• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 08.10.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 84 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті оның функциялары, өкілеттіктері мен мүлкі Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) беріле отырып, таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Агенттік туралы ереже;
2) Агенттіктің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
3) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Агенттік пен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2011 жылғы 1 тамыздағы
 № 888 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Дiн iстері агенттігі (бұдан әрi – Агенттік) Үкiмет құрамына кiрмейтін, конфессияаралық келісімді, азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлға болып табылатын аумақтық органдары бар.
Агенттіктің тізбесін Үкімет бекітетін ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Егер Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады.
6. Агенттiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiк төрағасының немесе оны ауыстырушы тұлғаның бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
8. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс.
9. Агенттiктiң толық атауы – «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі» мемлекеттiк мекемесi.
10. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттiк қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
12. Агенттiкке Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
13. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру және діни бірлестіктердің, саны аз діни топтардың және миссионерлердің қызметі саласында елде болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiкке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
14. Агенттiк қолданыстағы заңнамаға және өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) азаматтардың дiни сенiм бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
2) діни ахуалдың дамуына, Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз діни топтардың қызметіне зерделеу мен талдау жүргізеді;
3) азаматтардың дiни сенiм бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
4) өз құзыретi шегiнде реттелетiн салаларда нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
5) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асырады;
6) азаматтардың дiни сенiм бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
7) дiни ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер, мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң, дiнтанушылардың, заңгерлердiң және адамның ар-ождан бостандығы құқығы саласындағы басқа да мамандардың қатысуымен дiнтану сараптамаларын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
8) дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылыққа қатысты мәселелердi қарайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгізеді;
10) дiни бiрлестiктермен қарым-қатынастарды реттеу саласында облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
11) шет мемлекеттердiң тиiстi ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және оларды қолдайды;
12) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ресми түсiнiктемелер бередi;
13) заңнамада белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Агенттіктің қызметiн ұйымдастыру