Bestprofi Logo

Қаулы № 900 от 2011-08-02г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып қайта аталсын.

1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.09.2011 № 1003 (02.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(03.08.2011 бастап қолданысқа енгізіледі)

2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.09.2011 жылғы № 1003 Қаулысымен (02.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (03.08.2011 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)

3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдар Комитеттің қарамағына берілсін.

4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.09.2011 № 1003 Қаулысымен (02.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(03.08.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)

5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

7. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі:

1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.09.2011 № 1003 Қаулысымен; (02.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз)(03.08.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)

2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.09.2011 № 1003 Қаулысымен (02.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз)(03.08.2011 бастап қолданысқа енгізіледі)

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелерінің тізбесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

1-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.09.2011 № 1003 Қаулысымен (02.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(03.08.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің таратылатын мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелерінің тізбесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

2-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.09.2011 № 1003 Қаулысымен (02.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(03.08.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағына берілетін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі 1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

1. Түзеу мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

2. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Өскемен» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

3. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание