Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 134 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.
2. Орталық атқарушы органдар заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 27 ақпандағы N 134 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру
1. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi N 724 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат):
4-тармақтағы ", оның iшiнде бiр бiрiншi" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.05.2010 № 454 Қаулысымен. (24.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
3. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1107 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 39, 518-құжат):
4-тармақтағы ", оның iшiнде бiр бiрiншi" деген сөздер алынып тасталсын.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 12.10.2007 № 943 Қаулысымен. (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
5. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
2-тармақтағы "төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi" деген сөздер "екi вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 523-құжат):
3-тармақтың екiншi абзацындағы "төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi" деген сөздер "екi вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 08.12.2007 № 1201 Қаулысымен. (06.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.04.2008 № 387 Қаулысымен. (08.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
9. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 528-құжат):
2-тармақтағы "төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi" деген сөздер "екi вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |