Toggle Dropdown
Осы редакция 06.02.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 Қаулысы
Toggle Dropdown
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабына және «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 84 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті оның функциялары, өкілеттіктері мен мүлкі Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) беріле отырып, таратылсын.
Toggle Dropdown
2. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Агенттік туралы ереже;
Toggle Dropdown
2) Агенттіктің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
Toggle Dropdown
3) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
3. Агенттік пен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 888 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Дiн iстері агенттігі (бұдан әрi – Агенттік) Үкiмет құрамына кiрмейтін, діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Toggle Dropdown
Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлға болып табылатын аумақтық органдары бар.
Toggle Dropdown
Агенттіктің тізбесін Үкімет бекітетін ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
Toggle Dropdown
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Toggle Dropdown
5. Егер Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады.
Toggle Dropdown
6. Агенттiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiк төрағасының немесе оны ауыстырушы тұлғаның бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Toggle Dropdown
8. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс.
Toggle Dropdown
9. Агенттiктiң толық атауы – «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі» мемлекеттiк мекемесi.
Toggle Dropdown
10. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Агенттiк қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Агенттiкке Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
Toggle Dropdown
13. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Toggle Dropdown
1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Toggle Dropdown
2) діни қызмет және діни бірлестіктердің, миссионерлер мен діни (рухани) білім беру ұйымдарының қызметі саласында елде болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiкке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
14. Агенттiк қолданыстағы заңнамаға және өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
Toggle Dropdown
2) дiни ахуалдың дамуын, Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң және діни (рухани) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеу мен талдауды жүргiзедi;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
Toggle Dropdown
4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
5) өз құзыретiне жататын мәселелер жүргізуді бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
6) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
Toggle Dropdown
7) дiнтану сараптамаларын және діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдерін тексеруді қамтамасыз етедi;
Toggle Dropdown
8) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгiзедi;
Toggle Dropdown
10) заңнамада белгіленген жағдайда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;
Toggle Dropdown
11) діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
Toggle Dropdown
12) шет мемлекеттердiң діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
13) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;
Toggle Dropdown
14) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің басшыларын тағайындауына келісім береді;