Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 4, 27-құжат):
5.8-кіші бөлімнің бесінші және оныншы абзацтарында «веб-сайты», «веб-сайт» деген сөздер «интернет-ресурсы», «интернет-ресурс» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламента туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
120-тармақтың екінші абзацындағы «web-сайтын» деген сөздер «интернет-ресурсын» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 143-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесінде:
12-тармақтың 9) тармақшасында «веб-сайт» деген сөздер «интернет-ресурс» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 204-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережеде:
3-тармақтың екінші абзацындағы, 9-тармақтың үшінші абзацындағы, 18-тармақтағы «сайттарын», «сайтына», «сайтында» деген сөздер «интернет-ресурстарын», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25,257-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың ережесінде:
50-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацындағы «веб-сайты» деген сөздер «интернет-ресурсы» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысында (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 354-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесінде:
7-тармақтың 5) тармақшасындағы және 24-тармақтағы «WEB-сайттардағы», «WEB-сайтында» деген сөздер «интернет-ресурстардағы», «интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
9. «Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 451-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесінде:
4-тармақтағы «веб-сайттарда» деген сөздер «интернет-ресурстарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1153 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 43, 477-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Мұрағат ісі мен құжаттама жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау» деген 3-бөлімнің он екінші абзацындағы, «Мұрағаттық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету» деген 5.2-кіші бөлімнің бесінші абзацындағы «Web-сайты» деген сөздер «интернет-ресурсы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 8-бөлімнің 2-кіші бөлімі реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағанындағы «Web-сайтының» деген сөздер «интернет-ресурсының» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1243 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 517-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасында:
бүкіл мәтін бойынша «веб-сайты» деген сөздер «интернет-ресурсы» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 50, 540-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Қазақстандағы бәсекелестікті дамытудың қазіргі заманғы жай-күйін және проблемаларын талдау» деген 3-бөлімнің бір жүзінші абзацындағы, «Монополияға қарсы органның жұмысы қағидатының айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету» деген 5.6-кіші бөлімде «WEB-сайттың», «WEB-сайтын», «WEB-сайты», «Интернет-сайтында», «WEB-сайттан», «WEB-сайтта» деген сөздер «интернет-ресурстың», «интернет-ресурсын», «интернет-ресурсы», «интернет-ресурсында», «интернет-ресурстан», «интернет-ресурста» деген сөздермен ауыстырылсын.
«Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімнің реттік нөмірі 10-жолының 2-бағанындағы «WEB-сайтын» деген сөздер «интернет-ресурсын» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 346 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Валюта нарығы және бағалы қағаздар нарығы» деген 3.4-кіші бөлімнің реттік нөмірі 3.4.3-жолының 3-бағанындағы «веб-сайттарында» деген сөздер «интернет-ресурстарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 278-құжат):
7-тармақтың 6) тармақшасындағы «веб-сайттарда» деген сөздер «интернет-ресурстарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың веб-сайттарына орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 қаулысында:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |