• Мое избранное
"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1774 Қаулысы

Редакция 28.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 45-бабының 1-бөлігіне және «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен оның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы болып (бұдан әрі – қоғам) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам арнайы экономикалық аймақты басқару органы болып айқындалсын.
3. Қоғам қызметінің негізгі мәні болып мыналар айқындалсын:
1) арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл;
2) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;
3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;
4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың жыл сайынғы есептерінің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен арнайы экономикалық аймақ қызметінің нәтижелері туралы есептілікті уәкілетті органға беру;
5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;
6) инфрақұрылым объектiлерiн салу және арнайы экономикалық аймағының өзге де қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн инвестициялар тарту;
7) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру;
8) халыққа қызмет көрсету орталығының «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеу үшін қабылдау орнын ұйымдастыру;
9) арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың нақты тұтынылуын растау;
10) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне қоғамның мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 1774 қаулысымен
 бекітілген
  • 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
«Атырау облысы» бөлiм:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 145-4-жолмен толықтырылсын:
«145-4. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлiк қоғамы»;
2. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 20-6-жолмен толықтырылсын:
«20-6. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлiк қоғамы».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (19.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4. «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiндегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде:
«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде» деген реттiк нөмiрi 14-жолдағы:
«162» деген сандар «152» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде» деген жолдағы:
«26» деген сандар «16» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының әкiмшiлiгi» 10» деген жол алынып тасталсын.
  • 1
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 994 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)