Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1817 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 439-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1817 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қазандағы
№ 943 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) телекоммуникация және почта байланысы аясындағы салаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау саласындағы басшылықты, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Агенттіктің ведомстволары жоқ.
Toggle Dropdown
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Агенттік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
6. Агенттіктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
9. Агенттіктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8.
Toggle Dropdown
10. Толық атауы - «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі» мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
11. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
12. Агенттік қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
13. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттік функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
2. Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
14. Агенттіктің миссиясы:
Toggle Dropdown
1) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың, сондай-ақ реттелетін нарықтарда баға белгілеуді мемлекеттік реттеу мен бақылаудың құқықтық негіздерін айқындау;
Toggle Dropdown
2) тұтынушылар мен табиғи монополиялар, реттелетін нарық субъектілері арасындағы мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу.
Toggle Dropdown
15. Міндеттері:
Toggle Dropdown
1) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мен бақылау;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімдерге, тауарлар мен қызметтерге бағаларды реттеу;
Toggle Dropdown
3) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында (аясында) тұтынушылар мен қызмет берушілер арасындағы мүдделердің теңгерімін қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
5) табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
6) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарықты қоспағанда, реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
7) бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу.
Toggle Dropdown
16. Агенттіктің функциялары:
Toggle Dropdown
1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аяларындағы) мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
Toggle Dropdown
2) өз құзыретінің шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
3) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
5) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Toggle Dropdown
6) табиғи монополиялар салаларына табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы сала шеңберінде реттеліп көрсетілетіндерге жатқызу мәніне талдау жүргізу;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін әзірлеу;
Toggle Dropdown
8) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларымен жасалатын үлгі шарттарды әзірлеу;
Toggle Dropdown
9) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін әзірлеу, бекіту және қолдану;
Toggle Dropdown
10) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытындылау және, оның негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
Toggle Dropdown
11) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен инвестициялық жобаларын іске асыру тиімділігінің мониторингі;
Toggle Dropdown
12) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне қарай саралау тәртібін бекіту;
Toggle Dropdown
13) белгілі бір қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарының және оларды лицензиялау қағидаларының жобаларын әзірлеу;
Toggle Dropdown
14) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін бекіту кезінде шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін әзірлеу, бекіту және қолдану;
Toggle Dropdown
15) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау туралы ақпаратына талдау жүргізу;
Toggle Dropdown
16) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту;
Toggle Dropdown
17) табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу;
Toggle Dropdown
18) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаларды бекіту;
Toggle Dropdown
19) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу;
Toggle Dropdown
20) табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекіту;
Toggle Dropdown
21) табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;
Toggle Dropdown
22) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;
Toggle Dropdown
23) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту;
Toggle Dropdown
24) табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын бекіту;
Toggle Dropdown
25) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерін бекіту;
Toggle Dropdown
26) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргізу;
Toggle Dropdown
27) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын табиғи монополиялар субъектілері және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен үлестес табиғи монополиялар субъектілерінің штат кестелерін келісу;
Toggle Dropdown
28) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын табиғи монополиялар субьектілерінің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен үлестес табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісу;
Toggle Dropdown
29) табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын шығындардың жылдық сметасын келісу;
Toggle Dropdown
30) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындау;
Toggle Dropdown
31) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялау;
Toggle Dropdown
32) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға төлемақы алу мөлшері мен тетігін келісу;
Toggle Dropdown
33) табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарына қайта бағалау жүргізуді келісу;
Toggle Dropdown
34) тағайындалатын оңалту басқарушысының кандидатурасын және табиғи монополия субъектісінің оңалту жоспарын келісу;
Toggle Dropdown
35) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу әдістемесін келісу;
Toggle Dropdown
36) табиғи монополия субъектісінің есепке алу саясатын келісу;
Toggle Dropdown
37) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және (немесе) инвестициялық жобаларын бекіту;
Toggle Dropdown
38) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ саласындағы, реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу;
Toggle Dropdown
39) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімдерге, тауарларға және қызметтерге бағаларды реттеу;
Toggle Dropdown
40) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарт жасасу;
Toggle Dropdown
41) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдарға жеке тарифтерді бекіту;
Toggle Dropdown
42) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін ресми интернет-ресурста жүргізу, орналастыру және он күн сайын жаңартып отыру;
Toggle Dropdown
43) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін анықтау;
Toggle Dropdown
44) лицензиялардың тізілімін жүргізу;
Toggle Dropdown
45) өз құзыретінің шегінде жұмылдыру жұмыстарын және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
46) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы бұзу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жағдайлары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету;
Toggle Dropdown
47) қуаттылығы аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілерінің инвестициялық бағдарламаларын келісу;
Toggle Dropdown
48) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес белгілеу;
Toggle Dropdown
49) қосарлас (шунттаушы) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау мен салуды және меншік нысанына қарамастан электр энергетикасы обьектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алуды-сатуды, жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруді келісу;
Toggle Dropdown
50) егер табиғи монополия субъектісінің иелігінен айыратын мүліктің немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнының 0,05 пайызынан асатын болса, олар табиғи монополия субьектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің өсуіне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берік байланыстағы технологиялық жүйенің бұзылуына, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемінің едәуір кемуіне әкеп соқпайтын жағдайда осындай іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама ұсынатын қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірісіне және ұсынылуына арналған мүлкін иеліктен айыруға және (немесе) оның мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісу;
Toggle Dropdown
51) осы іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің тасымалдайтын немесе өзіне берілетін, өзінің тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуын келісу;
Toggle Dropdown
52) мүлікті жалға алу шартын жасасу табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, берік байланыстағы технологиялық жүйенің бұзылуына, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемінің едәуір кемуіне әкеп соқпайтын жағдайда осындай іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнынан 0,05 пайыздан астам болатын реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікті жалға алуына келісуді;
Toggle Dropdown
53) осы іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген өзге де қызметті жүзеге асыруын келісу;
Toggle Dropdown
54) осы іс-әрекетгі жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуын, сондай-ақ оның «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен рүқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуын келісу;
Toggle Dropdown
55) осы іс-әрекетгі жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің қайта ұйымдастырылуын және таратылуын келісу;
Toggle Dropdown
56) жеке немесе заңды тулғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) оннан астам пайызын сатып алуын келісу;
Toggle Dropdown
57) магистральдық темір жол желілерінің операторы магистральдық және станциялық жолдармен кірме жолдарды жалғастырудан бас тартқан жағдайда шағымдарды қарау;
Toggle Dropdown
58) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін бақылау;
Toggle Dropdown
59) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу;
Toggle Dropdown
60) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану;
Toggle Dropdown
61) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда нұсқамалар шығару;
Toggle Dropdown
62) лицензиялық бақылау;
Toggle Dropdown
63) энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы үйымдардың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының көзделген талаптарды сақтауын өз құзыреті шегінде бақылау;
Toggle Dropdown
64) реттелетін нарықтар субъектілерінің баға белгілеуін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді және мемлекеттік реттеу енгізілген белгіленген бағаларды сақтауын бақылау.
Toggle Dropdown
17. Қүқықтары мен міндеттері:
Toggle Dropdown
1.тауар нарығын реттелетін нарыктарға жатқызу, оның ішінде мемлекет реттейтін бағаларды енгізу орынды болатын өнімдер, тауарлар мен қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
Toggle Dropdown
2) монополияға қарсы органға реттелетін нарықтарда қызметін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері немесе нарық субъектілері Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгілері анықталғаны туралы ақпаратты немесе материалдарды ұсынады;
Toggle Dropdown
3) монополияға қарсы органмен бірлесе отырып, нарық субъектілері Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуының жолын кесу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуге қатысады;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан,өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан және жеке тұлғалардан сұратады және алады;
Toggle Dropdown
5) реттелетін нарық субъектісіне:
Toggle Dropdown
бағаны көтеруге тыйым салу туралы;
Toggle Dropdown
қолданыстағы немесе жобаланған бағаны баға белгілеу тәртібіне сәйкес негізделген баға деңгейіне дейін төмендету туралы дәлелді қорытынды шығарады;
Toggle Dropdown
6) реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
7) реттелетін нарық субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттейді;
Toggle Dropdown
8) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлғаның біліктілік талаптарға сәйкес келуіне қоршаған органы қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қауіпсіздік пен мемлекеттік энергетикалық қадағалау, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік органдарға сауалдар жолдайды;
Toggle Dropdown
9) табиғи монополиялар субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда тұтынушылармен табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне арналған шарттарды жасасу, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындауға міндетті нұсқамалар шығарады,
Toggle Dropdown
10) табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзған жағдайда, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыру туралы және (немесе) мүлікті иеліктен айыру туралы орындауға міндетті нұсқамалар енгізеді;
Toggle Dropdown
11) реттелетін нарық субъектілерінің «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттемелерді орындауы туралы оларға орындауға міндетті нұсқамаларды енгізеді;
Toggle Dropdown
12) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің тарифтік сметаларын оларға белгіленген тәртіппен өзгертуге бастамашылық етеді;
Toggle Dropdown
13) сотқа жүгінеді;
Toggle Dropdown
14) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, қызметтеріне) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) қолданыс мерзімін белгілейді;
Toggle Dropdown
15) табиғи монополиялар субъектілеріне нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету мерзімдерін және шамасын белгілейді;
Toggle Dropdown
16) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге төлемақы мөлшерін бекітеді;
Toggle Dropdown
17) қалалардың, аудандардың және облыстардың жылу, электр, газ таратушы желілерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту жоспарларын келіседі;
Toggle Dropdown
18) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізеді, оның негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;
Toggle Dropdown
19) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
Toggle Dropdown
20) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жанынан сараптамалық кеңестер мен өзге де консультативтік-кеңесші органдар құрады;
Toggle Dropdown
21) тексерулер мен сараптамалар жүргізу үшін басқа да ұйымдардан мамандарды тартады;
Toggle Dropdown
22) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын олар қабылдаған актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
23) прокуратура органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін материалдар мен нормативтік құқықтық актілерді жолдайды;
Toggle Dropdown
24) өз құзыретінің шегінде табиғи монополиялар салаларындағы бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарын болдырмау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері бойынша шешімдер» қабылдайды;
Toggle Dropdown
25) өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін аумақтық органдарға береді.
Toggle Dropdown
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
Toggle Dropdown
18. Агенттікті басқаруды оның бірінші басшысы жүзеге асырады, ол Агентікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады.
Toggle Dropdown
Агенттіктің бірінші басшысы - Агенттік төрағасы болып табылады.
Toggle Dropdown
19. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Toggle Dropdown
20. Агенттіктің төрағасында Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Toggle Dropdown
21. Агенттік төрағасының өкілеттілігі:
Toggle Dropdown
1) Агентіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аяларындағы) реттеу мен бақылау жөніндегі басым мақсаттарды және міндеттерді айқындайды;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялар беру туралы шешім қабылдайды;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Агенттік туралы ережені бекітуге ұсынады;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық, уйлестіруді қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
5) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-әрекеттерге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Toggle Dropdown
6) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
Toggle Dropdown
7) Агенттік құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді қабылдайды;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттікті білдіреді,
Toggle Dropdown
9) Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;
Toggle Dropdown
10) Агенттіктің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
11) Агенттік өз құзыретіне байланысты мүдделі нормативтік қүқыктық актілердің жобаларын келіседі және оларға қол қояды;
Toggle Dropdown
12) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
Агенттіктің төрағасы болмаған кезеңде өзінің өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Toggle Dropdown
22. Агенттіктің төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Toggle Dropdown
23. Агентікті басқарудың алқалы органы жеті адамнан тұратын басқарма болып табылады.
Toggle Dropdown
Агенттіктің басқармасын Агенттіктің төрағасы басқарады.
Toggle Dropdown
Агенттік басқармасының құрамына Агенттіктің төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері кіреді.
Toggle Dropdown
Агенттік басқармасының Қазақстан Республикасы Үкіметінен мүшелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және босатады.
Toggle Dropdown
Агенттік басқармасының құзыретіне мынадай мәселелер кіреді:
Toggle Dropdown
1) мынадай шешімдер қабылдау:
Toggle Dropdown
табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітусіз әдістемелерін бекіту;
Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекіту;
Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;
Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту;
Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;
Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдік тарифтерді бекіту;
Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту;
Toggle Dropdown
уақытша төмендету коэффициентін белгілеу туралы;
Toggle Dropdown
2) бағаларды реттеу мәселелерін қарау:
Toggle Dropdown
темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, сондай-ақ «Газ жэне газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды өзгертуге хабарламаларды қарау; 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеу мәселелерін қарау;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жолданатын Агенттік туралы ережені қарау және мақұлдау;
Toggle Dropdown
Агенттік басқармасының отырыстарын өткізу тәртібі Агенттік регламентінде айқындалады.
Toggle Dropdown
Агенттік басқармасының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі.
Toggle Dropdown
Агенттіктің басқармасы жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, Агенттіктің құзыретіне кіретін кез келген мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
Toggle Dropdown
Басқарманың шешімдері басқарма мүшелерінің, оның ішінде Агенттіктің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға болуға тиісті жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда басқарма мүшелерінің көпшілік қарапайым дауысымен қабылданады.
Toggle Dropdown
Басқарма отырысында қабылданған шешімдер Агенттік басқармасының қаулысымен ресімделеді және Агенттік төрағасының шешімдерін қабылдауға негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
Дауыстар тең болған жағдайда басқарма төрағасының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлғаның дауысы шешуші болып табылады.
Toggle Dropdown
24. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Агенттік төрағасы басқарады.
Toggle Dropdown
4. Агенттіктің мүлкі
Toggle Dropdown
25. Агенттіктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
Toggle Dropdown
Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ Агенттіктің теңгеріміндегі құны көрсетілетін өзге де мүлік есебінен қалыптасады.
Toggle Dropdown
26. Агенттікте бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Toggle Dropdown
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттік өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
5. Агенттік қайта ұйымдастыру және тарату
Toggle Dropdown
28. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Агенттіктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
5.Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
9. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
10. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
Toggle Dropdown
11. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
12. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
13.Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті
Toggle Dropdown
14.Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
15. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
16. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті.