Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жауапты хатшыны тағайындаған күннен бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 26 және 27-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже
Бүкіл мәтін бойынша "тауар нарықтарында үстем (11.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(монополиялық) жағдайға ие нарық" сөздер "реттелетін нарық" сөздермен ауыстырылды, "табиғи монополиялар" сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" сөздермен толықтырылды, "мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау" сөздер "мұнай өнімдері мен газ, мұнайды тасымалдау" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 03.03.2009 № 237 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін, телекоммуникация және почта байланысы салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында реттеу және бақылау арқылы басшылықты, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың қызметін бақылау және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 10.10.2011 № 1204 Қаулыcымен. (30.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Агенттік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан іс-қимыл жасауға құқығы бар.
6. Агенттік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша Агенттік төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Агенттіктің құрылымы мен штат санын Агенттіктің Жауапты хатшысы бекітеді.
8. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.01.2010 № 48 Қаулысымен. (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Толық атауы - "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Агенттікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
13. Агенттіктің негізгі міндеттері:
1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
2) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін реттеу және бақылау;
3) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, газ, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімдерге, тауарларға және қызметтерге бағаларды реттеу;
5) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 10.10.2011 № 1204 Қаулысымен; (30.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
6) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 10.10.2011 № 1204 Қаулысымен; (30.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
7) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
8) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында (аясында) тұтынушылар мен қызмет берушілер арасындағы мүдделердің теңгерімін қамтамасыз ету;
9) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
10) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарықты қоспағанда, реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
11) берілген өкілеттіктер шегінде Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясында) бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2009 № 237, 10 (11.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз).10.2011 № 1204, 14.11.2011 № 1335 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
14. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында (аясындағы) мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуге қатысуды;
мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсету тәртібін бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуді;
өз құзыретінің шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды;
ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етуді;
2) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және бекітуді;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін, мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыруды және жүргізуді;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар аясының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілері осы сала шеңберінде ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетін қызметтер қатарына жатқызу мәніне талдау жүргізуді;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қалыптастыруға қатысу;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасайтын үлгі шарттарын әзірлеуді;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |