жіберілген адамдарға сыйлықақы беру Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қызметкерлері үшін айқындалған тәртіппен лауазымдық айлықақылар негізге алына отырып жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Қызметкер немесе біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар өтемақы төлеу туралы өтінішпен жүгінген кезде қаржы бөлімшесі осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың толық және дұрыс ресімделуін тексереді және құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы немесе мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басшысының атына ресімделген өтінішті ол келіп түскен күні осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қызметкер өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналында тіркейді.
Toggle Dropdown
6. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде не орындалуы міндетті қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда асырауындағы адамдарға немесе мұрагерлеріне соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай үлесі мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
Toggle Dropdown
7. Егер қызметкердің қазасы (қайтыс болуы), науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) қызметтік міндеттерін атқаруға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгіленген тәртіппен дәлелденсе, тиісті құжаттар ресімделмейді және біржолғы өтемақы төленбейді.
Toggle Dropdown
8. Біржолғы өтемақы төлеуді Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қаржы бөлімшесі осы мақсаттарға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының шегіндегі екінші деңгейдегі банктегі алушының дербес шотына аудару, сондай-ақ оларды өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде пошта арқылы аудару жолымен барлық құжаттардың заңдылығы, анықтығы және толықтығы негізінде жүргізеді.
Toggle Dropdown
Кәмелетке толмаған алушыға біржолғы өтемақыны төлеу оның тұрғылықты жері бойынша екінші деңгейдегі банктегі жеке шотына аудару арқылы ғана жүргізіледі, қорғаншылық және қамқоршылық органдары, сондай-ақ оның заңды өкілдері өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде бір мезгілде хабардар етіледі.
Toggle Dropdown
9. Іссапарға жіберілген адамдарды көтермелеу және тәртіптік жауаптылыққа тарту Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өкілеттіктері шегінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
10. Іссапарға жіберілген адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген адамдар үшін олар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратында және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарында атқаратын лауазымдары бойынша лауазымдық айлықақылар, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдар үшін іссапарға жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақылар есепке алынады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының,
азаматтық қорғау органының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызметінің қызметкері қызметтік
міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен
(жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған
біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік
міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі
(жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы)
салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда
оны алуға құқығы бар адамдарға
төлеу қағидаларына 1-қосымша
Toggle Dropdown
Кімге_________________________________
Toggle Dropdown
(құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басшысының лауазымы, арнаулы атағы немесе сыныптық шені, Т.А.Ә. (бар болса)
Toggle Dropdown
кімнен ______________________мекенжайы
Toggle Dropdown
бойынша тұратын
Toggle Dropdown
________________________________
Toggle Dropdown
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)
Toggle Dropdown
ЖСН _______________________________
Toggle Dropdown
Біржолғы өтемақы төлеуге өтініш
Toggle Dropdown
Сізден _________________________________________________________ (залал өтелуі тиіс оқиғаның сипаты көрсетіледі) байланысты маған біржолғы өтемақы төлеуді сұраймын. Маған тиісті соманы _____________________________________________ (банктің атауы, банктің БСН, банктің БСК, алушының жеке есеп шотының № немесе оның байланыс бөлімшесі арқылы аударылған жағдайда оның мекенжайы) аударуды сұраймын. Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін: 1. __________________________ 2. __________________________ 3. __________________________ Өтініш иесінің қолы ___________ 20__ жылғы «___» _______________ Құжаттар 20__ жылғы «__» ________ қабылданды. Қолы _______________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
Toggle Dropdown
____________________________________
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының,
азаматтық қорғау органының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызметінің қызметкері қызметтік міндеттерін
атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған,
жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу,
сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген
кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы)
салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған)
жағдайда оны алуға құқығы бар
адамдарға төлеу қағидаларына 2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналы
Toggle Dropdown
| Р/с № | Мертіккен, оның ішінде қайтыс болған қызметкердің Т.А.Ә. (бар болса) және оның мекенжайы | Қайтыс болған қызметкердің асырауындағы адамның, мұрагерінің Т.А.Ә. (бар болса) және оның мекенжайы | Залалды өтеу себебі (қаза болу, мүгедектігі, ауыр немесе жеңіл мертігу) | Біржолғы өтемақы сомасы | Төлем құжатының № мен күні | Егер өтінішті тіркеуден бас тартылса, онда бас тартудың себебі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | | |
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы
№ 1192 қаулысына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 45-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі – халықаралық ұйымдар) іссапарға жіберу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының тиісті заңдарында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлерін (бұдан әрі – іссапарға жіберілген адамдар) іссапарға жіберу:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне – Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі негізінде;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарына – олардың бірінші басшыларының келісуі бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің актісі негізінде;
Toggle Dropdown
3) халықаралық ұйымдарға – егер ратификацияланған тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Іссапарға жіберілген адамдардың Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері мәртебесі сақталады.
Toggle Dropdown
4. Іссапарға жіберілген адамдарға Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген лауазымдық айлықақылар, сондай-ақ арнаулы атағы (сыныптық шені) бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген айлықақылар (қосымша ақылар) төленеді.
Toggle Dropdown
Бұл ретте лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін іссапарға жіберілген адамдардың мемлекеттік қызмет өтілін есептеу Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің кадр қызметі ұсынатын анықтама негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Іссапарға жіберілген адамдарға лауазымдық айлықақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар мен сыйақылар төлеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттарын, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесін және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарын ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Іссапарға жіберілген адамдарға сыйақы беру Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының жұмыскерлері үшін белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар негізге алына отырып жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдарға, егер ратификацияланған тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен халықаралық ұйымдар жұмыскерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген, жалақы төленеді.
Toggle Dropdown
6. Өзге төлемдер, сондай-ақ іссапарға жіберілген адамдарды заттай мүлікпен қамтамасыз ету іссапарға жіберген Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органдарын, азаматтық қорғау органдарын, мемлекеттік фельдъегерлік қызметін ұстауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Біржолғы сипаттағы төлемдер іссапарға жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақыдан есептеледі.
Toggle Dropdown
7. Іссапарға жіберілген адамдарға кезекті арнаулы атақтар мен сыныптық шендер беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген адамдарды аттестаттау тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдарды аттестаттау Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
9. Іссапарға жіберілген адамдарды көтермелеу және тәртіптік жауаптылыққа тарту Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының жұмыскерлері үшін белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өкілеттіктері шегінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 қазандағы
№ 1192 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
10. Іссапарға жіберілген адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген адамдар үшін олардың Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттарында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарында атқаратын лауазымдары бойынша лауазымдық айлықақылар, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдар үшін – іссапарға жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақылар есепке алынады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Toggle Dropdown
3. «Сот приставтарының нысандық киімі мен ерекшелік белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1726 қаулысы.
Toggle Dropdown
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 тамыздағы № 1287 қаулысы.
Toggle Dropdown
5. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерінің қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде оның қаза табуы (қайтыс болуы) немесе зақымдануы жағдайында біржолғы өтемақы төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 97 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 5, 28-құжат).
Toggle Dropdown
6. «Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкері қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде қаза тапқан (өлген) немесе мертіккен жағдайда және қайтыс болған немесе қаза болған қаржы полициясы органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін жерлеу үшін біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қарашадағы № 1260 қаулысы.
Toggle Dropdown
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1726 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1283 қаулысы.
Toggle Dropdown
10. «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде не қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақат немесе мертігу салдарынан қызметтен босатылғаннан кейінгі бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда олардың асырауындағылары мен мұрагерлеріне біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 62-құжат).
Toggle Dropdown
11. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкері қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен жағдайда оған, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 212 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 118-құжат).
Toggle Dropdown
12. «Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылқы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 159-құжат).
Toggle Dropdown
13. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 363 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 201-құжат).
Toggle Dropdown
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 212 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 қазандағы № 1011 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 37, 519-құжат).
Toggle Dropdown
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қарашадағы № 1093 қаулысы.
Toggle Dropdown
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 қазандағы № 1013 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1172 қаулысы.
Toggle Dropdown
17. «Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 614 қаулысы.
Toggle Dropdown
18. «Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 26, 302-құжат).
Toggle Dropdown
19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1034 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 488-құжат).
Toggle Dropdown
20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 68 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 31-құжат).
Toggle Dropdown
21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысының 30-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат).
Toggle Dropdown
22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 каулысының 28-тармағы.
Toggle Dropdown
23. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 913 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 271-құжат).
Toggle Dropdown
24. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 1125 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 323-құжат).
Toggle Dropdown
25. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 350 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 31, 244-құжат).
Toggle Dropdown
26. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 826 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 694 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 42, 378-құжат).
Toggle Dropdown
28. «Кеден органының лауазымды адамына қызметтік міндеттерін орындауына байланысты, өзінің кәсіби қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертіккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1034 қаулысы.