• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 07.05.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2320 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік-Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясы» және «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік-Шығыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемелері «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) болып қайта аталсын.
3. Мекеме қызметінің негізгі мәні:
1) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функция және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасында жабайы жануарлар ауруларының эпизоотия мониторингі
3) Микроорганизмдердің депозиттелген штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізу болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының