Toggle Dropdown
Осы редакция 19.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 736 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 624-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 маусымдағы
№ 736 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Паспорттар, жеке куәліктер мен азаматтық хал актілеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 тамыздағы № 684 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 33, 499-құжат):
1) 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуді олардың жазбаша өтініштері бойынша берілген арызының негізділігін растайтын тууы туралы куәлік пен басқа құжаттардың негізінде ішкі істер органдары бір рет жасайтын болып белгіленсін.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Паспорттар, жеке куәліктер мен азаматтық хал актілеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережесінде:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортындағы және жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуді ішкі істер органдары жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы өтінішті арызданушының тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына міндетті мынадай құжаттармен қоса береді:
3) айырбастауға жататын Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі.
3. Ұлты туралы жазбаны өзгерту жөніндегі өтініш негізді болған жағдайда ішкі істер органы тарапынан ұлты өзгертілген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортын немесе жеке куәлігін беру туралы қорытынды жасалады, оны ішкі істер органының бастығы бекітеді.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер бұрын Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін басқа ішкі істер органы берген болса, оған Ф-1 өтінішінде белгі қою үшін Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортының немесе жеке куәлігінің берілгені туралы хабарлама жіберіледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жоғарыда аталған өзгерістерді АХАЖ органдары қорытынды жасамай-ақ азаматтың өтініші, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі, ұлты өзгертілген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортының немесе жеке куәлігінің берілгені туралы ішкі істер органының анықтамасы және айырбастауға жататын куәлік негізінде енгізеді.».
2. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті» деген бөлімде реттік нөмірі 407-2-жол алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 461-13-жолмен толықтырылсын:
461-13 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) | Астана қаласы |
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы ережеде:
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) ұлтын өзгерту туралы ішкі істер органдары анықтамаларының негізінде жүргізіледі.»;
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери міндетті және әскер қатарына шақырылатындардың азаматтық хал актілері жазбаларына енгізілген тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері туралы өзгертулер туралы АХАЖ органы жеті күн мерзімде өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер енгізілген жердегі жергілікті әскери басқару органдарына хабарлайды.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережеде:
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Әке болуды анықтауды тіркеуге байланысты әскерге міндеттінің немесе шақырылушының тегі немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда АХАЖ органы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл туралы жеті күн мерзімде әскери міндетті немесе шақырылушы әскери есепте тұратын жергілікті әскери басқару органдарына хабарлауы тиіс.»;
86-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскерге міндетті немесе шақырылушы адам неке қиюға байланысты тегін өзгерткен жағдайда АХАЖ органы бұл туралы неке тіркелген жердегі жергілікті әскери басқару органдарына жеті күн мерзімде хабарлауға тиіс.»;
132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«132. Некені бұзуға байланысты әскерге міндетті немесе шақырылушы адамның тегі өзгертілген кезде АХАЖ органы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңға сәйкес бұл туралы некенің бұзылғаны тіркелген жердегі жергілікті әскери басқару органдарына жеті күн мерзімде хабарлауы тиіс.»;
159-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«159. Бала (қыз) асырап алуды тіркеуге байланысты әскерге шақырылушының тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ туған жері мен күні өзгертілген кезде «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл туралы АХАЖ органы әскерге шақырылушы есепте тұратын жергілікті әскери басқару органдарына жеті күн мерзімде хабарлауға тиіс.»;
184-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«184. Әскерге міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың азаматтық хал актілері жазбасына енгізілген атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы АХАЖ органы жеті күн мерзімде тегінің, атының, әкесінің атының өзгертілгені тіркелеген жердегі жергілікті әскери басқару органдарына хабарлайды.»;
188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: